KZ RU

Жұмбақтар жауабымен

Ответы на загадки жұмбақтар жіп жіңішке денесі ортасында шегесі www.erketai.kz сайты жұмбақтардың шешуін табу.

Мəтінде көрсетілген www.erketai.kz сайтын пайдаланып, жұмбақтардың шешімін тап. Жұмбақтардың күшейтпелі шырайы бар сөйлемді көшіріп жаз. (ответы на загадки)

Түп нұсқасы халық аты екі шеткі әрпін қысқартса қазақтың қарты.

Жауабы: (Халық аты: Татар
ал осы тАТАр сөзінен екі шеткі әрпін алсақ -> Қазақтың қарты: АТА сөзі шығады)

Ызақор бұғып жатыр,

Сақалы шығып жатыр.
(жуа)

Көлді жердің, Үкілі аруы. Өткір желдің, Саз тартар қаруы. Жауабы: Қамыс

Колди жердин укили аруы, Откир желдин саз тартар каруы

Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады.
(жуа)

***

Іледе бар,Жайықта жоқ.Түйеде бар,Балықта жоқ жұмбақтын жауабы (Е әріпі)

Бұл не деген көп киім, жетпіс қабат көп киім.
Жаңбыр одан өтпейді, қабат-қабат тоны бар, түймелеуге жетпейді.
(орамжапырақ)

***

Жіп-жіңішке денесі, Ортасында шегесі.

(қарындаш)

***

Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр
(қызылша)

***

Сырты жасыл қатты
Іші қызыл тәтті.
(қарбыз)

***

Жерде жатып желіндейді,
Күз түскенше желінбейді.
(қауын)

***

Көк лағым көгенде жатып семіреді.
(Қарбыз)

***

Жасыл ала дөңгелек,
Бақшада жатыр дөңгелеп.
(қарбыз)

***

Әр желінің асты толған көк қоян,
Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям.
(қияр)

***

Бұтағында азығы
Ортасында азығы.
(алма) 

***

Ақ құман жүр жүзіп.
Су бетін сүзіп.
(аққу)

***

Бес қаруы белінде
Самғап жүреді көгімде.
(бүркіт)

Бір-ақ сөз біледі, Өз аты онысы.
Соны айтып жүреді және жоқ қонысы.
(көкек)

***

Талдың басында, жемі бар қасында,
Там тұр саялы, достары аялы.
(құс ұясы)

***

Ағайынды бәрі:
Шықса-көк, Түссе-сары.
(жапырақтар)

***

Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл.
(ұстаз)

***

Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
(кітап)

***

Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған.
(бор)

Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы.
(мектеп)

***

Қиналып көтеріп, Өзінен ауырды.
Жорғалап кетеді, Жүкшідей кәдімгі.
(құмырсқа)

***

Бейбітшілік құсы деп,
Атайды оны барша жұрт.
(көгершін)

***

Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды.
(ағаш)

***

Қолы бар, Саусағы жоқ.
Мойны бар, Басы жоқ.
(көйлек)

***

Ұшады қанатсыз,
Зырлайды аяқсыз.
(Зымыран)

***

Беттескен қос табақ, Ортасында бас тамақ.
Киізбен шоққа ораса, Дәм піседі тамаша.

(таба нан)

***

Үсті тас,асты тас,
Ортасында піскен ас.
(нан)

***

zhumbakhtar-zhauabimen

Тырау-тырау тырналар, Тау басына жорғалар.
Еті арам,сорпасы адал, Ол не балалар?
(аралар)

***

Уақытты өлшеп, санап,
Таппайды бір тағат. Бұл не сонда?…
(сағат)

***

Қозғалмастан бір елі,
Түні бойы жүреді.
(сағат)

***

Үш тілі бар,
Тықылдаған үні бар
(сағат)

***

Ұзын мойны, Екі ішек, Қатар-қатар тепкішек.

Басып көрсең бір-бірлеп, Үн шығады күмбірлеп.

(домбыра)

***

Көтеріліп теңізден, Аспанға биік барамын.
Өрінен мен түскенде, Өңі кірер даланың.
(жаңбыр)

***

Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.
(күн)

***

Аспанда алып доп,
Жарқырайды жарық боп.
(күн)

***

Тырс-тырс тамады,
Сайға қарай ағады.
(жаңбыр)

***

Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр,
Дабылдап дабылын ол қағып тұр.
(найзағай)

***

Жаңбыр жауып басылды, Аспан шайдай ашылды.
Қызыл,сары,жасылды, Көкте бір зат асылды.
(кемпірқосақ)

***

Терезені өрнектеп, Әдемі сурет салыпты.
Кім екенін табайық, Көрінбей кетіп қалыпты.
(аяз)

***

Сумен кірді ашады,
Өзі судан қашады.
(сабын)

***

Әдемі түнде,
Мен жүрсем,жүреді бірге.
(ай)

***

Дәмін таттсаң –тәтті-ақ,
Түсін көрсең- әппақ.
(қант)

***

Екі басты айдаһар, Бәрін қырып жояды.
Екі аяқпен жер тіреп, Қағазды жеп қояды.
(қайшы)

***

Пешсіз піскен
Ыдыссыз ішкен.
(ана сүті)

***

Аяғы жоқ, жүреді,
Сылқ-сылқ күледі.
(бұлақ)

***

Мұрты бар, сақалы жоқ,
Тоны бар, шапаны жоқ.
(мысық)

***

Белі бүкір,
Алысқа түкір.
(мылтық)

***

Қыстай жегіп қос атты,
Көктем шыға босаттым.
(шаңғы)

***

Шіркіннің өзіне обал-ақ,
Жүреді аяқта домалап.
(доп)

***

Үрлесең жеп-жеңіл, Елпілдеп кетеді.
Ұшырсаң, көк-теңбіл, Бұлтқа да жетеді.

(шар)

***

Қарап тұрсаң өзіңе, Сурет түсер көзіңе.
Ол суретің ұқсайды, Тура сенің өзіңе
(айна)

***

Үш көзді батыр
Жолды аңдып жатыр.
(Бағдаршам)

***

Әрі төсек,әрі үй.
Иесі оның сәби.
(Бесік)

***

Шұқшитқан кеп әуелі, Сені әрбір әріпке.
Суреттері әдемі, Бұл қай кітап?
(әліппе)

***

Көреді бәрін өзгенің,
Көрмейді бірақ өздерін
(көз)

***

Керек санды тересің,
Елге сәлем бересің.
(телефон)

***

Айбат шеккен алыстан
Аң патшасы……

(арыстан)

***

Өзінше ноян
Қорқақ кім?
(қоян)

***

Далада жүр шапқылап
Керемет бір саққұлақ.
(қоян)

***

Тәтті көрсе бас салар,
Айнымайды баладан.
(аю)

***

Қаңғырамын үйім жоқ, Ауылдардың қойы көп.
Ұрлық,зорлық кәсібім, Тамақтанар-нәсібім.
(қасқыр)

***

Түрі -жылқы бейнесі,
Жолақ-жолақ жейдесі.
(зебра)

***

Тонын киіп туған,
Жалап бетін жуған.
(мысық)

***

Аяғы бар,басы бар,
Арқасында тасы бар.
(тасбақа)

***

Орманда- тұрағы
Тоқ-тоқ етіп тұрады.
(тоқылдақ)

***

Басында үшкір істігі бар,

Өзіне лайықтап тон пішкен, Секіріп тастан түскен.
(ешкі)

***

Бұл не қылған ер еді? Қандай мықты жүрегі.
Түздің маңғаз түлегі, Бір ұрттам су татпастан,
Мың шақырым жүреді.
(түйе)

***

Басында мүйізі бар,
Үстінде киізі бар.
(сиыр)

***

Екі найзасы бар, Екі айнасы бар.
Төрт аяғы бар, Бір таяғы бар.

(сиыр)

***

Аспанда жүзеді, қанатын қақпайды
жерде де жүреді, бауырлап жатпайды
(ұшақ)

***

Бір-біріне қарай үйлер тіркесіп,
Қара тұлпар жүр әрі-бері көшіп.
(поезд)

***

Сымға асылып, Жүр асығып.
Дыз-дыз етіп жүрегі, Сымнан ұстап жүреді.
Өзіне адам мінеді, Ол не,ал кім біледі?

(троллейбус)

Жұмбақтар Жинағы Жауабымен видеосын көріңіздер сіздерге ұнаса каналымызға жазылыңыздар! Біздің Ютуб Канал ERKETAI.KZ

Достарыңызбен бөлісіңіз
WhatsApp Telegram

Балалар туралы пайдалы ақпарат — Erketai-дың Telegram арнасында.

Erketai-ға жазылу

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз. Сұрағыңыз болса, мына сілтемені басыңыз.

Пікірлер: 399

  • Жумбак жауабы керек
    Италияда туып оскен
    Мактан туткан отбасын
    Карапайым пияз емес
    Сенимди дос, сырласын

  • Сәлеметсіздер ме? Мына жарияланған жұмбақтар легі өте жақсы екен. Балалардың жұмбақтың жауабын тез табуына және жаттап алуларына да жақсы. Сөздері де айтарлықтай ауыр емес екен. Маған ұнады. Көбіне балабақшада оқу қызметтерін ұйымдастырғанда сабақтың тақырыбы мен мазмұны не жайында екенін ашу үшін алдымен жұмбақтар жасыру арқылы ашуға болатын немесе сабақты түсінікті етіп толықтыру мақсатында ортасында қойылатын. Балаларға жасыратын жұмбақтарды осыдан алсам болады екен. Маған көмек болатын болды. Рахмет

  • Бамб бамб басы бар
    Алтын ерлер қасы бар
    Осыны тапқан адамның
    125 жасы бар

  • Саламатсыздарма, жауабын бересіздерме?
    1)Үрлесең-жеп-женіл,
    Ерпілдеп кетеді.
    2)Ұшырсаң-көк теңбіл,
    Бұлтқада жетеді.
    3)Керек санды тересің,
    Елге сәлем бересің

    • Құрып қойған өрмегін,
      Ұршықтарын ойнатып.
      Сәнді мата өрненін
      Жасайтын кім жайнатып?

      Дәмі де жоқ, түсі жоқ,
      Пайдаланбас кісі жоқ.

      Төрт ұзын аяғы бар,
      Басында тарам-тарам таяғы бар.

      Ал табыңыздар

  • Жұмбақтар өте қызық екен

  • жұмбақтар қызық екен

  • Далада жасыл базарда кара уйде кызыл. жауабын былесыздерма

  • ТАБИГИ ДАРЫН, ЕРЕКШЕ КАБИЛЕТ. Жауабын айтасыздар ма?

  • туп нускасы халык аты еки шетки арпн кыскартса казактын карты

  • жогарыда турады барин ойлап турады коссам егер бир буын китап журнал шыгады. Бул не?

  • жұмбақтар өте көп екен.өзіме жүктеп алдым.суретті балаларға арналған болса тіпті жақсы болар еді.Бұл жержде жұмбақтың бірнеше түрі бар екен сипаттама жұмбақ,ұйқас жұмбақ.Бұл баланың ойлау қабілетін жетілдіріп қоймай сөйлеуін дамытуғада көп көмегін тигізеді.

  • Несібелі

  • күшті

  • бізде осы жерге жұмбақ жазсақ болама болса қай жерге жазады

    • Ия болады, барлығымыз жауабын табуға тырысамыз.Пікір жазу формасына жазыңыз.

  • Жұмбақтар көп екен барлығын оқып тауса алмадым.Бірақ сайтты өзіме сақтап алдым.Керек кезінде оңай тауып аламын.Көп рахмет жұмыстарыңызға.

  • Жұмбақтар жауабымен және жауапсыз жұмбақтар етіп жарияласаңыздар жақсы болар еді ойын ретінде осы бетте шешіп немесе кішігірім конкурс ұйымдастырып дегендей.Кім келіседі?

  • Ашылады.

  • Ара?

  • Желкеде турагы,
    Унеми ойлап турады.
    Коссам егер бир буын
    Ел баскарып шыгады
    бул не?

  • Мен вкымды жазып кірдім неге маған ашпай жатыр жасырып бөлігі ??????

  • 4 әрпі сұрақ 4 әрпі сұраққа жауап бұл не

  • щ арпи

  • Туғаннан біргемін,
    Бірақ санын білмеймі.
    Білсеңіздер жауабын айтып беріңіздерші.

  • Салеметсиздер ме! Жауабын айтып жиберини
    зши.
    Таттиде жок,
    Ащыда бар.
    Каттыда жок,
    Тущыда бар.

  • КЕЛІН ЕСІК АШТЫ КЕМПІР ТОҢҚАЛАҢ АСТЫ БҰЛ НЕ КІМ БІЛЕДІ АЙТЫҢЫЗДАРШЫ

  • суттен аппак судан таза бул не айтыныздаршы пажалуйса

  • Өте керемет екен

  • помогите пожалуйста Тарагым бар-таралмаймын Орагым бар-оралмаймын
    Сакалым бар ал бырак Мен ак сакал болаалмаймын шешу

  • норм

  • жаксы

  • Өте жақсы Маған өте қатты ұнады…

  • Қарны тойса
    Бой көтереді
    Қарны ашса,
    Жата кетеді

  • Балмуздак туралы жумбак табуга комектесесиндер ме?!

    • татти татти ар турлы ар адамдарды жаулап алады

      • Жұмбақтар бастауыш сынып оқушыларына өте пайдалы

  • жұмбақ Үлпілдеген аппағым, Өзім күтіп, батпадым. Күзде сыймай қапшыққа, Айла, амал таппадым

  • Қауырсыны көгілдір, Кішкене құс, Беткейде өріп жүр.Деген жұмбақ жоқпа?? және жауабы жоқ па?

  • мақалдар көп екен

  • маган ұнады

  • Төрт қызметші,
    Бір патша.

    Мені ешкім түсінбейді, неге?

  • Каменка орта мектебінің 4-сынып оқушысы Арсакова Жұлдыздың шығармасы.
    Мұғалім: Алымханова Салтанат Кабдылкамитовна

    Үрмеймін, секірмеймін,
    Бірақ үйге кіргізбеймін. (Қ***п)

    Тықылдыайтын сағат емеспін,
    Адамдарды оятуға келемін. (Ә***)

    Өзі жәндік, тамақты ластайды.(Шы***)
    Жауабын табыңыздар.

  • Тоқсары емес сары,
    Дөңгелек емес сопақша,
    Көкініс емес жеміс.
    Бұл не ? Л****

  • Керек санды тересің,
    Елге сәлем бересің,
    көмектесіңдеррр

  • мына жұмбақтың шешуі қалай? Алыстан әкеп хабарды қуантар барлық адамды

  • маган сан есим туралы жумбак бериндерш

  • торғай туралы барма

  • Достар, мына жұмбақтың шешімін кім біледі?

    Темiр қайшы-қос қайшы
    Шығыршықсыз бос қайшы
    Еңбеккерге дос қайшы
    Ерiншекке қас қайшы

  • неге киын жумбактар жок

    • Білсеңіз сіз жазыңыз, қалғанымыз шешіп көрейік)

  • Сан туралы жумбак барма??

  • әрі шешен әрі әнші әрі күйші
    әр үйде бар тапқышым кәне білші

  • ракмет

  • сағат

1 2 3 4 5 6 7