Жұмбақтар жауабымен
Мазмұны
Ответы на загадки жұмбақтар жіп жіңішке денесі ортасында шегесі www.erketai.kz сайты жұмбақтардың шешуін табу.
Мəтінде көрсетілген www.erketai.kz сайтын пайдаланып, жұмбақтардың шешімін тап. Жұмбақтардың күшейтпелі шырайы бар сөйлемді көшіріп жаз. (ответы на загадки)
Түп нұсқасы халық аты екі шеткі әрпін қысқартса қазақтың қарты.
Жауабы: (Халық аты: Татар
ал осы тАТАр сөзінен екі шеткі әрпін алсақ -> Қазақтың қарты: АТА сөзі шығады)
Ызақор бұғып жатыр,
Сақалы шығып жатыр.
(жуа)
Көлді жердің, Үкілі аруы. Өткір желдің, Саз тартар қаруы. Жауабы: Қамыс
Колди жердин укили аруы, Откир желдин саз тартар каруы
Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады.
(жуа)
***
Іледе бар,Жайықта жоқ.Түйеде бар,Балықта жоқ жұмбақтын жауабы (Е әріпі)
Бұл не деген көп киім, жетпіс қабат көп киім.
Жаңбыр одан өтпейді, қабат-қабат тоны бар, түймелеуге жетпейді.
(орамжапырақ)
***
Жіп-жіңішке денесі, Ортасында шегесі.
(қарындаш)
***
Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр
(қызылша)
***
Сырты жасыл қатты
Іші қызыл тәтті.
(қарбыз)
***
Жерде жатып желіндейді,
Күз түскенше желінбейді.
(қауын)
***
Көк лағым көгенде жатып семіреді.
(Қарбыз)
***
Жасыл ала дөңгелек,
Бақшада жатыр дөңгелеп.
(қарбыз)
***
Әр желінің асты толған көк қоян,
Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям.
(қияр)
***
Бұтағында азығы
Ортасында азығы.
(алма)
***
Ақ құман жүр жүзіп.
Су бетін сүзіп.
(аққу)
***
Бес қаруы белінде
Самғап жүреді көгімде.
(бүркіт)
Бір-ақ сөз біледі, Өз аты онысы.
Соны айтып жүреді және жоқ қонысы.
(көкек)
***
Талдың басында, жемі бар қасында,
Там тұр саялы, достары аялы.
(құс ұясы)
***
Ағайынды бәрі:
Шықса-көк, Түссе-сары.
(жапырақтар)
***
Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл.
(ұстаз)
***
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
(кітап)
***
Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған.
(бор)
Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы.
(мектеп)
***
Қиналып көтеріп, Өзінен ауырды.
Жорғалап кетеді, Жүкшідей кәдімгі.
(құмырсқа)
***
Бейбітшілік құсы деп,
Атайды оны барша жұрт.
(көгершін)
***
Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды.
(ағаш)
***
Қолы бар, Саусағы жоқ.
Мойны бар, Басы жоқ.
(көйлек)
***
Ұшады қанатсыз,
Зырлайды аяқсыз.
(Зымыран)
***
Беттескен қос табақ, Ортасында бас тамақ.
Киізбен шоққа ораса, Дәм піседі тамаша.
(таба нан)
***
Үсті тас,асты тас,
Ортасында піскен ас.
(нан)
***

Тырау-тырау тырналар, Тау басына жорғалар.
Еті арам,сорпасы адал, Ол не балалар?
(аралар)
***
Уақытты өлшеп, санап,
Таппайды бір тағат. Бұл не сонда?…
(сағат)
***
Қозғалмастан бір елі,
Түні бойы жүреді.
(сағат)
***
Үш тілі бар,
Тықылдаған үні бар
(сағат)
***
Ұзын мойны, Екі ішек, Қатар-қатар тепкішек.
Басып көрсең бір-бірлеп, Үн шығады күмбірлеп.
(домбыра)
***
Көтеріліп теңізден, Аспанға биік барамын.
Өрінен мен түскенде, Өңі кірер даланың.
(жаңбыр)
***
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.
(күн)
***
Аспанда алып доп,
Жарқырайды жарық боп.
(күн)
***
Тырс-тырс тамады,
Сайға қарай ағады.
(жаңбыр)
***
Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр,
Дабылдап дабылын ол қағып тұр.
(найзағай)
***
Жаңбыр жауып басылды, Аспан шайдай ашылды.
Қызыл,сары,жасылды, Көкте бір зат асылды.
(кемпірқосақ)
***
Терезені өрнектеп, Әдемі сурет салыпты.
Кім екенін табайық, Көрінбей кетіп қалыпты.
(аяз)
***
Сумен кірді ашады,
Өзі судан қашады.
(сабын)
***
Әдемі түнде,
Мен жүрсем,жүреді бірге.
(ай)
***
Дәмін таттсаң –тәтті-ақ,
Түсін көрсең- әппақ.
(қант)
***
Екі басты айдаһар, Бәрін қырып жояды.
Екі аяқпен жер тіреп, Қағазды жеп қояды.
(қайшы)
***
Пешсіз піскен
Ыдыссыз ішкен.
(ана сүті)
***
Аяғы жоқ, жүреді,
Сылқ-сылқ күледі.
(бұлақ)
***
Мұрты бар, сақалы жоқ,
Тоны бар, шапаны жоқ.
(мысық)
***
Белі бүкір,
Алысқа түкір.
(мылтық)
***
Қыстай жегіп қос атты,
Көктем шыға босаттым.
(шаңғы)
***
Шіркіннің өзіне обал-ақ,
Жүреді аяқта домалап.
(доп)
***
Үрлесең жеп-жеңіл, Елпілдеп кетеді.
Ұшырсаң, көк-теңбіл, Бұлтқа да жетеді.
(шар)
***
Қарап тұрсаң өзіңе, Сурет түсер көзіңе.
Ол суретің ұқсайды, Тура сенің өзіңе
(айна)
***
Үш көзді батыр
Жолды аңдып жатыр.
(Бағдаршам)
***
Әрі төсек,әрі үй.
Иесі оның сәби.
(Бесік)
***
Шұқшитқан кеп әуелі, Сені әрбір әріпке.
Суреттері әдемі, Бұл қай кітап?
(әліппе)
***
Көреді бәрін өзгенің,
Көрмейді бірақ өздерін
(көз)
***
Керек санды тересің,
Елге сәлем бересің.
(телефон)
***
Айбат шеккен алыстан
Аң патшасы……
(арыстан)
***
Өзінше ноян
Қорқақ кім?
(қоян)
***
Далада жүр шапқылап
Керемет бір саққұлақ.
(қоян)
***
Тәтті көрсе бас салар,
Айнымайды баладан.
(аю)
***
Қаңғырамын үйім жоқ, Ауылдардың қойы көп.
Ұрлық,зорлық кәсібім, Тамақтанар-нәсібім.
(қасқыр)
***
Түрі -жылқы бейнесі,
Жолақ-жолақ жейдесі.
(зебра)
***
Тонын киіп туған,
Жалап бетін жуған.
(мысық)
***
Аяғы бар,басы бар,
Арқасында тасы бар.
(тасбақа)
***
Орманда- тұрағы
Тоқ-тоқ етіп тұрады.
(тоқылдақ)
***
Басында үшкір істігі бар,
Өзіне лайықтап тон пішкен, Секіріп тастан түскен.
(ешкі)
***
Бұл не қылған ер еді? Қандай мықты жүрегі.
Түздің маңғаз түлегі, Бір ұрттам су татпастан,
Мың шақырым жүреді.
(түйе)
***
Басында мүйізі бар,
Үстінде киізі бар.
(сиыр)
***
Екі найзасы бар, Екі айнасы бар.
Төрт аяғы бар, Бір таяғы бар.
(сиыр)
***
Аспанда жүзеді, қанатын қақпайды
жерде де жүреді, бауырлап жатпайды
(ұшақ)
***
Бір-біріне қарай үйлер тіркесіп,
Қара тұлпар жүр әрі-бері көшіп.
(поезд)
***
Сымға асылып, Жүр асығып.
Дыз-дыз етіп жүрегі, Сымнан ұстап жүреді.
Өзіне адам мінеді, Ол не,ал кім біледі?
(троллейбус)
Жұмбақтар Жинағы Жауабымен видеосын көріңіздер сіздерге ұнаса каналымызға жазылыңыздар! Біздің Ютуб Канал ERKETAI.KZ
Балалар туралы пайдалы ақпарат — Erketai-дың Telegram арнасында.
Erketai-ға жазылу
дыз-дыз етiп жэрегэ, сымнан отэп журедэ
электр тогы
троллейбус
буйра тулымы
желмен ойнайды.
кызыл мурыны
жерге бойлайды
кызылша?
маган бул жумбак унады енды маган сагат туралы керек
!
Əдемі Қасымова жұмбақтың шешімін таптың ба? Ол есепшот қой
Су
норм
тосек астында 4 бауырсак ЖАУАБЫ:
сиыр
Сыйыр?
Өте керемет
бұлақ
Жуз тор т туйме
Он бир ине
Жауабы?
оймақ
Есепшот
Кеширесиздер
Жуз бир туйме
Он бир ине
Жауабын айтасыздарма
Оймақ
Есепшот
Аяғы жоқ жүреді
Сылқ-сылқ куледі. Деген жұмбақтың жауабы қалай?
Меніңше су
Malades kim jassada rahmet kop kop
сәлеметсіздерме өте жакы сайт маган жаңа жыл туралы ән керек бірак таппадым рахмет сайт үшін
тагы жумбак тезирек каникуль битейин деп калт мен оте катан адамынь сондыктан теззз тусиндиниздер ма коп болсын
оте жаксы бырак маган кишкентай жумбактар керек сол ушин 4
Жаман емес
Сәлеметсіздерме маған улттык ойын, бұйымдар туралы жұмбақ керек еди.
Jumbaktar ote kushti
Аппақ қардай тоны
Күжіриген тоны
Көзі қызыл моншақ
Білесің бе оны?
Көмектесіп жіберініздерші жауабына
Оте жаксы
Жаксы жумбактар нагыз сабакка керек
Kalaysindar
Жұмбақ тарға болмайдыма
Ақ сандығым ашылды ішінен жібек шашылады жауабы
Қара үнгірде қара тас жанғанда бетті қаратпас ренжімесен із жауабын тезірек жіберуін ізді сұраймын
Қияр туралы жұмбақ таптым. Жұмбақтар жақсы жинақталған. Авторға үлкен рахмет!
Мммм бидай туралы жумбак жок!
Рахмет сиздерге, издеген жумбактарымды таптым. Казакша тилашар ойындар болса.
дәнді дақылдар туралы жұмбақ қайда
неге ана туралы жок.
Я не поняла здесь есть бидай туралы жумбак?
қызықты жұмбақтар маған керек болады яғни мен оқушымын ғой
оте оте унады коптеген асер етти
Ой көп рахмет сіздерге
тамаша тек әлі қосу керек
көп көп рахмет маған коп комегі тиді кккккккккккррррррррррррррррууууууууууууууттттттооооооооооооо
маған жүмбақтар өте үнады бірақ іздеген жүмбағымды таппадым
өте керемет
керемет
маган баскалари керек
Ағылшын тіліндегі жұмбақтар жауабымен
неге өсімдік туралы жоқ соны маған тауып беріндерші или жиберинишши отиниш өте қажет
Өте қызықты жұмбақтар рахмет !
менде рахмет айтам кзыктыыыыыыыыыыы гой
маған бұл сайт өте қатты ұнады.Енді мен бұл сайттан жұмбақтар алып тұрамын. Мына сайттың Авторына көп-көп рахмет!
РАХМЕТ!
расында да, АДЭЛЬ жақсы керемет сайт екен
erten karatege baruim kerek
сау саламаттттттта болыныздар ауырманыздар чао -bai-bai
балалар алемiне кiшкне болсада саяхат жасадым коооооооооооооооооооооооооооооооппппррппппп рахмет