KAZ RUS

«Қайрымдылық» тақырыбына ашық сабақ

1000 нан аса көрнекілік суреттеріне тапысыс жаса!

Сабақтың тақырыбы: Қайырымдылық
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың жақсылық, қайырымдылық, өзара көмек жайлы түсініктерін кеңейту.
2. Дамытушылық: Сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалана отырып, қызығушышылық, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Өзара ынтымақтастыққа , қайырымдылыққа, жылдамдыққа, алғырлыққа баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО стратегиялары: кластер, бөліктерге бөліп оқыту, «Дұрыс па, бұрыс па?», салыстыру кестесі, авторға хат жазу, автор орындығы, дамыту тапсырмалары, суретпен жұмыс.

Көрнекі- құралдар: интерактивті тақта, компьютер, Microsoft PowerPoint презентациясы, дидактикалық материалдар, шығармашылық тапсырмалар.

ashik-sabak-kairimdilikПәнаралық байланыс:, ана тілі мен дүниетану

Сабақтың барысы:
І КЕЗЕҢ. Қызығушылықты ояту.
1. Оқушыларға бір-біріне қошемет сөздер айтқызу
2. «Қайырымдылық дегеніміз не?» деген сұраққа жауап іздеу.
Әр оқушы өзі жазады.
Екі оқушы бір-біріне айтады.
Жұптар топқа айтады.
Әр топтан бір оқушы шығып сөз сөйлейді.

3. Кластер құру:

sss

ІІ КЕЗЕҢ Мағынаны тану.

1) Интерактивті тақтада мәтінмен жұмыс. Мәтінді бөліктерге бөліп оқыту стратегиясы.

— Балалар, мен сендерге Максим Зверевтің бір әңгімесін бөліктерге бөліп оқимын. Мен оның бір бөлігін оқыған соң, ары қарай не болатынын талқылап тырамыз. Өз ойларымызды айтамыз, жарайма.

Аязды күні қала сыртында шаңғымен серуендегенге не жетсін! Орман шетімен жол бойын жағалап келе жатыр едім, көлденең кесілген бір ізге көзім түсті.
Міне, қызық, мынау құс жолы ғой. Шиырланған ізден кіп-кішкентай құс табанының бедері ап-айқын білініп тұр. Кәдімгі жалғыз аяқ жол дерсің. Ол құс неге ары-бері жүре берген? Таңданғаным сондай, бұл қандай құс екенін білуге деген әуестік жеңді. Ізбен келе жаттым.

— Ал енді біз оның қандай құс екенін айта бастайық. Іздері кіп-кішкентай екенін білдік. Қане, ол қандай құс болуы мүмкін?

Бір кезде әлгі із қар үйіндісіне келгенде жоқ болып кетті. Тізерлеп отырып қардағы қуысқа қолымды тықтым. Саусағымды шым еткізіп бірнәрсе тістеп алғандай болды. Қолымды еріксіз тартып алдым. Содан кейін тағы да әрекеттеніп, ұзынқұйрықты сарғылт түсті торғайды ұстап алып шықтым.
Ол жүрегі тулап тұрса да, босануға әрекет еткен жоқ. Жерге қоя беріп едім, ұша алмайды екен. Кішкентай құстың әл-дәрмені жоқ, қарны ашқан, әрі тоңса керек.

— Ал, балалар, егер сендер осылай ұша алмайтын, қарны ашқан, суыққа тоңған торғайды көрсеңдер не істер едіңдер?
— Бізде қандай сезім пайда болды?
— Құстарға көмек көрсету, оларды аяу керек. Дұрыс айтасыңдар, бізде аяушылық сезім пайда болды.

Мен оны қолғабымның ішіне салып алдым да, үйге алып келдім. Көпе көрнеу өлімге тастап кетуге дәтім бармады. Үйге келген соң, торғайға жем-су бердім. Қарны әбден ашқан екен. Ол тіпті жем сұрап секектеп артымнан қалмай еріп жүретін болды. Біраз күннен кейін торғай ұша алатын халге жетті.

Қазақша Түйіндеме Оңай-Тегін Жасау!

— Торғай жазылды. Енді біздің авторымыз торғайды не істейді деп ойлайсыңдар?

Көктемде торғайды алғаш көрген жеріме алып келдім. Ол жеп-жеңіл көтеріліп, жасыл бұйра қайың арасына кіріп көрінбей кетті.

— Сендердің болжамдарың дұрыс екен. Табиғатты, жануарларды қорғау баршамыздың міндетіміз. Себебі құстардың адамға пайдасы зор. Қандай пайдасы бар деп ойлайсыңдар?

2) Сұрақтар қою: Балалар, енді осы мәтін бойынша сұрақтар қоямын.
— Мәтін кімнің атынан баяндалған? Автордың атынан
— Мәтіннің авторы кім? Максим Зверев.
— Мәтінге қандай тақырып қоюға болады? Қамқорлық немесе Суықторғай.

3) «Дұрыс па? Бұрыс па?» сұрақтары.
а) Міне, қызық, мынау түлкі жолы ғой. Дұрысы:
Міне, қызық, мынау құс жолы ғой.

б) Жерге қоя беріп едім, ұша алады екен. Дұрысы:
Жерге қоя беріп едім, ұша алмайды екен.

в) Тауға келген соң, торғайға жем-су бердім.Дұрысы:
Үйге келген соң, торғайға жем-су бердім.

4) Есте сақтау қабілетін дамытатын тапсырмалар: «Қандай сөздер мәтінде болған жоқ?»
Аяз                        Қар                 Үй
Шаңғы                 Торғай           Тас
Із                            Машина       Жем
Мал                       Құс                 Көктем

5) Кітаппен жұмыс.
Торғайдың аянышты халін мәтіннен тауып оқу. (1 оқушыға)
Ол жүрегі тулап тұрса да, босануға әрекет еткен жоқ. Жерге қоя беріп едім, ұша алмайды екен. Кішкентай құстың әл-дәрмені жоқ, қарны ашқан, әрі тоңса керек.

6) Салыстырмалы кестемен жұмыс:
— Ал енді біз мынау кестені толтырамыз. Адамдарда болатын жақсы қасиеттерді бір бағанға, жаман қасиеттерді екінші бағанға толтыру қажет.

+ —
1. Қайырымдылық
2. Жақсылық
3. Мейірімділік
4. Адамгершілік
5. Жанашырлық
6. Сыйластық
7. Қамқорлық 1. Жамандық
2. Жалқаулық
3. Дұшпандық
4. Қастық
5. Еріншектік
6. Көре алмаушылық
7. Қатыгездік
ІІІ КЕЗЕҢ Ой толғаныс.
— Балалар автор қандай адам деп ойлайсыңдар?

Авторға хат жазу.
Әр оқушы өзі жазады.
Екі оқушы бір-біріне оқиды.
Жұптар топқа оқиды.

Автор орындығы.
Әр топтан бір оқушы шығып ең жақсы хаттар автор орындығында оқылады.

Сабақты қорыту, ойды жинақтау.

ІV КЕЗЕҢ Үйге тапсырма беру. «Менің қайырымдылық істерім» деген тақырыппен шағын шығарма жазып келу.

V КЕЗЕҢ Бағалау.
Балалар, біз бүгін кісіге жақсылық жасау, көмектесу, қамқор болу керектігін үйрендік. Әрқашанда адал, жанашыр, сезімтал болыңдар.

Құрметті тәрбиешілер!! 2023-2024оқу жылына Тәрбиеші, Әдіскер,Психолог құжаттары бар ватсапқа жазып сабырлықпен күтесіз!!!!!! WhatsApp арқылы тапсырыс жасау
Пікірлер7
  1. Айгерим

    Қайырылымдылыққа баулу, еліміздегі өрескел азаматтарымыздың ізгі болуына себепші болады

  2. Асель

    Сайтқа алғаш кіруім. Осындай сайттардың барына қуандым. Себебі орысша сайттарға кіргенде әттең бізде де осындай пайдалы қазақша мағлұматтар болса ғой дейтінмін. Сабақ өте жақсы жүйелі құрылған екен. Өзіме керекті жерлерін түртіп алдым. Рахмет. Шығармашылық табыс тілеймін.

  3. Бальнур

    Керемет. Оқушыларды қайырымдылыққа, мейірімділікке баулуға тапсырмас мақала.

  4. Камшат Шаяхметова Кенжеканкызы

    Маған «Еркетай» сайтында жарияланған «Қайырымдылық» атты ашық сабақ жоспары ұнады.Сабақ құрылымы өте жақсы. Сабақтағы «Дұрыс па?Бұрыс па» және «Қандай сөздер мәтінде болған жоқ?» сияқты тапсырмалардан мұғалімнің ізденімпаз, ортаға ой тастай білетін шығармашыл екенін көруге болады. «Авторға хат жазу», «Автор орындығы» деген тапсырмалар да балалардың шығармашылығы мен тіл шеберліктерін арттырады. Осындай жақсы сабақтарды біз сияқты педагогтерге ұсынып отырған сайт қызметкерлеріне табыс пен денсаулық тілеймін.

  5. Ибрагимова Айдана

    жаксы

    1. Аккулиева Гулнар

      мақаланы қалай жіберуге болады

      1. Erketai (автор)

        hat@erketai.kz электронды почтасына немесе сайттағы «Мақала жариялау» бетіндегі форма арқылы.

Добавить комментарий

ErKeTai.KZ