«Сәнді үкім» ертеңгілік

Музыка әуенімен залға балалар кіреді, жүрекшелермен би билейді.
Шолпан: Бүгінгі көктем күнінде,
Барлық адам қуанар,
Аналарды мейраммен
Құттықтайды балалар.

Ән: «Көктем келді»
К. Айлана: Тосын сый бар аналарға
Бұл дегенін керемет.
Кафемізге шақырамыз
Орнығамыз тезірек.

Жанерке: Қош келдің дейді кафеміз
Қуанышын білдіріп.
Сондықтан да сіздерге
Ән арнаймыз бірігіп!
Жулдыз: Біздің кафе ерекше
Иесі оның балалар.
Таныстырып сіздерге
Өтейікші аналар.

Алишер (аспазшы): Мен аспазшы боламын.
Шын жүректен жасалған
Көңіл күйіміз қосылған
Мәзіріміз бүгінгі
Алуан түрлі тоқаштар.

Шолпан: мерекелік бағдарламаны дайындаған ди джей Руслан мен Кайсар
Сіздердің көңілдеріңізден шығатына сенімдіміз
Руслан (ди джей): Сәлем, сәлем
Бүгін, осында
Сендерге арналған бағдарлама!
Біздің шоу басталады
«Сәнді үкім» жарияланады!

8 наурыз ертеңгілік Жулдыз: Біздің «Жанұя» кафемізде «Сәндік үкім» атты шоумыз басталады. Сіздерді осында қызықты және көңілді бағдарлама тосып тұр. Сіздердің көңіл күйлеріңізден шығатынына сенімдіміз.

Би: «Джентельмендер»
Жулдыз: Ал енді балалар,
Біздің білгіміз келеді,
«Сәндік үкімде» кімді айыптауға
Қолдарыңыздан келеді?

1айыптаушы Алинур:
Аналарды айыптаймыз
Көйлектеріне ақшаны көп жұмсаймыз.
Күнде түрлі көйлек киюге
Не үшін керек уайымдаймыз.

Жулдыз: Аналарымыз заманға сай киінгілері келеді, сондықтан да әртүрлі көйлектер алады.
1айыптаушы Алинур: Біздің сән басқа,
Ең арзан және қарапайым.
Аналарға арналған
Бірінші дефилені бастаймыз,
(ортаға Наргиз полиэтелен пакетінен жасалған көйлекпен шығады)
1айыптаушы Алинур:
Қараңыздаршы қандай сәнді,
Таң қалдырар баршаңды.
Кірлемейді, су өптейді,
Ұнтақ та, ақша да кетпейді.

Жүргізуші: Қыздар, ал сендер осы айыптаумен келісесіңдер ме?

1қорғаушы Медина:
Айыптаумен келіспейміз
Аналарымыз әдемі болсын дейміз.
Өз дефилемізді ұсынамыз
Аналарымызды шақырамыз.
(ортаға бір екі ана шығады)

Шолпан: Ал енді аналарымыздың пікірлерін сайлау арқылы білейік. Сайлау үшін алдарыңызда жатқан дөңгелешемен көк түстібірінші дефилеге, қызыл түсті дөңгелекшеменекінші дефилеге сайлай аласыздар. Бастайық.

Кайсар диджей: Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары

Ән: «Анаға сыйлаймыз»
Жулдыз: Ал енді жігіттер кімді айыптайсыңдар?

2айыптаушы Аңсар:
Әжелерді айыптағымыз келеді
Күні бойы асханада жүреді
Түрлі түрлі көйлек киіп
Ақшаны далаға жібереді.
Әжелерге арналған
Дефилені ұсынғымыз келеді!
(ортаға Жанерке қақпақтардан жасалған көйлекпен шығады)
Қараңыздаршы қандай сәнді,
Таң қалдырар баршаңды.
Кірлемейді, жыртылмайды
Әжелердің бәріне ұнайды.

сұлулық туралы ертеңгілік сценарийі.Жулдыз: Қыздар, ал сендер осы айыптаумен келісесіңдер ме?

2қорғаушы Сабина: Әжем менің әлі де,
Ұқсамайды кәріге
Ой десе ойы бар,
Бой десе бойы бар
Екінші дефилені қарсы алындар
(ортаға әжелер шығады)

Шолпан: Ал енді көрермендердің пікірлерін сайлау арқылы білейік.

Диджей Руслан: Сұлу да ақжарқын әжелер. Келесі ән сіздерге арналады.
Ән: «Әжеме»

Алишер: Жұмсағанда барамыз,
Тілін дәйім аламыз
Әжебіздің панамыз,
Әже үлкен анамыз.

Наргиз: Әжелерді сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Әрқашан біз ардақтап,
Әжеге бас иеміз.

Мансүр: Әжемдей данадан
Ертегіге қанамын
Шақырса даладан
Жүгіріп барамын.

Жулдыз: «Сән үкімі» жалғасады.
Қыздарымыздың би билегісі келіп барады.
Кайсар диджей сен қалай ойлайсың?

Диджей Кайсар: Қане биге басайық,
Салтанатты көңілді.
Таңтамаша салайық,
Шалқытып шат өмірді.

Би: «Қыздар»

Жулдыз: Шолпан Бауржанқызы, сіз білесіз бе биыл түрлі түсті ленталар сәнге кіріпті

Шолпан: түрлі түсті ленталар біздің үкімге не қатысы бар?

Жулдыз: түрлі түсті ленталармен біз қазір біздің балалармен ойын ойнаймыз.

Ойын: «Түрлі түсті ленталар»

Жулдыз: Ал енді біздің балалардың орындауында аналарға арналған өлеңдер:

Саят: Әлпештеген аялаған
Ақсүт берген апатайым
Тақпақ айтып бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын.

Дария: Теңдесі жоқ данасың,
Арқа тұрар панасың.
Еңбегінді ақтаймын,
Аман болшы анашым.
Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген анашым!
Дияр Мақтаным ана
Шат әнім ана
Өзіңе тақпақ
Жаттадым ана.

Жулдыз: Ал енді сөзімізді стилистке берейік
Аналарға қандай макияж жасау керектігін білейік.

СамираСтилист: Жаңа макияж ұсынамын
Қыздарға және аналарға.
Қараңыздаршы қандай сәнді,
Таң қалдырар баршаңды.

Ойын: «Аналарды әдемілеу»

Жулдыз: Ал, менің балаларым, «Сәндік үкімде» кімді айыптауға тағыда қолдарыңан келеді?

3айыптаушы Альжан:
Дос қыздарымызды айыптаймыз
Олар үшін уайымдаймыз.
Күнде түрлі көйлек киюге
Өздері де шаршамайды.
Ақшаны да аямайды.
Қыздарға арналған дефилені қарсалыңыздар.
(ортаға Дария мен Айлана шығады, салфеткалардан жасалған көйлектерді көрсетеді)
Қараңыздаршы қандай сәнді,
Таң қалдырар баршаңды.
Ал қыздар айтыңдар
Ұнады ма сендерге?

Жүргізуші: Ал, қыздар жауабын беріңдер ұнады ма сендерге?
3қорғаушы А. Айлана:
Ой, ұлдар, бұларын не?
Ұят болады бәріне.
Өздерін бұл көйлекті
Киіп көріңдерме?
Қазір біз сендерге
Көрсетеміз өзіміздің дефиле.(ортаға қыздар өз көйлектерімен дефиле көрсетеді)

Ән: «Мен қазақтың қызымын»

Жулдыз: Жеңімпазды білу үшін, сайлауымызды бастайық.
Диджей Руслан: Қыздардың көңілінен шығу үшін
Аналарымыз күлімсіреп күлу үшін
Дайындалдық бүгінгі мерекеге
Қыздарменен вальс билеу үшін

Би: «Вальс»
Жулдыз: «Сән үкімі» жетті міне соңына
Өздеріңнен ақшаны аяма.
Түрлі көйлек киіп, әдемі боп жүріңдер
Барлық жұртты таңқалдыра беріңдер!

Шолпан: Қымбатты әжелер мен аналар, сіздерді халықаралық әйелдер күнімен тағы да құттықтаймыз !Дендеріңізге саулық тілейміз, әрбір жанұяда сәбилеріңіздің сыңғырлаған күлкісі көбейсін, сіздер шаттыққа бөлене беріңіздер!.Мерекелеріңіз құтты болсын аналар! Сау болыңыздар!

Пікірлер2
  1. ТАЗАГУЛЬ

    Керемет жұмыс ? еңбектеріңіз жансын

  2. Куралай

    Балалардың ән айтқаны, таппақ айтқаны ұнады. Ертеңгіліктің сценарий жақсы жазылған.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ