KZ RU

Әйел деген — бір әлем

Әйел деген — парасат пен пайым ғой,
Жаны толы қамқорлық пен уайым ғой.
Кең жүрегі кейде тарылып сыздайтын,
Жапырағы тербелген ақ қайың ғой…

Әйел — асыл, әйел — ғасыр, ғұмырың!
Сол арумен мықты болмақ тұғырың.
Сырыңды да, мұңыңды да ұғатын —
Мейірімді, мөлдір сезім тұнығың!

Әйел — ана! Әйел — дара қазақта!
Төтеп берген қанша бейнет, азапқа.
Сүйген жары, бала менен бары үшін
Түсер бәлкім, керек болса, тозаққа…

Әйел — әлсіз, қайсар, кейде қорғансыз…
Жапан дала, қураған талдай ормансыз.
Тек аялап, сүйіп өтсе мәңгілік,
Әйел жаны гүлдей бермек армансыз!

Достарыңызбен бөлісіңіз
WhatsApp Telegram

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!