
Үмірбекова Балғын Жұрсінқызы
Редактор, теле-радиожүргізуші, іс-шаралар ұйымдастырушысы.
- 0мақала
- 4шығарма
Өмірбаяны
1991 жылы 24 қазанда туған, Алматы қаласы.
Редактор, теле-радиожүргізуші, іс-шаралар ұйымдастырушысы. 2018 жылдан бері медиа мен журналистика саласында жұмыс істейді.
Жұмыс өтілі:
- «Дорожное радио» - «Городская афиша» бағдарламасы
- «Магия кухни» телеарнасы - «Облачная кухня» бағдарламасының жүргізушісі
- «МузЛайф» телеарнасы - «МедиаРепортаж» бағдарламасының редакторы
- Zhuldyz TV - «Welcome» бағдарламасының жүргізушісі, мерекелік концерттердің ұйымдастырушысы әрі жүргізушісі
- Қазақстан Ұлттық Арнасы - «Таңшолпан» бағдарламасының редакторы
- «Евразия 1» телеарнасы - «Көреміз» бағдарламасының тұрақты спикері
- «Ustaz.tilegi» білім беру сайтының жүргізушісі
- НТК (2024-2026) - «Сезім бағы» тікелей эфир жобасының редакторы және жүргізушісі
Білімі: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, педагогика және психология факультеті, «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» мамандығы (2009-2013). Қазақстан Медиа Академиясы - «Радио мен теледидар дикторы» курсы (2018), КТК телеарнасында тәжірибеден өткен.
Шығармалары
ЖОҒАЛҒАН ЖОРҒА
/Детектив жанры бойынша 8-9 сынып арасындағы байқаудан 1-орын алған шығармам/
Түн. Боран. Тістерге наны, жылынар оты жоқ отбасылар күннен-күнге артуда. Бала -шаға қамын ойлап, дала кезіп кеткен Ерденнен еш хабар жоқ. Айдың жүзі болды. Қарасы көрінер емес…
Үкілеген үміті бір жылу ұшқынын сыйлайтындай Жамал да жақсылықтан күдер үзбейді.
Сана сан-саққа кетіп, ойпаң ойлар мазалап отырғанда есіктен әлдекім кіреді. Үй іші ала көлеңке.
-“ Ә, бәлем! Қараш мынаны, рөл сомдап момақан болуын! “- деп ірі қара, жуан белді, жағымсыз дауысты миллиционер баса көктейді.
Ештеңе түсінбей шошыңқыраған Жамал даусы әлсін-әлсін шыға:
-“ Ағасы, неге сонша ызалысыз? Сәбилерді шошыттыңыз. Әуелі мән-жайын түсіндірсеңіз!”
-деп жыламсырайды.
-Бізге ақыл үйретпей, Ерденнің қайда жасырынғанын айт. Әйтпесе, орнына екі ұлыңды бірдей әкетемін. Жазасын солар өтейді.
⁃ О, Алла! Не деп тұрсыз?! Мырза, оныңыз не? Қандай жаза? Ерденнің қатысы қанша?
Ешкімнің ала жібін аттамайтын бейкүнә жарымды неге сонша айыптайсыз?
-“ Келбет, бейнеңе қарасам ақылы таяз аруға ұқсамайсың. (Мысқылдап) Болды! Жетер!
Өшір үніңді! Сыбайластығың үшін сені де қамаймын! Үшеуін де әкетіңдер! “- деп бейкүнә жандарды абақтыға жөнелтеді. Қанаты жайылып, бұғанасы қатаймаған екі сәби сол қараңғы, суық бөлмеде қалады.
Сондағы себеп- Ерден кіндік қаны тамған жерінен жырақтаған күні ауыл болысының ең сүйікті, үстінде кесеге құйған қымызы шайқалып, төгілмейтін текті тұлпар, тайпалған жорғасының жоғалғаны екен.
Бірақ, пейілі шикі, ақылы күйпі пенденің бишаралығы -Ерденге тән емес еді. Қанша қиналса да ұясынан безбейтін, шырмауыққа шырмалса да адамдық пен адалдықтан аттамайтын пайымы биік азаматқа мұндай жала жабу күнәнің күнәсі іспеттес…
Арада бес жылдай уақыт өтті… Уайымнан әлсіреп іш құса болған Жамал бір жылдан кейін көз жұмады. Сырқатқа шалдыққан қос ұлының да денсаулығы мәз емес. Үйде қалған шақалақтардан еш хабар болмаған. Өлі-тірісі белгісіз…
Уақыт өте келе отыз тістен шыққан сырлы сөздің отыз руға тарап, ақиқат ақтарылады.
Сондағысы, Ерденмен қиын қыстау күндерде барын бөлісіп, елдігі мен ерлігі жарасқан досының сатқындығы, көреалмаушылығы екен.
Ерденге:
-“ Сен отбасы қамын ойлап, азық іздеуге кеткенде жарың мен балаларың аштық, жоқшылыққа шыдамай сенен бас тартты” -деген лас пиғыл, сөзімен қасқырдың жемтігі болуына итермелеген екен.
Ал, болыстың текті тұлпарын ұрлап, кезбе әңгіме таратуы да жүйелі жоспармен жасалынған-мыс.
Қаратайдың қара ниеті өзін де айналып өтпеді. Отбасын құрмады. Үйленбеді. Өз-өзін жей жүріп созылмалы дертке шалдықты. Төрт аяқты жорға үшін жұмыр жүрекке қаяу салған оқиға желісі осындай…
Тәңірі, Алла, Ұмайы
Адал боп таза жүрсеңдер
Жолың болар ұдайы!
Жамандық -дерт қой өшетін
Ақылға салсаң, көшетін,
Санаға құйсаң сабырды
Есілдей тулап есетін…
Адалдық пен адамдық
Болсын дәйім қадам нық
Жақсылық нұры төгіліп
Жойылсын жерден жамандық!!!
Бастауыш сынып оқушыларына арналған әндер
Айтөре - жігіттің таныстыруы
/Күз Ханзадасы/
Әп , бәрекелді!
Ассалаумағалейкум , елім менің!
Кіндік кескен қасиетті жерім менің!
Сұрасаңыз , Сері жігіт - Айтөремін !
Ұшқыр ойлы, білетін не керегін
Сегіз қырлы , бір сырлы өнеріммен
Кешті әсерлеп , біліммен көмкеремін …
Бойымда бар бабалар батырлығы
Қабанбай , Бөгенбайдың батылдығы
Қазыбек, Әйтеке мен Төле бидің
Табылады Абай ата ақындығы
Бүгінде сайысуға келіп қалдық
Бермейміз сынып намысын , ол да анық!
Балерке қыз , қанеки , сіз екеуміз
Таң қалдырайық баршасын,оттай жанып!
Білім ордамыз көркейіп , нұрға толсын!
Абыройы асқақтап , шыңға қонсын!
Ал, бүгінгі “Бас жүлде” марапаты
Ханзада мен Ханшайым бізде болсын! (қолымен өздерін көрсету)
Көрініске сценарий
Тыныштық. Желдің ысқырық дауысы. Кеңдеу, ақшыл жеңіл көйлек киген қыз ортада ақырын ғана жүгіріп айналады.
Майысып келіп ақ қайыңмен сөйлеседі. ( Визуально қолымен ұстаған сияқты. Ағаш болса, немесе қолдан бірдеңе жасалынса тіпті керемет)
-Жапырақ жүрек, жас қайың!
Жанымды айырбастайын!
Сен адам бола бастасаң
Мен қайың бола бастайын!
-Ақ қайың , білесің бе?! Менің жаным жаралы! (Сәл мұңайып)
Жараланғаны соншалық, емінің не болатынын да білмеймін!
Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айрылдым. Көңілім алаңдаулы. Сол жан, иә, сол бір жан ойымнан кетер емес! Сұлбасы, көз қарасы, жымиғаны бәрі көз алдыма елестейді. Бірақ, ол менің балалық шағымның естелігі ғой… Олар сол кезде шет ел асып қоныс аудармағанда бәлкім бірге болар ма едік?!
Бәлкім, өмірім де мүлде өзге бояуда болар ма еді?! Кім білсін?!
Еееххх… бірер күннен кейін мен де шет елге ұзаққа кетемін. Ол жақта мансап қуып, кәсіпке кірісетінім айқын. Елге оралмауым да мүмкін.
Ал, қазір сол кезгі алғашқы махаббатымды тапқанда , елде қалып отбасын құрып, бала- шағалы болып отырар едім. Менің жан қалауым осы, негізі!
Жаратқан ием! Егер, сол бір азамат менің тағдырыма жазылған болса кезіктіре көрші! Тым болмаса, белгі берші! ( жерге отырып, қайта тұрып ақырын айналады)
Музыка ойнайды.
“Аэропорт” әнін қойса болады.
Келесі күн.
Чемоданымен аэропортта қыз тұрады. ( Регистрация) Кезекте дам көп. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты рейстің кешігетіні Бір кезде жинақы киінген әдемі жігіт келіп:
-Сәлеметсіз бе, қарындас! Ұялы телефонымды жоғалтып алған едім. Анама аман-есен елге келгенімді айтып қуанқым кеп тұрғаны. Бір қоңырау шалғанға телефоныңызды бере тұрасыз ба?!
Үнсіз , тіл қатпай қарап тұрып қалған қыздың көзінен ыстық-ыстық жас тамады.
Жігіт қызды құшақтап алып айналдырады. Өз-өздеріне сенбей бір-бірін қайта-қайта құшақтайды.
Қол ұстасып, бірге артқа қайтады.
Махаббат жайлы ән қосылады.
Таныстыру / Күз Аруы
Ынтымағы жарасқан, қайсар ұлтым!
Таныстырайын өзімді өлеңдетіп
Айналамды қалдырмай елеңдетіп …
Мақтанады Алма апай,мендей қызыменен
Тәлім алып келем, Ана ізіменен
Балеркемін, Әкем - Ербол данасымын
9 “Ә” - нің үздігі , дарасымын!
“Ақылына көркі сай” деп атанғанмын
Әулет, ата-әжемнен бата алғанмын,
Орта жүз ,қыпшақ рудың қаныменен
Бабалар рухыменен жаһандандым!
Өнеріміз - бояу берсін әнімізге,
Қошемет, күй сыйласын сәнімізге
“Гимназия Аруы” деген атқа
Болайық лайықты бәріміз де!
Мақалалары
Мақалалары жақында жарияланады.