Жол ережелері туралы тақпақтар

Жол белгілері

Қиылыста, жол шетінде, бұрышта.
Түрлі-түрлі белгілер бар тұратын.
Жүресің бе, жүрмегенің дұрыс па.
Не істеу керек? Соған қарап ұғасың,
Қызыл шеңбер ішіндегі таңбалар,
Әлденеге қатаң тыйым салады.
Өміріңді қорғауға олар арналар,
Білемеген өкінішке қалады.

жол ережесі жайлы, тақпақтар, балаларға

«Мына жерге кірмегенің жөн» дейді,
«Мына жермен жүрмегенің жөн» дейді,
«Кері бұрыл, тоқтама не бұрылма,
Сонда саған ешбір қауіп төнбейді».
Белгілердің мәнін білу — мықты күш,
Келесісі — шеті қызыл үш бұрыш.
Бұл белгілер ескертеді, біліп ал,
Көңіл бөлмей өтіп кетпе тып-тыныш.

Қиылыс па, бұрылыс па алдыңда.
Темір жолға таяп әлде калдын ба,
Өзен бар ма, көпір бар ма, ор бар ма?
Мекені ме жабайы аң мен малдың да?
Соның бәрін біліп ал да абай бол,
Сенің аман жүргеніңді қалайды ол.
Белгілердің сырын еске сақтап ал,
Болашақта жүресің ғой талай жол.

Реттеуші

Бақылап жол тәртібін,
Өткізетін әр күнін.
Реттеушіні көрдім мен.
Қиылыстан дәл бүгін.
Ала таяқ қолында
Айтары көп оның да.
Не істеу керек, тұрса
Реттеуші жолыңда.

Тік көтерсе таяқты,
Баспа алға аяқты.
Бағдаршамның бұл белгі
Сары шамы сияқты.
Кеудесімен бұрылса,

Қарап саған бетпе-бет.
Тұрғаны оның, ұғынсаң,
Жолды жаптым, өпте деп.

Арқа жағын қаратса.
Өтіп кетпе аңғармай.
Бағдаршамның бұл белі-
Қызыл түсі жанғандай,
Оң иық, не сол иық,
Бұрылғанда сен жаққа.
Тұрып қалма мөлиіп,
Алға карай тез атта.
Реттеуші бұрылды.
Бір қырындап тік тұрып
Жасыл жанды дегенді
Жүргіншіге ұқтырып.
Реттеуші бар көшеге.
Тап болса егер кімде-кім.
Тек сол берген белгіге
Көну оның міндеті.

Бағдаршам

Жолды кесіп өтуге мен қамдансам,
Қиылыста қарсы алады бағдаршам.
Менікіндей екеу емес, үш көзді,
Әр көзінің түсі бөлек, аңғарсаң.

Көзі алысты қалт жібермей қырағы,
Бір көз жанса, қалғаны өшіп тұрады.
Қызыл, сары, жасыл түсті көздердің
Бас әрпінен үш түрлі ұғым шығады:
Қ — Қызыл түс — қимылдама, баспа алға,
Қиылыста қарап тұрма аспанға.
С — Сары түс — сәл сабыр ет, дайындал,
Ж — Жасыл түс, жүре бергін, жасқанба.

Жолдан өткенде

Дастан деген баламын,
Мектепке енді барамын.
Жүруді де үйрендім,
Көшесінде қаланың.
Жол шетіне келгенде,
Тоқтай қалып мен демде.
Көз саламын арнайы
Белгісі бар жерлерге.
Қауіпті ғой көше тым,
Қумай жолдың төтесін.
Жолақтарды іздеймін
Жаяу адам өтетін.
Асықпаймын аптығып,
Алдым мұны жақсы ұғып.
Күйсандықтың тіліндей,
Қатар-қатар ақ сызық.
Ортасында тұра қап,
Оңға, солға бір қарап,
Жолдың арғы шетіне
Жетіп алам жылдам-ақ.

Көлікке мінгенде

Қаламызда қырандай,
Самғар көлік табылар.
Троллейбус пен трамвай,
Автобустар тағы бар.
Автобусқа асығып,
Жолды кесіп өтпеймін.
Доп тепкендей асырып,
Бос қалбырды теппеймін.
Жол шетіне трамвай
Келе алмайды күтсең де.
Болу керек тым абай,
Мінгенде не түскенде.
Өзім барар бағыттың,
Нөмірін де білемін.
Ережеге қанықпын,
Артқы есіктен кіремін.
Жұрт аяғын баспаймын
Бүлдірмеймін, шашпаймын.
Жол ақысын «қоянша»,
Төлеместен қашпаймын.
Шаршап кейде жүрсем де,
Орын берем үлкенге.
Қатты шулап тұрмаймын,
Құрбылармен күлсем де.
Аялдама аттарын
Жаңылмастан жаттаймын.
Жолда жүру тәртібін
Мен осылай сақтаймын.

Қайырбек  Шағыр

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер60
  1. Эльмира

    Балабақшаға барар жолдағы түрлі жол ережелерін бала жатқа білуі тиіс.Тәрбиешілерге дайын дүние.Керемет емеспе

  2. Айгүл

    жол жүре еражелері өте маңызды. рахмет, керемет

  3. Бағдагүл

    бұл да нағыз керек құжаттар сайттарыңыз өте көп екен бәрі пайдалы

  4. Ляйла

    Мақала маған ұнады, мағынасы түсінікті екен,рахмет.

  5. Насихат

    Жаксы екен такпактарынызды калай тиркеп алсам болады унады

  6. Мулдир

    Жол ережелерин балабкшадан бала уйренгени дурыс, казир колік коп бала кауіпсіздігән сактаныздар

  7. Бахыт

    жақсы тақпақтар, жол ережесін үйретуде қажет.

  8. Айболек

    Рахмет сіздерге өте қызықты ойындар, жол ережесін үйренетін болдық балалармен, рахмет

  9. Айдарбайқызы Ақмарал

    Өлеңдеріңіз балаға пайдалы, жақсы екен. Бұдан әрі де жазып тұра беріңз. Балаларға үлгі аларлықтай өлең жолдары жазылған. Рахмет.

  10. Алия

    Унады маган. Жастар улги алатындай манызды болсын осындай.

  11. Камшат Шаяхметова Кенжеканкызы

    Маған «Жол ережелері» туралы тақпақтар ұнады.Жақында ғана осы тақырыптан сабақ өткенде осы тақпақтардан жазып алып, балаларға жаттап келуге берген болатынмын. Осы сайттан керекті материалдарды қиналмай табуға болады екен. Сайтқызметкерлеріне табыс, зор денсаулық пен сәттілік тілеймін.

  12. Айдана

    Негізінде,жақсы сайт осы шумақтарды көшіріпе,5 алды балалар

  13. Айдана

    копировать-ты басып world-қа ашасын

  14. Аяаулым

    Қызыл,жасыл, Сары

  15. Аймаханов Аскар

    Унады маган. Жастар улги алатындай манызды болсын осындай.

  16. жанар

    Сайт хорощий, но очень трудно зарегистрироваться, символы которые нужно ввести — их нет, линии какие то . только на 10ый раз появились

  17. Алеш

    қалай көшіріп алса болады

  18. Алеш

    мақала маған ұнады. мағынасы жақсы екен

  19. Майра

    Керемет материалдар бар екен, бірақ ештеңе ала алмай отырмын, тәрбиешілер қолдану үшін көп нәрсе алуға болар еді

    1. Erketai (автор)

      Сайтқа тіркелу керек.

  20. альвира

    маган багдаршам такпагы унайды

  21. Балжан

    Енбек етсен ерынбей тояды карнын тыленбей

  22. асылай

    ote tamasha

  23. Амина

    айтындаршы багдаршам неше турли болады а?

  24. диас

    тамаша өте жақсы.

  25. Дана

    Оте керемет кушти

  26. Жадыра

    Керемет тақпақтар

  27. аида

    өте керемет

  28. аида

    ашса кезек үш көзін
    айтты деп ұқ үш сөзін
    тоқта!
    сақтан!
    жол ашық!
    жүрме жолға таласып

  29. Алия

    өте жақсы жазылған

  30. Мөлдір

    Тамаша. Жақсы тақпақтар екен

  31. Гаухар

    өте жақсы тақпақтар екен. Тағы да осындай тақпақтар көп болса екен деп ойлаймыз, қызымыз екеуіміз. Рахмет!

  32. Diana

    круто

  33. Diana

    коликке мингени жаман екен

  34. Diana

    барлық тақпақтар сөзсіз ұнады,әсіресе көлікке мінгенде

  35. Аяжан

    Тақпақтар жақсы жазылған бірақ қалай көшіруге болад

  36. данияр

    mowno

  37. диас

    неге скачать етильмейт

  38. Асель

    өте күшті,маған ұнады өлеңдерді қалай көшіруге болады

    1. диас

      соны бими отрмго асель

  39. Искакова Айгул

    Акция қай уақытқа дейін?

    1. Erketai (автор)

      Жақын арада аяқталады.

  40. ramazan rahimov

    калай олен шыгарады?

  41. Асель

    тақпақтар өте жақсы жазыған қалай көшіруге болады

  42. ердос

    ТАМАША КЕРЕМЕТ

  43. каммила

    неге көшірілінбейді???????????

    1. Erketai (автор)

      Қалай көшіруге болатыны жазылып тұр!

  44. Улбосын

    Өте жақсы маған өте қатты ұнады! Өзіме керек нәрсемді таптым! Маған бұл тақпақтар өте қатты ұнап қалды!:

  45. гуля

    өте керемет

  46. гуля

    өте керемет super.

  47. Аяулым

    маган унады осындай такпактар коп болсын

  48. Индира

    оте жаксы маган унады.Коп коп рахмет

  49. Индира

    Оте жаксы уйымдастырылган

  50. Шырын

    Осындай такпактар коп болсын бари тамаша жазылган

  51. эльнура

    куштиии

  52. ӨТЕ ТАМАША АЛҒА БОЛАШАҚ

  53. Erketai (автор)

    Сізде сайтқа мақала жариялаңыз!

  54. Калай скачать етсем болады???

  55. Erketai (автор)

    Сізде балаларға қатысты мақала жариялаңыз

  56. неге мен оны жаза алмаймын

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ