Арыстан, киік, түлкі
АвторТұяқбаева Бағжан Сүлейменқызы Мазмұны
«Арыстан, киік, түлкі» — достық пен сенім, орынсыз намыс және сақтық туралы қазақша ғибратты ертегі. Аң аулауға шыққан арыстан мен түлкі жолда жүйрік киікті кездестіреді. Киік қауіптен құтылуға тырысса, арыстан түлкінің сөзіне еріп, қауіпті шешім қабылдайды. Шығарманы балалармен бірге оқып, шынайы достың қандай болатынын, өзгенің сөзіне сын көзбен қараудың маңызын талқылауға болады. Ертегі ата-аналар мен бастауыш сынып мұғалімдеріне қауіпсіз шешім қабылдау туралы әңгіме бастауға негіз болады.
Баяғы өткен заманда, кең байтақ далада арыстан мен түлкі дос болыпты. Бірде олар өте қатты қарны ашып, аң аулауға шығады. Арыстан өзінің күшіне сенсе, түлкі өзінің қулығына сенетін. Олар ұзақ жүріп, алыстан бір азық іздеді
Кенет олардың алдынан жайылып жүрген киік көрінеді. Киік өте сақ және жүйрік еді. Оны көрген арыстанның көздері жанып, жемтігін ұстауға дайындала бастады. Түлкі болса шетте тұрып, арыстанды қайрап, оның намысына тиетін сөздер айтты.
Арыстан ақырып, киіктің соңынан тұра ұмтылды. Дала шаңы аспанға көтеріліп, нағыз қуғын басталды. Киік жанын шүберекке түйіп, бар жылдамдығымен қаша жөнелді. Арыстан оның өкшесін басып, жақындап қалған еді.
Киік алдында үлкен, терең сайдың бар екенін білетін. Ол бар күшін жинап, сайдың шетіне жеткенде жоғары қарай серпілді. Бұл өте қауіпті және биік секіріс еді. Киік құстың қанатындай жеңіл ұшып, сайдың арғы бетіне аман-есен қонды. Ол тоқтап, артына қарады. Оның жүрегі дүрс-дүрс соғып, ажалдан аман қалғанына қуанды.
Арыстан сайдың ернеуіне келіп кілт тоқтады. Ол төменге қарап, жүрегі шайлығып қалды. Сай тым терең еді. Дәл осы кезде артынан түлкі де жетіп келді.
«Уа, айбатты арыстан! Сен аңдардың патшасы емессің бе? Мына кішкентай сайдан сидиған киік секіріп кетті, сен секіре алмасаң, елге қалай қарарсың? Сайдың терең екенін білемін, бірақ саған сенемін секіре аласың!» — деп түлкі оны қайрай бастады. Түлкі арыстанның намысына тиіп, оны қауіпке итермеледі.
Түлкінің Намысқа тырысқан арыстан бар пәрменімен секірді. Бірақ оның салмағы ауыр еді. Ол арғы бетке жете алмай, терең ордың түбіне құлап кетті. Гүрс еткен дыбыс бүкіл даланы жаңғыртты
Түлкі сайдың шетіне келіп, төменде жатқан арыстанға қарап күлді. «Ех, ақымақ арыстан! Күшің көп болса да, ақылың аз екен. Енді осы жерде қала бер,» — деді де, ол құйрығын бұлғаңдатып кетіп қалды. Ол үшін бұл жай ғана қызық еді.
Киік алыстан бәрін көріп, аман қалғанына шүкір етті. Ал түлкі өлген арыстанның етін жеп жатты. Бұл оқиға досыңның бәрі бірдей адал болмайтынын, опасыз достан сақтану керектігін үйретеді.
***
Ертегі не туралы?
Арыстан түлкінің намысына тиетін сөзіне еріп, терең сайдан секірмек болады. Киік аман қалады, ал арыстанның әрекеті қайғылы аяқталады.
Негізгі ойы: шынайы дос қауіпке итермелемейді. Маңызды шешім қабылдарда өз мүмкіндігіңді бағалап, салдарын ойлаған жөн.
Қай жастағы балаларға арналған?
Оқиғаның қайғылы аяқталуын ескеріп, ертегіні 7–10 жастағы балаларға ересек адаммен бірге оқуға ұсынуға болады.
Ертегінің тәрбиелік мәні
Балаға мақтау мен арандатудың айырмасын түсіндіріңіз. Кейіпкерлердің шешімдерін бірге талқылап, арыстанның қауіпсіз таңдауын ойластырыңыз. Қауіпті секірісті қайталауға болмайтынын ескертіңіз.
Баламен талқылауға арналған сұрақтар
- Киік қауіптен қалай құтылды?
- Түлкі арыстанды неге қайрады?
- Арыстан қандай қауіпсіз шешім қабылдай алар еді?
- Шынайы дос қиын жағдайда не істер еді?
Жиі қойылатын сұрақтар
Ертегінің басты кейіпкерлері кімдер?
Арыстан, киік және түлкі.
«Арыстан, киік, түлкі» ертегісі неге үйретеді?
Адал досты бағалауға, арандатуға ермеуге және әрекеттің салдарын ойлауға шақырады.
Түлкінің әрекеті неліктен дұрыс емес?
Ол арыстанды қауіпті әрекетке итермелеп, досына көмектеспейді.
Ұқсас шығармалар
«Алтыннан да қымбат достық» — адалдық пен сенім туралы ертегі. «Өгіз бен бақа» — өз мүмкіндігіңді бағалау туралы ертегі. «Бұлақ неге жылады?» — жауапкершілік пен өзара көмек туралы ертегі.
Балалар туралы пайдалы ақпарат — Erketai-дың Telegram арнасында.
Erketai-ға жазылу