Санамақ тақпақтары

Санамақ

—         Адамда қанша бауыр бар?

—         Біреу.

—         Қанша өкпе бар?

—         Екеу.

—         Бір тоқсанда неше ай бар?

—         Үшеу.

—         Есеп шығаратын амал қанша?

—         Төртеу.

—         Күнде оқылатын намаз қанша?

—         Бесеу.

—         Әлемде қанша құрлық бар?

—         Алтау.

—         Бір аптада неше күн бар?

—         Жетеу.

—         Малда қанша жілік бар?

—         Сегіз.

—         Домбыраның пернесі қанша?

—         Тоғыз.

—         Цифрлар қанша болды?

—         Он.

 

Міне өстіп жаңалап

Айтып шықтық санамақ.

Он саусақ

Секреты учебы, Когда учить уроки

Айтар болсам саралап

Көп қой түрлі санамақ

Бір дегенім – бір саусақ

Екі дегенім – екі саусақ

Үш дегенім – үш саусақ

Төрт дегенім –төрт саусақ

Бес дегенім – бес саусақ

Алты дегенім – алты саусақ

Жеті дегенім – жеті саусақ

Сегіз дегенім – сегіз саусақ

Тоғыз дегенім – тоғыз саусақ

Он дегенім – он саусақ

Он қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Екеуін қосып санап ем

Барлығы болды он саусақ

Барлығыда әп ай ай,

     Бейне бір он бауырсақ.

     ***

 

Бас бармағым -атам,

Балалы үйрек – әжем,

Ортан терек —  әкем,

Шылдыр шүмек – анам,

Кішкене бөбек – мен.

Міне, менің барлық отбасым.

***

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп — өніп толамыз.

Көкке қарап талпынып,

Күнге қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз.

Қарлығаштай қалықтап,

Бір отырып, бір тұрып,

Жаттығулар жасаймыз.

***

Аспанда бұлт торлайды

Жаңбыр жауды себелеп

Кішене бұтақ астына

Тығылып алды сұр көжек. 

Жел үрлейді у-у,

Құйын келіп билейді гу-гу,

Қатты – қатты жел соқты.

Жапырақтар қол соқты.

***

Сергіту сәті

Ал, балалар,  келіңдер,

Бой жазайық бәріміз-

Мойнымызды бұрамыз,

Қолымызды созамыз,

Биік болып өсеміз,

Жапырақтай жайқалып.

Табиғатты сүйеміз,

Шетімізден шеберміз.

Денемізді бос ұстап,

Билеп, билеп аламыз.

Аяқтармен топ-топ басып,

Орнымызға барамыз. 

Сыңғыр, сыңғыр сыңғырлар,

Құлағымда ырғалар.

Оң қолымда білезік,

Саусақтарда сақина,

Санап көрші кәнекей 1,2,3

Дем аламыз жинап күш.

 

***

Көтеріліп шаңырақ,

Керегелер керіліп,

Өрімдей боп өріліп,

Бәріміз жүрсек айналып,

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер32
  1. Айгүл

    Өте тамаша, керемет. Балаларға жаттатып, ата-әжелерін қуантып қоятын дүние екен. Жұмыстарыңызға табыс тілеймін

  2. Сауле

    Санамақтар өте керемет баланың тілі жаттығады.

  3. Меруерт

    Ұстаздар үшін таптырмас материалдар жинагы бар екен тамаша

  4. Ляйла

    Балаларға өте пайдалы нәрсе екен, ойларын оңай жеткізеді.

  5. Гулмира

    санамақтарыңыз өте керемет екен маған ұнады

  6. Насихат

    Өте жаксы даярлық тобының балаларына керемет дүние

  7. лаура

    Санамақ түрлері жаксы. Балалардың тіліне де оте женіл.

  8. Гульбарам

    Бұл санамақтар топтамасы, балаларға қолайлы және тілдеріне де жеңіл. Сіздерге рахмет! Мына біз сияқты тәрбиешілерге таптырмайтын құралдар.

  9. Мулдир

    Санамактар баланын таным тусинигин молайтады жане жаксы сойлеуі ушін таптырмас құрал

  10. асель

    оте керемет санамактар,жаттап алуга тырысамыз,коп коп рахмет

  11. Жаныл

    Сергіту сәттері мен санамақтар ұйқаспен құрастырылған. Рахмет пайдаланып жүрмін

  12. Бахыт

    санамақтар қажет еді. Балалардың сандарды үйретудің, тілін дамытудың бір құралы.

  13. Ажар

    Мен балабақша тәрбиешісімін. Өте жақсы материал, көп көмегі тиіп жатыр. Ары қарай дамыта беріңіздер.

  14. Ажар

    Мен балабақша тәрбиешісімін. Сайттарыңыз керемет. Көп көмегі тиіп жатыр. Бұдан жақсы заттар аламыз деген ниеттеміз. Өрлей беріңіздер

  15. Айжамал

    Көңілге қонымды, қажет материалдарыныз көп екен. Рахмет!

  16. Гулбаршын

    оо мына санамак такпактары маган кажет нарсе екен,оркендей бериниздер

  17. Камшат Шаяхметова Кенжеканкызы

    Маған осы «Еркетай «сайтында жарияланған санамақ тақпақтары ұнады. Санамақ арқылы баланың ойлау, есте сақтау қабілеттері жақсы дамиды. Санамақ қазақтың ұлттық ойындарының бірі. Ең алдымен ұйқасты өлеңдер балалардың өлеңге деген құмарлығын арттырады.Осындай санамақты жариялап отырған сайт жұмысын жақсы деп бағалаймын.Рахмет сіздерге!

  18. Камшат Шаяхметова Кенжеканкызы

    ұнады

  19. Айгерим

    Оте жаксы маган унады. Рахмеееет

  20. кымбат

    саламатсыздар ма, көп рахмет сіздерге. сайттарыңыз көркейе берсін. 3-5 жас аралығына жеңіл кішкентай тақпақтар көбірек болса

  21. Әділжан

    маған да ұнады сендерге рахмет санамақ та жақсы

  22. Лаззат Бакытжанкызы

    Күшті ? ?

  23. айзат

    я маган да унайды

  24. айжан

    жақсы

  25. adak

    мағанда ұнады

  26. моля

    ӨТЕ ӨТЕ ҚАТТЫ ҰНАДЫ! мен 1-курс оқимын маған санамақ тақырыбындағы мақалаларыңыз көңілден шықты.

  27. назерке

    оте жаксы маган унады

  28. Байболыс

    Керемет

  29. самал

    төрт түлік мал жайлы

  30. жанерке

    өте керемет өлеңдер яғни тақпақтар маған ұнады

  31. Эльвира

    Мен даярлық тобының тәрбиешісімін.Сайттарыныз өте унады.Көңілге қонымды, қажет материалдарыныз көп екен. Рахмет!

    1. жанерке

      тыңдасаң құлаққа жағымды иә

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ