KAZ RUS

Балаларға арналған тақпақтар жинағы

Сабақ

Жазғы демалыс бітіпті.
Бірінші қыркүйек жетіпті.
Сабақ қызық болған соң,
Барлық бала келіпті.

Бұзау
Тентек болма, ақ бұзау,
Еріншек болма, ақ бұзау.
Кең далада сенімен,
Жарысып мен жүгірем.

Ала мысық.
Ала мысық тырнама,
Тырнағаның бола ма?
Ұстайыншы қолыңнан,
Ойнайық, ер соңымнан.

Әдептілік
Біз әдепті баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Үлкендерге жол беріп,
Біз ақылды боламыз.

Наурыз-ай
Наурыз-ай, наурыз-ай,
Тәтті көже бересің.
Қарнымыздың тойғаны-ай,
Кетпейді әлі елесің.
Күшігім
Күшігім менің келе ғой,
Құшағыма ене ғой.
Мойныңа бау тағайын,
Ойынға ертіп барайын.

Мұғалім
Мұғалім біздің анамыз,
Анамызды сыйлаймыз.
Айтқан ақыл, білімін
Ықыласпен тыңдаймыз.

Кішкентай бала
Мен кішкентай баламын
Кітап оқи аламын.
Дәптер, қалам, сызғышты
Сөмкеме өзім саламын.

Бөпешім
Әлди, әлди бөпешім,
Жат бесікте көкешім.
Неге жылай бересің,
Ертең-ақ жүріп кетесің.

Қуыршақ
Қуыршақ, қуыршақ,
Таза суға жуынсақ.
Қол ұстасып, дос болып,
Бақ ішінде қыдырсақ.

Мысығым
Мысығым, кел, кел маған,
Сүт берейін мен саған.
Ит кеп қалса, қорғаймын,
Көтерейін, сен маған.

Гүлдер
Гүлім, гүлім, өсе бер,
Әдемі боп, асыл боп.
Күндей жайнап кете бер,
Қызыл, сары, жасыл боп.

Ер жетсек
Нан жесеңдер балалар,
Үлкен болып өсесің.
Сүт ішсеңдер, балалар,
Тезірек ер жетесің.

Ойыншықтар
Ойыншықтар көп екен,
Бірге ойнайық, балақай.
Көгорай шалғын көк екен,
Жарысайық, алақай!

 

Ойын
Ойын маған ұнайды,
Көп ойнауға болмайды.
Күні бойы доп қусаң,
Ақыл-білім қонбайды.

Құлыншақ.
Құлыншақ, құлыншақ,
Шапқылайсың даламен.
Дос болсайшы құлыншақ,
Мен сияқты баламен.

Көктемде
Бүршік жарып ағаштар
Құстар ұя салады.
Сылдыраған бұлақтар
Ағып бара жатады.

Балықтар
Су астында балықтар
Сазан, шортан, бекіре,
Неше түрлі балық бар
Шошытасың секірме.

Туған күн
Туған күнім бола берсе,
Қуанамын күнде мен.
Үйге қонақ тола берсе.
Шай жасауға үлгерем.

Аяз Ата
Жаңа жыл келгенде
Қуанып қарсы аламыз.
Аяз Ата келгенде
Билейміз, ән саламыз.

Машина
Үлкен болып өскенде
Машина алам мен де.
Бірақ ол үшін әрине
Оқу керек күнде де.

Ақша қар
Ақша қар, ақша қар,
Аппақ болып қонасың.
Тоса қалсам қолымды
Алақаныма толасың.

Сиыр
Көк сиыр бұзау туғанда,
Қамап қойдық қораға.
Көк сиыр тұрды мөңіреп,
«Қайда менің балам», — деп.

балабақша циклограммасы

Ағаш егу
Жақсылықты қолдаймыз,
Табиғатты қорғаймыз.
Гүл егеміз бақтарға,
Айналасын қоршаймыз.

Табиғат
Табиғат біздің анамыз,
Жер–Ана біздің панамыз.
Таза болса табиғат
Біз де аман боламыз.

Мен жерімді сүйемін
Мен жерімді сүйемін,
Жеріме дән себемін.
Ауа таза болсын деп,
Жылда ағаш егемін.

Құстар
Құс ұясын бұзбаңдар,
Балапанын алмаңдар.
Құстар біздің досымыз,
Обалына қалмаңдар.

Лагерь
Біз лагерьде демаламыз, ойнаймыз.
Неше түрлі қызықтарға тоймаймыз.
Жүгіреміз, секіреміз жарысып,
Ән саламыз, би билейміз майысып.
Сонда ылғи біз жеңеміз ұлдарды!
(қыздарды!)

Туған жер
Кең далада жүремін,
Бауырында ойнап күлемін.
Мен жерімді сүйемін,
Ол үшін отқа түсемін.

Көктем
Көктем болды алақай,
Қуанар барлық балақай.
Көктемде жаңбыр болады,
Бақшаға гүлдер толады.

takhpahtar-balaga

Кітап
Кітап деген басыңдағы білімің,
Кітап деген ақыл, ойың, ілімің.
Кітаппенен дос болыңдар, жыртпаңдар,
Жерде жатса көтеріп қой, баспаңдар.

Ана
Ана деп күнде ән салам,
Ауылға бүкіл жар салам.
Қуанту үшін анамды
Күнде-күнде «бес» алам.

Ту
Көгілдір туым желбіре,
Биіктерде қалықтап.
Туым үшін мақтанам,
Әнұраным шарықтап.

Наурыз көже
Наурызда бәріміз
Әткеншек тебеміз.
Жасымыз, кәріміз,
Көп көже ішеміз.

Жаз
Жаз келді алақай,
Ойнаймыз далаға-ай.
Қамалып отырмай
Жүріңдер, балақай.

Күшік
Күшігім менің, күшігім,
Үй күзетер пысығым.
Үргені де шамалы,
Тамақ берсең болғаны.

Табиғат
Бұтақтарды сындырмай,
Тазалықты сақтайық.
Гүл өсіріп, су құйып,
Табиғатты қорғайық.

Тәуелсіздік таңы атты
Тәуелсіздік таңы атты,
Барлық әлем жаңарып.
Осы тұрған халқыма
Бейбітшілік орнады.

Біздің сынып
Біздің сынып әдепті,
Бәріне көмек береді.
Біздің сынып әрқашан
Жетістікке жетеді.
Біздің сынып қашанда
Алғашқы боп жүреді.
Мұғалімдер барлығы
Бізді мақтан етеді.

Анама
Мәпелеп мені өсірген
Ризамын мен өзіңе.
Ана деген керемет,
Сыйлап өтем өмірде.

Кітап
Кітап оқу бұлағым,
Оқытатын ұстазым.
Кітапта бар даналық,
Оқып біліп алайық.

Анама
Анамызды сыйлайық,
Жақсы оқушы болайық.
Үздік оқып сабақты,
Кілең бестік алайық
«Күншуақ» газетіне
Күн нұрындай жарқырап
Шуақ шаштың, «Күншуақ».
Білімнің биік төріне
Бұлақ аштың, «Күншуақ».
Әрбір бетің бір әлем,
Қызыққа толы «Күншуақ»,
Бар балаға жақынсың,
Жарқырай бер, «Күншуақ».

Ана саған көп рахмет
Жан балам деп еркелеткен,
Бесікте бізді тербеткен
Ардақты да аяулы
Ана саған, көп рақмет!

Анамның әні
Анамыздан тыңдадық
Әсем әнді әуелі.
Әлди, әлди, әлди-ай
Әсем әні анамның.

Анашым
Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім
Қартаймашы анашым

Сейтмағанбетова Жұпар Баймұқашқызы
Бастауыш сынып мұғалімі


Пікірлер98
  1. Шынар

    Өте керемет!!!

  2. Ляйла

    Мна тақпақтар маған ұнады,өте керемет.

  3. Ақерке

    Маған тақпақтар қатты ұнады. Өте мағыналы жазылған.

  4. Тогжан

    Тақпақтар үшін рахмет ар түрлі тақырыпта жазылған екен жарайсыздар

  5. Балапан

    Аруна

  6. Насихат

    Рахмет сіздерге шығармашылық табыс тілеймін Еркетай дән издегенинди табады екенсин

  7. Насихат

    Рахмет шығармашылық табыс тілеймін

  8. Botakoz

    Өте жақсы. Керемет тақпақтар. Рахмет.

  9. Бану

    Балаларға жаттауға жеңіл екен. керемет

  10. ЖАДЫРА

    маган такпактар оте катты унады бул макалдарды жазган адамга рахметимди айтамын

    1. Erketai (автор)

      Неге басқа адамның пікірін көшіріп қойып жатырсыз, егер өз пікіріңіз болмаса басқа адамның пікірін көшіріп қоюдың қажеті жоқ.

  11. Айман

    Тәрбиешілерге таптырмас сайт. Керек материалдарыңды табасың. «Балаларға арналған тақпақтар жинағы» бөлімінде барлық 5 облысқа арналған әсіресе қоршаған орта тақырыбында тақпақтар көп екен. Балаға жаттауға оңай әрі жеңіл.

  12. Айболек

    Балаларға өте қызықты, және ойлау қабілетін арттыратын тақпақтар екен, ұнады

  13. Ажар

    Жеңіл әрі жаттауға оңай екен. Өте жақсы материал. Алдағы уақытта бұданда жақсысын аламыз деген үміттеміз

  14. Индира

    Керемет тармақтар балаларға өте кере

  15. Айгерім

    Осы тақпақтардың барлығын жаттатып койдым.коптеген такпактар үшін рахмет.балаларга оте жеңіл әрі оңай

  16. Жанат

    Керемет. Тағы әріптер мазмұнында тақпақтар болса.

  17. Дана

    Салем .Тауық әтеш жайлы тақпақ керек еді.

  18. Дана

    Уй құстары туралвы тақпақ болса жазыңыздаршы өтініш

  19. Айнур

    Өте керемет.Маган ұнады.

  20. Саня

    Өтнем ұлдар мерекесіне 4шумақ жаттау шығарып біріңіздерші

  21. Каналқұл Нұрила

    керемет

  22. Роза

    Жақсы екен, маған ұнады.

  23. Асем

    Оте керемет такпактар. Менин 3 теги кызым бала бакшадан осы такпактарды айтып келеди кунде оте кушти рахмет😊🤗👍

  24. Калия

    Унады

  25. Жанбай Шүйіншәліұлы Өзденбаев

    Білім күні

    Сары ала бұрымы,
    Сары үрпек тұлымы,
    «Білім күні» мейрамы
    Қыркүйектің бұ күні.

    Мініп алып мәстекке
    Ақыл айтып кетпекке
    Шопан ата келді де
    Сөз сөйледі мектепте:

    — Атамыздың кәсібі,
    Азығы, һәм, нәсібі,
    Қой бақсаңдар, балалар,
    Аш болмайсың, асылы.

    Осы кезде мәстегі,
    Тоқ күніне мас, тегі,
    Ақырды кеп, шамасы-
    «Жаңағы сөз рас» деді.

    Көзір таппай жұмыстан,
    Казиноға туысқан
    «Шоу-мэн» даусын шығарды
    Сәкідегі бұрыштан:

    — Оқы, оқы, оқы деп
    Айтқан Ленин сан рет;
    Жұмыс істеп қиналмай
    Оқи берген ғанибет.

    …Уағыздарға жеңілме,
    Ғылым еніп сенімге
    Ақиқатқа табынсаң
    Көктер сенің елің де.

    Надандықтан түңілген,
    Қудалауға ілінген
    Діні берік ғалымдар
    Қуат алған білімнен.

    Қылмысшы да, молда да,
    Ұлық — елі қолдаған,
    Өсіп шығар қайсы да
    Білім еккен ордадан.

    Көнсең осы дәлелге,
    БІЛІМ деген әлемге,
    Кім болсаң да бұ күні
    Тағзым етіп, «сәлем» де.

    Жанбай Шүйіншәліұлы Өзденбаев

  26. Ерке

    Балабакшага кишкене ауырлау сиякты Ма? Әдептілік туралы тақпақты алдым рахмет🙏🏻🙏🏻👍🏻👍🏻👍🏻

  27. майра

    magan ynadi kerek narsenin bari bar

  28. Майра

    такпактар жаксы екен.аке туралы такпактар болса.

  29. Майра

    такпактар оте жаксы.əке туралы такпактар болса!

  30. Жұпар

    Саған ұнамаса осындағы 1000 адамға ұнапты, сол алғыс айтқан адамдарға рақмет! Мен үшін өлеңдерім балаларға ұнаса болды.

  31. Ермек

    Өте маған үнады.маған егер бүгін ата аналар бұрышы зор табиғат ын күй бұрыштарына тақпақтар болса жазасыздар ма?рахмет!

  32. Tiger

    Маган жер ана туралы керек еди 5 жолды

  33. Жұпар Сейтмағанбетова

    Рахмет

  34. Ержан Касымбеков

    жаксы екен

  35. Арман Кауметов

    ЖАКСЫ

  36. Аягуль Батырханова

    Маған əдептілік туралы тақпақ керек 2-3 шумақ

  37. ЖАНСАЯ

    Такпактардын уйкасы унамады.

  38. Амансулу

    Керемет ! Маған ұнады !
    Енді баланың ата-аналарына арналған сосын таныстыру түрлерін шығарсаңыздар деген ойым бар

  39. Толкын

    Бала бакша балаларына арналган жаксы екен

  40. Алуа

    Керемет.

  41. Sherzod

    Nomeri jok Nomer jasinisdarshi

  42. Тұрар

    Базар жоқ

  43. Динара

    Оте Жаксы, Балага тез жаттамды магыналы екен

  44. Молдир

    Оте керемет,жаттаганга да онай, бизге катты унады,кызым екеумиз почти барлыгын жаттадык, аке туралы апасымен атасы туралы да такпактар болса жаксы болар еди… Рахмет

  45. Майра

    Маган аке туралы такпак керек еди

  46. Бақытгүл

    жақсы

  47. auzar

    jahsi eken

  48. Kuralai

    Маған осы сайт өте ұнайды

  49. маржан

    Өтініш маган табиғат туралы 4шумакты олендер жазыныздаршы

  50. Лунара!!

    көшірілінбейді дейсіз, бірақ кез келген адам копировать етпей-ақ та, жазып ала алады ғой

  51. Замира

    Мен озиме керекти такпактарды алдым. Коптеген рахмет. Еңбегініз жемисти болсын

  52. Gulzhaina

    Бул сайтка улкен рахмет озиме керекти материалды алдым!

  53. Шынар

    Сәлеметсиздерме! маған мақалалар өте ұнады.

  54. Гулим

    Оте керемет!

  55. Жамила

    Такпактар оте керемет. Рахмет сиздерге.

  56. арна

    жаксы

  57. Ақбота

    тақпақтар маған қатты ұнады.бырақ жаңа жылға арналған екі шумақ тақпақтар жоқ екен.

  58. Жазира

    Барлығы жақсы. мінезді. тақырыбы бар.

  59. Салтанат

    Керемет!Маған ұнады.

  60. Айнур

    Маган унады

  61. Айнур

    Рахмет маган унады такпактар.

  62. sdsada

    Alhamdulillya!!!

  63. sdsada

    plz bratva vopr jizni i ocenki
    kak skopirovat stiwki???

    1. Erketai (автор)

      Нажмите на одну из социальных кнопок выше, чтобы получить доступ к заблокированному контенту.

  64. Тукенова Аяулым

    Ақылшым менің ұстазым
    Ақылшым менің ұстазым
    Көркіне өзі сай келед
    Дария Мәдениетқызы
    Білім берген қамқоршым
    Өзі сұлу, сыпайы
    Жүрегі жылы ақ көңіл
    Мейрімімен нәзігі зор құрметке лайықты

  65. Амина

    тамаша

  66. Куаныш

    Маган унады

  67. Әлия

    Алма кетті домалап
    Көшін бойын жағалап
    Кім алманы табады
    Сол ойыннан шы-ға-ды!

  68. алишер

    туган жер
    суйем сени,туган жер,
    ажем жургектуган жер.
    шапкан жауды елимнен
    батыр бабамкуган жер.

  69. Асем

    оте тамаша

  70. Бакдаулет

    Такбактар жаксы екен маган катты унады тагда коссандар жаксы болар ед

  71. utkenovatalibaeva82@mail.ru

    маған да ұнады

  72. aknur

    маған өлеңдер өте-өте ұнады,бірақ көшірілмейді екен.ұнады

  73. Ақнұр

    маған әке туралы төрт жол тақпақ керек,маған тез арада керек еді,бірақ өлеңдердің ішінен таппадым

  74. ******

    хат жазуды балапан
    үйреніпті жанадан
    хабар алып қуанды
    дос таптым деп қаладан

  75. Гуля

    Оте керемет!

  76. НЕКА

    ҚАЙТА ҚАЙТА ОҚЫҒЫМ КЕЛЕТ

  77. аека

    иә күшті ұнады қызықты екен

  78. Aruka

    маган барлыгы унады кошты

  79. шыныбек

    Маган катты унады.ким жазса да рахмет!

  80. хакер

    супер

  81. хакер

    мақалдар өте жақсы рақмет сізге

    1. alibek158

      кал калай

  82. Камила

    өлендеріңіз өте жақсы! Ініме өте қатты ұнады!

  83. Асылжан

    Әкем менің ардақты,
    Мейірімді салмақты.
    Жүзге дейін жасай бер,
    Мәңгі өмір сүребер.

  84. акерке

    ана ана анашым
    түн ұйқысың төрт бөлген
    ауырмашы балам деп
    дәрі дәрмек әкелген

  85. акерке

    өлеңдерің керемет рахмет

  86. гулбаршын

    3жасар балама катты унады!

  87. Мадина

    маған ұнады

  88. жандос маужанов

    Аяз ата кандайсын
    Сексендеги шалдайсын
    отирик сакал койып ап
    бизди неге алдайсын

  89. султан

    маган такпактар оте катты унады бул макалдарды жазган адамга рахметимди айтамын

  90. молдир

    мен озиме керекти такпактарды алдым рахмет

  91. Дамира

    Wynymdy aitsam takpaktar mulde unagan jok. Sebebi: 1gana wumaktan magan 4-5 wumak takpak kerek edi

    1. Erketai (автор)

      Алдағы уақытта ауқымды тақпақтар жариялауға тырысамыз.

  92. Gulzira

    sait ote zhaksi eken

  93. аЙЖАН

    маған тақпақтар қатты ұнады бырақ ең жаманы көшірткізбейді екен неге?

    1. Erketai (автор)

      Сәлем! Ескертуді оқымадыңыз ба? Егер сізге сайттағы мақаланың біреуі керек болса сізде сайтқа бір мақала жариялаңыз. Содан кейін қалаған мақалаңыз сіздің электронды почтаңызға жіберіледі. Жіберілетін мақала интернетте жарияланбаған болуы тиіс!

Добавить комментарий

ErKeTai.KZ