Даярлық тобына арналған тақпақтар

Күз келді
Келді міне күз,
Айнала сары түс.
Керемет, тамаша,
Қандай әсем күз.
Жеміс-жидек пісті,
Қамбаға астық түсті.
Қызу жұмыс басталып,
Жинап алды жан салып.
Бала тілегі
Соғыс мүлдем болмасын,
Бейбітшілік орнасын.
Елбасымыз аман болып,
Қазақ елін жайнатсын!
Аман болсын елім,
Аман болсын жерім.
Аман блсын барлығы,
Аман болсын жанұям.
Ұя салды
Құс қанатын қақты,
Біздің ауыл жақты.
Ұя жасап жайлы,
Балапанын бақты.
Авторы: Кауменова Сания Кусановна Алматы облысы, Сарқан ауданы, Сарқан қаласы, «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп» кмм-нің мектепалды даярлық тобының жетекшісі
