Шошқа мойын (Паротит)

Паротит (шошқа мойын) — жұқпалы ауру, онымен балалар, кейде ересек адамдар, тіпті мал да ауырады. Ауруды таратушы сырқат адам. Оның қоздырғыш вирусы ауа арқылы тарайды. Паротитпен көбіне 5 жастан 15 жасқа дейінгі, соның ішінде ер балалар жиі ауырады. Бала бір ауырған соң оның бойында тұрақты иммунитет пайда болады.

Ауру қоздырғыш вирус жоғарғы тыныс мүшелері арқылы қанға өтіп сілекей, ас қорыту, жыныс бездерін, нерв жүйесін, бүйректі, бауырды зақымдай бастайды. Сау балаға ауру қоздырғыш жұққаннан кейін паротиттің алғашқы белгілері білінгенше 11—23 күндей, кейде 18—25 күндей уақыт өтеді. Алғашқы күндері баланың аздап мазасы кетіп, ұйқысы бұзылады, температурасы көтеріліп 38—39 градусқа жетеді.

Құлақ сыртының безі қатты ісініп, ісік мойынға дейін жайылады. Науқас баланың мойны торайдың мойнындай болып кетеді. Сондықтан халық оны шошқа мойын (свинка) деп атап кеткен. Мұндай бала аузын ашқанда, тамақ ішкенде ауыратын болғандықтан ас іше алмай қиналады. Арада 4—5 күн өткеннен кейін бездің ісігі аздап қайта бастайды.

Шошқа мойынның асқынуы да мүмкін. Ондайда ұрық безі, ас қорыту, ұйқы бездері ісініп, бала лоқсып құсады, іші ауырып өтеді.

Науқас бала сау балалардан бөлек, алғашқы күндері төсекте жатуы тиіс. Аузын, тісін таза ұстап, сілекей бездерін, яғни құлақ сырты, мойын бездерінің тұсын жылы грелкамен немесе лампымен қыздыру керек. Алғашқы күндері сұйық тамақ берген жөн. Жеміс-жидек шырындарың, көкөністердің қайнатындыларын, компотты, қайнаған суды аз-аздан жиі-жиі ішкізіп отыру қажет. Сырқат баланың он күн бойы сау балалармен араласуына болмайды.

Егер ауру асқынбаса, онда балаға антибиотиктерді берудің қажеті жоқ. Онымен бірге болған сау балалар мектеп жасына дейінгі балалар мекемелеріне 11 күннен 21 күнге дейін жіберілмейді.

Балаға бұл ауруға қарсы 15—18 айлығында бір рет қана егеді.

Қызамық немесе скарлатина бұл қандай ауру және оның белгілері.

Полиомиелит ауруының негізгі белгілері қандай?

Сүзек бұл қандай ауру және ол қалай басталады.

Инфекциялық монопуклеоз ауруы және оның белгілері.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер2
  1. Бекзат

    Өте жақсы.
    Адамдар басқа аурулардың алдын алу үшін адамдарды хабардар етеді.

  2. Гүлнұр

    өте жақсы мәліметтер бар екен. Көшіріп алуға болама?

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ