Гангрена

Адам ағзасының бір мүшесінің немесе тінінің бір бөлігінің өлі еттенуін гангрена деп атайды. Гангренаның пайда болуына қан тамырлары қабырғаларының өзгеруіне байланысты тіндерді қанмен қамтамасыз етудің бұзылуы немесе қан тамырларының бітеліп қалуы себепкер болады.

Мұндай жағдай біртіндеп жүреді, мысалы тромбоз (қан тамырларының қабырғаларында қанның ұюы) немесе аяқ астынан болатын эмболия кезінде (қан тамырларының тығындалуы).

Сондай-ақ, аяқтағы тіндердің қабынуы — флегмона да гангренаның дамуына әкеледі. Гангренамен көбінесе қарт адамдар ауырады, себебі адамның жасы ұлғайған сайын олардың қан тамырларында өзгерістер болады.

Бұл ауру негізінен аяқты зақымдайды. Зақымданған тін бөліктері шіріп, теріде қызыл-көк таңбалар пайда болып, қан тамырларының соғуы төмендейді. Гангренамен ауырған адамның өмірін алып қалу үшін хирургиялық операция жасап, тіннің шіріген бөлігін кесіп, алып тастайды.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Жарық немесе грыжа қалай пайда болады.

Жабысқан жер немесе спайки сипаттамасы себеп салдары.

Варикоз ауруының сипаттамасы және себеп салдары.

Ревматизм дегеніміз қандай ауру оның негізгі белгілері қандай?

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ