Варикоз

Адамның бүкіл терісінің астынан жіңішке көк түсті сызықтар көрініп тұрады. Олар тарамдалып, бірі-бірімен қосылып жатады, міне бұлар — адамның қалыпты түрдегі вена қан тамырлары. Дененің басқа вена қан тамырларына қарағанда, аяқтағы вена қан тамырлары өзгешелеу келеді.

Қан кеуденің төменгі жағынан ағып шығып, жүрекке құю үшін, жоғары қарай көтерілгенде, өзінің жолындағы адамның салмақ күшін женуі керек. Сондықтан, адам тік тұрғанда, аяқтағы вена қан тамырларында қан қысымы әрқашанда жоғары болады.

Кей адамдарда, күн ұзағына аяғынан тік тұрып жұмыс жасайтындарда, әсіресе әйелдерде, кешке қарай аяқтарындағы вена қан тамырларының кеңейгені байқалады.

Олар біртіндеп, тері астында білеуленіп, тығыздалған көкпенбек түйіндер құрайды, кейде мұндай түйіндер қатты ауырады. Міне, мұны вена қан тамырының кеңейіп түйінделуі, яғни, варикоз ауруы деп атайды. Вена қан тамырлары қабырғаларының әлсіздігіне байланысты қан айналысының жылдамдығы төмендейді.

Кеңейіп түйінделген вена қан тамырларының үстіндегі тері көгеріп, жұқарады, кейде тесілуі де мүмкін, мұндай жағдайда ауру ұзаққа созылады.

Кейбір адамдардың ағзасы бұл ауруға іштен туа бейім болады. Ондай адамдарға жалпы ағзаны шынықтыратын, әлдендіретін ем қолданылады, сондай-ақ варикоз болған аяқты эластикалық дәкемен байлап қояды. Егер ауру асқынып кетсе, хирургиялық операция жасалып, түйінделген жерлер алынып тасталады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Жүрек-қан тамыр аурулары

Қан кету нешеге бөлінеді және оның сипаттамасы.

Гангрена қалай және үшін пайда болады?

Тонзиллит ауруының негізгі белгілері себебі мен салдары.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер2
  1. Жами

    естуим бойынша баланы коп емизсе де букирейып калад дейди оз басым оган сенбейм

  2. Алма

    Ақпарат жақсы берілген,көкейімдегі сұрақтарға жауап алдым

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ