Қан кету

Қан қан тамырлары арқылы ағады. Кейде алған жарақаттың әсерінен және әр түрлі аурулардың салдарынан қан тамырларының қабырғалары жарылып немесе жыртылып кетуінен қан тамырларынан қан кетеді.

Қанның кетуіне байланысты: сыртқа қарай қан кету (мысалы, терідегі жарадан қан сыртқа қарай ақса) және ішке қарай қан кету (қанның ішкі мүшелерге немесе кеуде, құрсақ қуысына қарай ағуы) деп аталады.

Бұдан басқа, қан кету артериялық, веналық және капиллярлық болып бөлінеді. Артериялық қан кету кезінде алқызыл түсті қан шапшып ағады. Веналыққан кету қара күрең түсті қан жайлап ағады. Капиллярлық (қылтамырлык) қан кету кезінде қан тамшылап ағады.

Бұл қансыраулардың ішінде ең қауіптісі — артериялық қан кету. Мұндай кезде науқас адам көп қан жоғалтуы мүмкін, соның салдарынан адам бірнеше минуттың ішінде өліп те кетуі мүмкін. Сондай-ақ, ішкі қан кету де (мысалы, ойнап жүргенде ішіңмен құласаң, биік жерден немесе велосипедтен құласаң) өте қауіпті.

Мысалы, бауырдан, көкбауыр немесе бүйректен қан кетсе, ол құрсақ қуысына жиналып қалады да, осы мүшелерді басып тастап, олардың қызметін бұзады. Мұндай жағдайда, адамның өмірін тек жедел жасалған хирургиялық операция алып қалады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Миға қан құйылу себептері мен белгілері.

Қарынның және он екі елі ішектің ойық жарасы.

Менингит немесе ми қабығының қабынуы негізгі белгілері.

Жыланкөз (свищ) қандай ауру сипаттамасы.

Пікірлер4
  1. Акерке

    Иа менің анвмда 1 ай бойы осынжай болды толық жауап берсеңіздер

  2. Динара

    Осындай жағдайларда корсетилетин алғашқы көмек туралы жазып отсеңіздер

  3. Айдана

    Кезінде дәрігер болғым келіп еді, алайда мұғалім оқуына түсіп, ұмытылды оол арман. енді осындай мақалаларды оқып, өз ағзамда не болатының білетін болдым

  4. Гүлбану

    Қан кетудің себептерін білдім

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ