Бүйректің қабынуы

Бүйрек — адам ағзасындағы өте күрделі және өте нәзік мүше, себебі ол әр түрлі ауруларға сезімтал келеді. Кейбір жұқпалы аурулар, мысалы баспа (ангина) мен тілме асқынып кеткенде, бүйректің қабынуына алып келеді. Сондай- ақ, бүйректің жұмысына балаларда болатын скарлатина, дифтерия, тағы да басқа жұқпалы аурулар жағымсыз әсер етеді.

Бүйректің қабынуы немесе нефрит басталғанда адамның белі ауырып, кіші дәретке бара береді, дене қызуы көтеріліп, әлсіздік, кейде бетте ісік (әсіресе, таңертең ұйқыдан тұрған кезде) байқалады. Ауырып тұрған бүйректер өз жұмысын нашар атқарады. Бұл ағзада улы заттардың жиналуына жағдай жасайды.

Нефрит кезінде артериялық қан қысымы көтерілуі мүмкін. Бұл аурудың белгісі білінісімен- ақ уролог-дәрігерге қаралып емделу қажет. Ауру асқынып кетсе, бүйректер өз қызметін атқара алмайды, соның салдарынан ағза улы заттардан тазармай, улана бастайды.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Бұғақ немесе зоб ауруының белгілері мен сипаттамасы.

Қабыну дегеніміз не және оның себеп салдары мен сипаттамасы.

Тонзиллит ауруының негізгі белгілері себебі мен салдары.

Тілме дегеніміз қандай ауру?

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ