Бүйрек

Бүйрек

Бүйрек несеп түзетін және оны шығаратын жұп мүше. Ол ағзада бел омыртқасының екі жағында орналасқан және сыртқы түрі ас бұршаққа ұқсайды. Оның иілген жерінен ішіне қарай қан тамырлар мен жүйкелер кіреді.

Бұл орган қаннан ыдыраған заттарды сүзіп шығарады. Бұл процесс бүйректегі кішкентай денелер — нефрондар арқылы іске асады. Әрбір нефрон әр түрлі бүйрек өзекшелерінен тұрады.

Керексіз заттар сүзіліп болғаннан кейін, несеп түзіліп, ол өзекшелер арқылы бүйрек астауларына құйылады.Бүйрек астаулары қалың бұлшық етті түтікше — несеп ағарға жалғасады. Ол бүйректі қуықпен байланыстырып, жиналған несеп сыртқа шығарылады.Адамнан тәулігіне 1,2—1,5 литр несеп бөлінеді.

Бүйрек үсті безі

Бүйрек үсті безі ішкі секреция бездеріне жатады. Олардың пішіні екі кішкентай үшбұрыш тәрізді, бүйректің үстіңгі жағында орналасады. Оның екі қабаты болады, сыртқы қабатын — қабығы, ішкі қабатын — ми заты деп атайды. Бұл бездерде әр түрлі гормондар түзіледі.

Адам қатты қорыққанда жүрегі жиі соғып, терісі бозарып, алақанының терлеуі — бүйрек үсті безінің ми заттарынан бөлінетін адреналин гормонының әсерінен болады. Адреналин норадреналин гормонымен қосылса, қан тамырларын тарылтады.

Бүйрек үсті безінің сыртқы қабатынан ағзада минералды заттардың алмасуын реттейтін, ағзаға қажетті заттардың клетка қабығы арқылы тасымалдауын қамтамасыз ететін, бұдан басқа, ұл балалар мен қыздардың жыныстық жағынан жетілуіне әсер ететін гормондар бөледі.

Кейде осындай гормондардың әсерінен ұл балалардың бетінде түк өсіп, дауыстарында өзгеріс болуы, ал қыздарға мұрт өсе бастауы мүмкін. Ондай жағдайда эндокринолог-дәрігерге қаралу қажет.

Несеп тасы (мочевые камни) қалай пайда болады?

Гипофиз дегеніміз не?

Гормондар туралы не білеміз?

Бездер жайлы біз не білеміз?

Пікірлер12
  1. Эльмира

    Бүйрекке коп салмак тусирмеу керек .

  2. Refat

    Қорқынышты

  3. Гаухар

    тамаша ақпарат екен

  4. Дильназ Мухаммедова

    Керемет, бүйрек туралы түсінікті жазылыпты

  5. Макбал

    керемет десем келісесіздер го түгел иә?

  6. үміт

    дурыс жазылган пайдалы акпарат рахмет

  7. Увалиева Жанна

    Рақмет, менiң сол жақ бүйрегім ауырады. Негізгі бүйрекке кутiм керек. Ауырмаңыздар!

  8. Эльвира

    Бүйрек адам өміріне ең қажетті мүше, жақсы айтылған екен

  9. Seiil

    бүйректің адам өміріне деген маңыздылығы көп екене

  10. Алма

    Қорыққанда жүректің жиі соғуы на да бүйректің қатысы бар екен,қызықты мақала екен

  11. Гүлбану

    қан тамырларының неліктен тарылатынын білдім

  12. Елена

    Бүйрек адамның маңызды ағзарының бірі. Тамаша ақпаратыңызға рахмет!!

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ