Гипофиз

Гипофиз

Ішкі секреция бездерінің барлық жұмысын мидың төменгі бөлігінде орналасқан, көлемі шағын гипофиз безі атқарады. Оның салмағы 0,5-0,6грамм болғанымен, ағзада атқаратын жұмысы зор. Гипофизде 30-дан астам әр түрлі гормондар түзіледі. Ол алдыңғы, орта (аралық) және артқы (жүйкелік) бөліктен құралған.

Алдыңғы бөлігінен баланың бойын өсіретін, жыныстық жағынан дұрыс жетілуін және қалқанша бездің қызметінің дұрыс атқарылуын қамтамасыз ететін гормон бөлінеді. Орталық бөлігінен терінің түсінің ақ, қоңыр, қара болуына әсер ететін — меланин пигментін түзетін гормон бөледі.

Ал артқы бөлігінен артериялық қан қысымын және ағзадан су бөлінуді реттейтін гормон түзіледі. Гипофиздің жұмысы шамадан тыс күшейіп немесе әлсіреп кетсе, ондай жағдай ағзада елеулі өзгеріс туғызады. Мысалы, гипофиздің қызметі тым күшейіп кетсе, баланың бойы шамадан тыс өсіп кетеді. Ал оның жұмысы әлсіреген жағдайда баланың бойы өспей қалады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Қалқанша безінің ағзада атқаратын қызметі.

Бүйрек және Бүйрек үсті безі туралы ақпарат.

Қан кету нешеге бөлінеді және оның сипаттамасы.

Бұғақ немесе зоб ауруының белгілері мен сипаттамасы.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер11
  1. Анель

    Керемет түсінікті жазылған көп көп рахмет

  2. Айгуль

    Ішкі секреция бездерінің барлық жұмысын гипофиз безі атқаратын білетін болдым.

  3. Айгерим

    Гипофиз дегенді бұрын естігенім бар, бірақ баланың бойына қатысты екенін және көріп тұрмын

  4. үміт

    кызыкты акпарат ушин рахмет

  5. Эльвира

    Барлық ішкі секрециялық бездердің орны, қызметі маңызы зор ғой!

  6. наргиз

    дұрыс жазылған

  7. Алма

    Гипофиз адам ағзасында маңызды рөл атқарады екен,бұл мақала болмаса оны білмейді екенмін

    1. Индира

      Менде де сол МРТ -признаков потолгических изменений головного мозга не выявлено Умеренная гиперплазия гипофиза
      Деп диогноз қойылған екен маған мен мүлде білмим басым қатты тоқтамай ауырады мим ауа жетпи қысылып қалады сғцтіп МРТ невропотолог қағаздарын оқып интернет іздеп оқып енді түсіндім мен алдын 2020ж 64 кг ем августте биыл 2021 июнь 81 кг ашушаңмын даусымда өзгерген жағымсыз болып

  8. Гүлбану

    Гипофиздің бой өсуге ықпалы туралы білдім

  9. Мейрамбек

    Гипофиздің артұы бөлігі əлсіреген ба сонда
    Менің бойым 165 см өспей қалған
    Ал гипофизді қалай жұмысын күшейтуге болад

    1. сандра

      Бұл гармон не жағдайда төмен деп кетет

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ