Бұғақ ауруы

Жасөспірімдер, әсіресе қыздар балиғатқа толу кезінде олардың денелерінде әр түрлі өзгерістер болады. Соның бірі — олардың мойнының алдыңғы жағының томпайып өскені көзге айқын байқалады. Бұдан қорқудың қажеті жоқ, өйткені ағзаның жыныстық жетілуі кезінде, бұл қалқанша бездің уақытша қарқынды жұмыс жасауының белгісі.

Бірнеше жылдан кейін, адам жыныстық жағынан әбден жетіліп болған соң, гормондардың қарқынды бөлінуі тоқтайды да, қалқанша бездің көлемі кішірейіп қалпына келеді. Бірақ, кейде ересек адамдарда қалқанша бездің көлемі өте қатты үлкейіп кететін кездері болады.

Бұл кезде мойынның алдыңғы жағы томпайып, бұғағы салбырап кетеді, міне осыны — бұғақ ауруы немесе зоб деп атайды. Бұл ауру ағзаға ұзақ уақыт йод жетіспегеннен болады. Сондай-ақ, бұғақ ауруы базедов ауруынан кейін де дамуы мүмкін. Өйткені, бұл кезде қалқанша без өте көп мөлшерде гормон бөледі. Аурудың алғашқы белгісі білінісімен эндокринолог-дәрігерге қаралып, оның берген емін дұрыс алу қажет. Егер ауру асқынып кетсе, операция жасайды.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Теміреткі дегеніміз не?

Бүйректің қабынуының сипаттамасы және белгілері.

Гипофиз дегеніміз не?

Мысқыл (свинка) немесе шірінше ауруының негізгі белгілері.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер5
  1. Айгерим

    Зоб ауруы туралы түсінікті жазылған. Керемет

  2. Айгуль

    өзімде де осы зоб бар. сол зоб ауруының қалай? қай уақытта пайда болатынын түсіндім. рахмет

  3. наргиз

    зоб туралы білетін болдым

  4. Алма

    Өте маңызды ақпарат,өйткені қазір зоб ауруы жиі кездеседі

  5. Гүлбану

    Зоб ауруы туралы оқып білдім

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ