Базедов ауруы

Күнделікті өмірде көзі шарасынан шығып, бадырайып тұратын және қалқанша бездің ұлғаюынан бұғағы салбырап тұратын адамды жиі кездестіруге болады. Егер осындай адамдарға анықтап қарасаң, олардың қолдарының дірілдеп тұрғанын байқайсың. Бұл ауруды өткен ғасырда алғаш рет неміс дәрігері Карл Базедов сипаттап жазған, сондықтан ол базедов ауруы деп аталады.

Бұл аурудың одан басқа арнайы — тиреотоксикоз деген аты да бар. Базедов ауруы адам қанында қалқанша без қызметінің күшеюіне және одан бөлінетін гормон мөлшерінің шамадан тыс көбейіп кетуіне байланысты ағзаның улану салдарынан болады. Мұндай жағдай кейде жасөспірімдердің жыныстық жетілуі кезінде, әсіресе қыздар осы кезде жұқпалы аурулармен ауырса, байқалады.

Ауру кезінде адамның жүрегінің соғысы жиілеп, ашуланшақ келеді, тамаққа тәбеті жақсы болғанымен, адам жүдеп кетеді. Бұл ауруды емдеу үшін, науқастың қалқанша безінен гормондардың бөлінуін тежейтін препараттар беріледі. Егер ауру асқынып кетсе, онда операция жасап, қалқанша безді алып тастайды.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Бұғақ немесе зоб ауруының белгілері мен сипаттамасы.

Жыныс мүшелерінің жұқпалы аурулары (венерические болезни).

Бүйректің қабынуының сипаттамасы және белгілері.

Қарынның және он екі елі ішектің ойық жарасы.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ