Қалай жүкті болуға болады

Ананың құрсағында жаңа өмірдің пайда болуы үлкен бір тылсым дүние. Көптеген болашақ аналарда осы табиғи кұбылысты тездетуге байланысты ойларын мынадай сұрақтар мазалайды:«Бала қалай көтеруге болады» немесе «Қалай тез арада жүкті болуға болады».Мақалада осы сұрақтарға ретімен жауап беріп көреміз.

Сіз қанша «Қалай тез жүкті болуға болады?» деп ойлағаныңыз бен, ең алғашқы қадамды құрсақ көтеруге дайындықтан бастағаныңыз жөн. Маманның қаралуында болып өз денсаулығыңызда қандайда бір кінәраттың жоқтығына көзіңізді жеткізіңіз. Егерде ағзаңызда тез жүкті болуға кедергі келтіретін қандайда бір қиыншылықтар болса, дер кезінде алдын алуыңызға болады.

бала қалай көтеруге болады

Дәрігелер құрсақ көтерместен 3 ай бұрын және одан соң да болашақ аналарға фолий қышқылын қабылдауға кеңес береді- ол плацентаның (баланың жолдасы) және болашақ нәрестенің жүйке трубкасының (болашақ орталық жүйке жүйесі) қалыптасуына өте керекті дәрумен. Себебі фолий қышқылы – ағза өздігінен бөліп шығара алмайтын В9 дәрумені, бірақ бұл дәруменді жүктілік басталмай тұрып жинап алу керек.

(Кез-келген дәрі-дәрмекті дәрігердің кеңесінен соң ғана қабылдауға кеңес береміз)

Диета дегеннен мүлдем бас тартыңыз. Егер арық әрі дене бітіміңіз сымбатты болғанын қаласаңыз бұған қоса ана болғыңыз келсе, көңіл-күйіңізді түсірейін сізге осы екеуінің біреуін ғана таңдау керек.

Егер сіз жүкті болуды таңдасаңыз дұрыс тамақтануды ұмытпағаныңыз дұрыс. Өйткені калориясы төмен тағамдарды  тұтыну фертилді кезеңде бөлінетін гормондарға кері әсерін береді. Мына нәрсені ұмытпаңызда дұрыс болады салмағыңыздың күрт өсуі немесе төмендеуі жүкті болу мүмкіндігін айтарлықтай төмендетеді. Сол себепті өзіңіздің қалыпты салмағыңызды жүкті болмас бұрын реттеп алыңыз.

Болашақ әкеде жүктілікке байланысты дайындыққа міндетті түрде өз үлесін қосқаны жөн. Ол өз денсаулығына мұқият қарап бүкіл жаман әдеттерден оның ішінде : шылым шегу, алкаголь сияқты жаман әдеттерді айтпағанда жабысып тұратын синтетикалық іш киімдерді пайдаланбай, қандайда бір сәуле тарататын заттарды(телефон, ноутбук) беліне жақын жерде ұстамауы керек.

Бұл нәрселердің барлығы еркектің ұрық жасушаларының сапасына әсерін тигізеді.Сондықтанда бұл факторлардың өзі де әйелдің тез жүкті болу мүмкіндігіне кесі әсерін тигізеді.

Ерлі-зайыптылардың екеуінің де денсаулығының мықтылығы мен физикалық жағдайыңың жақсы болуы «жоспарлап» жүкті болуға ешқандай кепіл бермейді.

жүкті болу үшін

Алайда алғашқы қадамдарыңыздан ақ ойлағандарыңыз жүзеге аспай жатса еш түңілудің қажеті жоқ себебі денсаулығы мықты деген жұптардың өзіне жүкті болуға кемінде 6-12 ай кетіп жатады, бұл мерзімнің өзі денсаулықта бір кінәрат бар дегенді білдірмейді. Ең бастысы күйзеліске түспеңіз.

Көп жағдайда тез жүкті болғысы келген болашақ ана бір-екі талпыныстан соң салы суға кетіп еңсесі түсіп кетуі мүмкін. Бірақ бұл тірлікте ең бастысы жүктіліктің тез басталғаны емес, дені сау нәрестені дүниеге әкелу екенін ұмытпағаныңыз жөн.

Өйткені күнделікті өмірде болатын қиыншылықтар мен «тезірек» бала көтеру керек деген мәселеңіз қосылып созылмалы күйзеліске әкеліп соғуы мүмкін,ал бұл өз кезегінде сіздің денсаулығыңызға әсірін тигізбей қоймайды. Әрине әрдайым шаттанып жүру өте қиын, бірақ сіздің мақсатыңыз күйзеліске әкеп соғатын кез-келген нәрселерден өзіңізді аулақ ұстауға тырысу.

Овуляцияны қалай анықтауга болады

Сайтымыздағы мына Овуляция күнтізбесін есептеу бетін пайдалануға кеңес береміз. Әр етеккір(менструальный цикл) циклінде сіздің жүкті болуыңызға болатын бірнеше күн ғана болады оны аналық жасушаның жетілуі (овуляция) деп атайды.  Жобамен әр екінші жұп жүктілікке әрекетті жайсыз уақытта жасайды. Өйткен олар осы қолайлы фертилді фазаның қашан келетінін білмейді.

Фертилді фаза— бұл кемеліне жеткен ұрықтануға дайын аналық жасушаның құрсаққа келіп түсуі яғни әйелдің жүкті бола алатын уақыты. Егер еркектік ұрық қынапқа фертилді емес кезеңде түссе ұрықтану процессі жүзеге аспайды .Өйткені бұл фазада еркектік ұрықты ұрықтандыра алатын жетілген аналық жасуша болмайды. Сіздерде бұл күнді қалай анықтаймыз деген заңды сұрақ туған болар мақаланы ары қарай мұқият оқимыз.

Сары дене гормонының бөлінуі

Овуляцияның жақындауына қарай әйел ағзасы эстроген атты гормонды көп мөлшерде бөле бастайды. Бұл өз кезегінде жатырдың шырышты қабатының қалыңдауына әкеліп, еркектік ұрықтың орналасуына қолайлы орта жасайды. Ағзадағы эстрогеннің көптігі сары дене гормонының күрт көбейуіне әкеледі. Осындай құбылыстардың нәтижесінде аналық без жетілген аналық ұрық жасушасын бөліп шығарады- овуляция дегеніміз осы.

овуляция деген не

Әдетте овуляция сары дене гормоны бөлігеннен кейін бір-екі тәулікте болады. Сондықтан да сары дене гормонының бөлінуі бала көтеруге қолайлы ең жақсы кезең яғни фертилді фаза.

Овуляция белгілері

Температураның көтерілуі

Әйел денесінің негіздік температурасы (қалыпты жағдайда) овуляцидан соң 0,4-10 °C көтеріледі.  Әдетте мұндай кішкене өзерісті байқамауыңызда мүмкін бірақ дәл көрсететін термометрдің көмегімен анықтауға болады.

Овуляция кезіндегі ауырсынулар

Шамамен алғанда бес әйелдің бірі овуляцияға байланысты ауырсынуларды сезінеді екен. Ауырсыну овуляцияның алдында, дәл сол кезеңде және одан соңда болуы мүмкін.  Овуляция кезіндегі ауырсынудың бірнеше себептері бар. Тікелей овуляцияның алдында фолликуланың өсуіне байланысты ол аналық бездің беткі қабатын созуы мүмкін бұл өз кезегінде ауырсыну тудырады.

Овуляция кезеңінде жарылған аналық жасуша фолликуласынан сұйықтық немесе қан бөлінеді және бұл құрсақ қабырғасының тітіркенуіне әкеліп соды.

Ауырсыну бірінші айда бір жағыңыздан сезілсе келесі айда екінші жағыңыздан немесе екі жақтан бірдей бірнеше ай қатарынан сезілуі мүмкін. Әдетте мұндай ауырсыну бірнеше минутқа ғана созылады, кейде бірақ сирек жағдайларда ұзақтығы(1-2 тәулікке) созылады.

Сіздерге мына мақалалар оқуға кеңес береміз:

Пікірлер88
  1. Акерке

    Құрсақта жатқанда бала бәрін біледі жақсы айтылған екеее

  2. Айдана

    Кеңестеріңізге көп рахмет,Ана болу бір бақыт қой.

  3. Бибинур

    Қыз баланың негізгі мақсаты бой жетіп тұрмыс құрғаннан кейінгі мәселесі ана атану ұрпақ жалғасыру ғой

  4. Маржан

    Ана болу әр ананың арманы және міндеті. Сондықтан бұл ана болу бақытына ерекше жауапкершілікпен қараған дұрыс. Осындай мәліметтер өте өажет және пайдалы.

  5. Улщан

    Кеңестеріңізге рақмет! Өте пайдалы ақпарат. Сайтта барлық іздеген нәрсеңді табуға болады екен,

  6. Айгерим

    Ана болу ол үлкен бақыт және жауапкершілік! Сондықтан бәріне дайын болған дұрыс! Сайттан осындай пайдалы ақпарат тапқаныма қуаныштымын.

  7. Мадина

    бала көтермес бұрын екі жақта физикалық және психикалық дайындықтан өтулері керек.

  8. Гаухар

    менде екі трубада жартылай жоқ балалы болу арманға айналды маған бір қызы болса екен деп едім

  9. Жами

    Өте пайдалы ақпарат айтылған әсіресе жас келіндерге өте көп акпарат бар екен маған ұнады рахмет

  10. Айгерім

    Екі балам бар қызым 8 де көтере алмай жүрмін. осы мақаладан оқыған ақпаратты қолданып көрмесем. админ рахмеет

  11. Улсерик

    балалы болгысы келип журген жас отбасылар ушин жаксы макала еккенн,рахмет сиздерге

  12. Элмира

    Овуляция болмай қалуы да мүмкін бе? Және не себепті болмай қалуы мүмкін

  13. Айгерим

    Ана атану әр қыз баласының арманы және болашақ тағдыры. Ата -ананың қадірін балалы болғанда болғанда білесің дейді. Бааңның қолына кірген тікенек менің маңдайыма кірсін деген ананың бірі менмін. Өте маңызды ақпарат жинақтадым. Рахмет!

  14. Увалиева Жанна

    Ана болу бақытына әр әйел лайықты! Жүктілік кезінде бәріміз еркелеп қаламыз…))) Тек күйеуге шыдамдылық берсін!

  15. Назира

    Жүктілік кезеңі керемет кезең

  16. Гулзат

    Саламатсызба. Спиральди удалить еткеннен кейн менде бала котеру мумкиндиги барма

  17. Ботакан

    Салеметсизбе. Меним етеккирим 17 куни басталып 19 куни токтаган енди овуляция кундеринде жукти болуга ат салысып жатырмыз. Коиере аламба? 4 жоспарлап журмиз

  18. Асем

    Маусым 1не келді
    Шілде әлі жоқ бүгін 7 сі
    ??? Тест таза көрсетпейді білмеймін

  19. Гулсим

    Сізде климакс белгілері басталмаганба
    Сіз жаттыгулар жасасанызшы маткага арнап

  20. Гулмарал

    Салеметсиз бе менин етеккирим мартта келди апрел айым келмей май айым келди овуляцияны калай билсем болады бир айым келсе бир ай отип барып келеди бул неден болады айтып жибересиз ба

  21. Акшолпан

    рахмет өте пайдалы мақла болды. мен бала жоспарлап жүр едім. овуляция туралы нақты мәлімет ала алдым. рахмет

  22. Турганым

    әйел адамға ең керек кеңестердің бірі екен керемет

  23. Мадина

    Жаксы керекті кеңестер екен

  24. Айгерим

    Рақмет! Кеңестеріңіз өте жақсы, түсінікті жазылған.

  25. Аружан

    Менде жүкті болғам керекмет кезімғой және ана атандым олда керемет бала деген жақсығой

  26. Айгерим

    Берген ақыл кеңетеріңіз үшін алғысым шексіз,көп рахмет!

  27. Мерей

    пайдалы кеңес екен

  28. Айка

    Менин бала котергим келед 11.12.2020ж келди 13 куни кетти 14куни келмеди 15не жагылып келди и кетти отиниш овуляция есептеп бериниши

  29. Айтбуби Нусипова

    Жүктілікті туралы кеңес бергендеріңізге рахмет!!! әр әйелдің бақыты — ана болу.

  30. Бахытнур

    Рахмет!

  31. Гулзахира

    Бугин 28месечны келди 2тазаланам ендиги овуляцыяны есептеп бериниши отиниш

  32. Гүлфариза

    Саламатсызба. Керемет кеңес сіздерге рахмет

  33. Бахытгул

    -Өте керемет ақпарат екен көп рақмет

  34. Бахытгул

    сәлеметсізбе өте керемет кеңес екенен өте керемет.

  35. Айдана

    Салеметсызбе калыныз калай мен бала котералмай журмын комек тесе аласыздарма

    1. Айдана

      Кудайдан сауап аласыз быр комек берсеңіздер айналып кетым

  36. Сауле

    Жүктілік кезінде әйел адам өзіне көңіл бөліп өзін күту керек.

  37. Айда

    Саламатсызба авулацияны қалай текмереміз

  38. Бакытгул

    Маганда 1 кун келед менстр, 8 жл болды солай, брак котердим

  39. Чеганова Мөлдір

    Өте жақсы жазылған пайдалы ақпараттар ?. Өзіме керекті мәліметтерді таба алдым☺️

  40. Зейнегуль Касымбекова

    Ана бола алмай жүрген келіншектерге керек мақала

  41. Ботакөз

    Аллаға шүкір міне тортінші сәбиімді көтердім. Алла өзі береді екен. Тек бір аллага сену керек. Басқаа ештеңеде керек емес. Тек сенім керек.

    1. Асет

      Осы овуляцияны кутемизба ар ай сонда ?

  42. Жаксыгул

    Салеметсиз бе! Мен етеккирим сонгы 4 ай бурын келди бак бугин тест тексергенмин авуляциянын еки сызык шыкты олай болуы мумкин бе котереуне мумкиндигим бар ма етеккирим келмесе де менде солай 6,7 клмейди

  43. Гулайша

    Болашақ аналар үшін таптырмас ақпарат. Овуляция күнін есептеуде керемет. Есептеп көрдім. Ұнады. Бала бер, бала берсең сана бер деген тілектеріңіз лайым орындалсын.

  44. Нургул

    2017 де аборт болды содан кейін көтере алмай жүрмін өзім содан корем не ішуга болады

  45. Света

    Салеметсиздерме маган минустрация 1кун келеды казыр жыл болаиын деп тур 10 жылдан беры бала котере алмаи журмин узиге туссем бала урыктандыратын жумырка жарылмаи тур диды генеколг ка каралсам бары таза диды енды не истесем болады комектесиндерши

  46. Айым

    Саламатсызба менде маусым айында келди 10 на енди осы шилде айында котердимба деп ойлап турм обуляция кашан менде

  47. Улжан

    Салеметсізбе менің жасым 35те екінші кызымнан кейін көтермикойдым,7жыл болды етекірім 19 келді 23тазардым енді кайтып бүгін кара болып келіпжатр себебін айтасызба ?

  48. Дана

    Сосын менің етекірім 19 келіп 23 не кетті мен озим есепти алмай жатырм

  49. Дана

    Сəлеметсіздерме менің тұрмысқа шыкканыма 11 кун болд бирак əлі резултать жок бирак менде 2 кун болд кызуым көтеріліп денелерім белім ауырып жур калай ойлайсыздар бала көтергенмінба мен өзім 98 жылғы кызбын тестпен тексеріп көрсем ештене шыкпады дажы 1 палоскада шыкпады нестесем болад

    1. Камила

      Саламатсыз ба. Демек сиз тестти дурыс пайдаланбай отырсыщ.

    2. Нургул

      Тест қараңызшайш

  50. Азиза

    14.04 осы куни овуляция

  51. Гулзат

    Жақсы жазылған . Болашақ ана атанғысы келген осындай мәліметтер алғаны дұрыс. Сосын менің ойымша көтере алмай жүрсе емшілерге бармай дәрігерлерге көрініп және Алладан шын ниетімен сұраса болады деп ойлаймын да жәнеде сенемін.

  52. Айдана

    Салем кыздар сауирдин 19 келди 5 кун келип кетти овулация есептеп бериниздерши отиниш майда котергим келип тур

    1. Хорлан

      Майдың 1-2-3 овуляция болады

  53. Нодыра

    Саламатсыздар ма мен спирал алдырдым ұл көтергім келеді. 21 апрел болса бир -бир жарым апта болды келип кеткеніне енді 20.04.2020 спирал алдырдым енді көтере аламба тезрек осы айдың соңына дейн.

  54. Имашева Жанат Алпысбаевна

    26.03.етеккир келди 31.03.кетти овуляция есептеп Бере аласыздарма

    1. Элмира

      Салеметсиз бе ! Маган овуляция кунди есептеп беринизши. 07.06.2021

  55. Имашева Жанат Алпысбаевна

    Мен екинши баланы котере алмай жургениме 5жыл болды етеккирим 26.03.келип 31.03.кетти овуляция есептеп Бере аласыздарма

    1. Акнур

      Егер етеккіріңіздің келу уақыты 21 күн болса, е.келген күнге 8-9күнді қосасыз. Егер 28 күн болса е.күннен бастап 13-14 күнді қосасыз. Овуляция тест алып тексересіз

      1. Nurguliya

        Осындай түсінбеймін шынымды айтсам калай косу месячный келген кунди косама

  56. Салтанат

    Саламатсызба.менде 13.02.2020да месячный келип кетти.одан кейін келмеді.аяғым ауырма.тест салмадым.9айлық қыз бала бар.көтерип койған сиякты ауырсынам.белгілерін қалай білуге болады.

  57. Жулдыз

    Сәлеметсіз бе?! Негізі жүктілікті дәрігерлер овуляция күніне реттеп есептеп береді. мақалаңызға рахмет!

  58. Салтанат

    Менде спиральды алдырғаннан кейін бала көтере алмай жүрмін,қанша уақытты көтеру керек?

  59. Насихат

    рахмет кеңестеріңізге құлақ асатын боламын,жұмыстарыңыз алға баса берсін

  60. Шынар

    Шығармашылықтарыңызға тәнті болып жүрмін, биіктерден көрініңіздер.

  61. Nurguliya

    Точно айтама

  62. Айнур

    Мына жазылған кеңестерініз өте пайдалы, себебі қазіргі уақытта бала көтере алмай жургендер көп.

  63. Арайлым

    Сәлеметсіздерме.Спираль жайында көп ақпарат керек еді.Спираль алдырған едім көтере алмай жүрмін.Қанша уақытта көтереді спиральдан кейін.

  64. Жансая

    Салеметсизбе? Мен бала котере алмаи журмин.Котергим кеп жур. Меним етеккирим уакытылы келед. Бирак кеше октябрь 3 не келди.ар кетсе4 пен5 кун кеп кетиди. Октябрь 30 тагы келди. 1айда еки рет келди.4не кети нояабрь дин. Маган есептеп бересизбе?овуляцияны

  65. Ақерке

    Ана болу арман. Мына кеңестер өте пайдалы және керек кеңестер екен.

  66. Қанатова Аққу

    Балалы үй базар баласыз үй қу мазар деп атам қазақ кезінде айтып кеткен. Бала біздің бақытымыз. Әр әйел осы бақытты сезінуі керек. Алла қала бұл бақытқа да жетеін күн туады. Алға деген нық сенім мен сабыр керек.

  67. Индира

    Жүктілік кезінде айел адам өзін күте білу керек

  68. Индира

    Жүктілік туралы ақыл кеңес жаксы жазылған.

  69. Айгуль

    Салеметсызбе сыздерден сурайын дегеным меным етеккырым осы айдын 4 келды 8 не кетты канша кун жукты болуга шанс бар отыныш жауаптарынызды кутемын

  70. Айгуль

    Салеметсызбе, меным еттекырым осы айдын 3 келып 7 не кетты сонда казыр менде жукты болуга шанс барма отыныш жауаптарынызды кутемын.

  71. Гулжайна

    Салеметсиз
    Овуляция мен калай бала котеруге болады кызым бар екиншини котерин дегем осы овуляцияны укпаймын калай бала котеруин ещё али емизип журмин вообще айтады гой емшек сутимен ак котерип каласын деп олайда кордик

    1. Альбина

      Саламатсыздарма мен горманый нарушения болып мечных бір келіп бір келмей қалады,соган бала көтеру керек киста права ячщиникте бар соған не істесм болады өтініш жауап беріңші

  72. Нургул

    Овуляциялык тест кормим 2ши сызык анык емес оны калай тусинемиз

  73. Асель

    Салеметсиз бе? Овуляция етеккірден соң бол ма әлде етеккірге дейін ба?

  74. Зауре

    Салеметсизбе? Овуляция 2фаза дегенди Калай есептеймиз? Котере алмай жургениме 2жылга жуыктады!

  75. Қалампыр

    Менің жасым 39 дан 1 ай асты, 1 қызым, екі егіз ұлдарым бар. 1 қыз не ұл туып алайын десем көтере алмай жүрмін, жолдасым бірінші қызымды көтерерде емделген еді, содан енді тағы ем қабылдап жүр нәтижесін күтудеміз. Менде егіздерім 7 жастан асты тағы егіз тууым мүмкін бе?

  76. Erketai (автор)

    ниетіңіз қабыл болсын!

  77. Гульмира

    Менин турмыска шыкканыма 10 ай болды бирак али бала котермедим жасым болса 20 да
    Сонгы етеккирим караша айынын 5 куни келди бир аптадай келди ендиги сурагым овуляция кай кезенде болады

    1. Erketai (автор)

      Саламатсыз, мына беттегі https://erketai.kz/ovulyaciya-kuntizbesi/ калькуляторды пайдаланыңыз.

  78. Гүлім

    Кеңестеріңізге көп рахмет! Барлығы түсінікті етіп жазылыпты. Осы кеңестерді пайдалана отырып бала көтеремін деген ниетім бар.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ