Ана денсаулығы ұлт саулығы

Өскелең ұрпақтың дені сау босын десек, болашақ аналардың денсаулығына үлкен жауапкершілікпен қарауымыз керек. Бүгінгі күнгі жас қыз-келіншектер өз денсаулығына салғырт қарамай, қайта ертеңгі өміріміздің жалғасы ұрпақтарына жауапкершілікпен қарауы керек.

Себебі егер ана денсаулығы дұрыс болмаса, одан туар бала қандай болмақ? Әйел заты инабатты, тәрбиелі, әрі нәзіктігімен ерекшеленетінін бәріміз білеміз. Сондықтан өсіп келе жатқан ұрпағымыз, еліміздің ертеңін әлемге паш етер жас жеткіншектеріміздің денсаулығын ана құрсағында жатқан кезден бастап ойлау керектігін ұмытпаған жөн.

ana-turaliСол себепті болашақ ана денсаулығына дұрыс қарау керектігін білген артық болмайды. Бүгінгі күні әйел затынын шылым шегіп, сыра, арақ, шарап ішіп, мас боп жүргенін көрген кезімізде ішіміз удай ашитыны сөзсіз. Әйел затынын одан қалды ашық-шашық жүргенін көрген кезде, қай анамыз осындай үлгі берген еді деп таң қаларлығымыз сөзсіз?

Бұл жас қыз-келіншектер неге тәрбиеден теріс ауытқып кеткен деген сауал кеудемізді тебірентетіні мәлім.Осы қасиет ұлтымыздың атына үлкен нұсқан келтіретіні сөзсіз. Еліміздің ертеңі мен болашағына жанымыз ашитын болса, болашақ ана денсаулығын бүгін қадағалауымыз керек.

«Ана» деген үлкен атқа ие болған әйел затының алдында өскелең ұрпаққа деген жауапкершілік болуы керек. Ана денсаулығы бүгінгі заманның көкйтесті мәселелерінің бірі болып табылуда.

Халқымызда «Ана — мақтан, ана — жыр, Ана — бақыт, жанашыр» деген мақал бар емес пе? Бұл мақалдың құндылығын жоймай, болашақ аналарымыз дендерінің сау болуына өздері де үлкен үлес қосып отыруы керек.

«Ана» деген ардақты атқа ие болған келіншектер, ақ жаулықты әжелеріміздің атына кір келтірмей денсаулықтарына немқұрайлы қарамауы тиіс. Ана денсаулығының мықтылығы, елімізге дені сау, мықты ұрпақ әкелері белгілі. Әр қыз -келіншек өз денсаулығын қадағалап отыруы керек. «Дені саудың — жаны сау» деп бекер айтылмаған. Ана-шаңырақ шуағы, отбасының бақыты мен берекесі. Сондықтан айналайын аналар,дендерің сау, қуаттарың мол, шаңырақтарың шуақты болсын!

Мақала авторы: Кельдибаева Багиткуль Аманжоловна

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер3
  1. Анара

    Жалпы әйел адамның денсаулығына көп көңіл бөлген жөн болар. Әйелсіз адамдардың күні қараңғы болары анық. Әйелсіз көп тірлік аяқсыз қалмайды. Әйел даже ауырғанын да байқатпайды. Шыдап жүре береді.

  2. Айнур

    Ана денсаулыгы арине 1ши орында.Барынша ауырмауга тырысады балалар ушин

  3. Әсем

    шынымен әр адам өз денсаулығына ұқыпты қарауы жөн, бұл өте маңызды. Ана денсаулығы бірінші орында болуы қажет

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ