Қарынның, он екі елі ішектің ойық жарасы

Қарын мен он екі елі ішектің шырышты қабатының ойылуының себебі өте көп. Мұндай ауруға көбінесе ер адамдар шалдығады. Адам қарынының шырышты қабығы өте көп мөлшерде, құрамы ферменттер мен тұз қышқылына бай қарын сөлін бөліп шығарады.

Мұндай заттар химиялық жағынан өте күшті әсер ететін қасиеті болғанымен, дені сау адамдарда шырышты қабықтың клеткаларын зақымдамайды. Өйткені, бұлар қарындағы өте көп мөлшерде жиналған әр алуан қоректік заттарды қорытады.

Бірақ, адам уақытымен дұрыс тамақ ішпесе, көбінесе құрғақтай тамақ жесе және оның бір нәрсені өте ұзақ уайымдауының салдарынан қарын мен он екі елі ішектің жұмысын басқарып отыратын орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылады.

Бұл жағдай қарын мен он екі елі ішектің шырышты қабығының өздерінің шығаратын қарын сөліне қарсы тұру қабілетін төмендетеді. Соның нәтижесінде шырышты қабық клеткасының белгілі бір бөлігі зақымданып, сол жерде жара пайда болады.

Жараның түрі қарын немесе он екі елі ішектің ішкі қабатында дөңгелек ойыққа ұқсайды. Жараның айналасы қабына бастайды. Бұл аурудың басталғанының белгісі. Адам бұл ауруға шалдыққанда, құрсақ тұсы қатты ауырады, тамаққа тәбеті болмайды, кейде қарны қатты ашып, тамақ ішкеннен кейін ауру сәл бәсеңсиді.

Науқас адам қатты жүдейді, өте ашуланшақ болып, тез шаршайды, оны үнемі қатты ауру сезімі мазалайды. Егер қарын сөлі мен тұз қышқылы шырышты қабықтың астындағы қан тамырларын зақымдаса, бұл кезде қарыннан қан кетуі мүмкін.

Ауруды емдемей, асқынып кетсе, онда ауру қарынның қабырғасына тереңдей береді де, ақырында оны тесіп жібереді. Қарын қабырғасында тесіктің пайда болуын — жараның тесілуі деп атайды. Сол тесік арқылы құрсақ қуысына қарындағы қышқыл заттар құйылады.

Бұл жағдайда ағзада өте қауіпті жағдай — перитонит (іш перденің қабынуы) басталады. Адамның қарынынан өте көп қан кетсе немесе перитонит болса, бұл өте қауіпті деп саналады.

Бұл кезде адамның өліп кетуі де мүмкін. Мұндай жағдайда науқас адамды тек хирургиялық операция ғана сақтап қалады. Егер науқас қарын мен он екі елі ішектегі жараның пайда болысымен дәрігерге қаралса, оңда диета сақтап және дәрі-дәрмек ішіп, аурудан жазылып та кетеді.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Соқырішек немесе аппеңдицит ауруының алғашқы белгілері.

Сірлі қабық дегеніміз не?

Құсу кезіндегі алғашқы көмек қандай болу керек?

Радикулит ауруының негізгі айқын белгілері себебі мен салдары.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ