Қаназдық

Қанның құрамында адамның тіршілігі үшін ең қажетті элементтер болу үшін, ағзаға күнделікті жеген тамағы арқылы әр алуан қажетті заттар түсіп отыру керек.

Адам ағзасына ең қажетті элемент — темір. Ағзаға темір жетіспесе, эритроциттің (қанның қызыл түйіршігі) құрамындағы гемоглобин түзілмейді. Темір элементі витаминдердің, соның ішінде В12 витаминінің құрамында көп болады.

Ағзаға қоректік заттар арқылы келген әр алуан заттар қанның құрамына өтуі үшін, адамның ас қорыту жүйесінің қызметі дұрыс болуы керек. Егер қажетті элементтердің біреуінің мөлшері қалыпты жағдайдағынан аз болса, қызыл сүйек кемігінде түрі өзгерген эритроциттер (мысалы, көлемі кішкентай не өте үлкен мөлшерде) пайда болады. Соның нәтижесінде адамда қаназдық немесе анемия деген ауру дамиды.

Мұндай кезде адамның терісі бозарып, әлсіздік пайда болады. Тез шаршайды, басы қатты ауырып, айналады. Кейде сүйек кемігінде эритроциттер қалыпты мөлшерде пайда болғанмен, кейбір аурулардың (мысалы, қатерлі ісік немесе көкбауырдың тез ұлғаюынан) салдарынан да адамдарда анемия дамиды.

Қазіргі кезде дәрігерлер қаназдықтың 70-тен астам түрін ажыратады. Бұл ауру балаларда да кездеседі. Сондықтан балаларға құрамында витамині мол, олардың ағзасына қажетті элементтердің барлығы бар тағам түрлерін беру қажет.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Минералды заттардың адам денсаулығына маңызы қандай?

Лейкоз немесе ақ қан ауруының белгілерімен сипаттамасы.

Дәрумендер (витаминдер) жайлы ақпарат

Қант диабеті қалай пайда болады, сипаттамасы мен белгілері.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер6
  1. Эльмира

    Мен де каназдык бар.Витаминдер коп ишу кажет.

  2. Күмісбайқызы Меруерт

    қаназдық көптеген аурулар себепкері сондықтан бұл мәселеге бейжай қарамай, уақытылы ем шара қолдану керек екенін түсіндім

  3. Әлия

    қатерлі ісікпен ауырған сіңліме анемияның ауыр дәрежесі қойылды. Өкінішті

  4. Mentai

    Осы тақырып туралы көп жазылу керек. Бізде адамдар мән бермейді қаназдыққа.

  5. Шолпан

    Құнды ақпарат. Мен осы қаназдықпен арпалысып келе жатырмын.

  6. Айнур

    Пайдалы мағлұмат. Өз өзімізді күтіп жүрейік

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ