Лейкоз

Адам ағзасына ауру тарататын бактериялар енгенде, соған жауап ретінде қан құрамында ақ қан түйіршіктері — лейкоциттер көбейеді. Лейкоциттер адам ағзасында маңызды қызмет атқарады, өйткені олар ағзаны миллиардтаған микробтардан қорғайды.

Кейде жілік майындағы клеткалардың өсуімен және сол жерде қалыпты қан жасалу процесінің бұзылуымен жетілмеген лейкоциттер саны көбейіп кетеді. Мұндай лейкоциттер өздерінің негізгі қызметін дұрыс атқара алмайды, яғни ағзаны бактериялардан қорғай алмайды.

Соның нәтижесінде ағзаға енген ауру тудыратын бактериалар өздерін еркін сезінеді. Міне, осындай жетілмеген лейкоциттер ағзада көбейгенде, өте қауіпті ауру — лейкоз дамиды. Бір сөзбен айтқанда, лейкоз — қан түзетін мүшелер жүйесінің қатерлі ісіктері.

Лейкоз орта жастағы адамдарда кездеседі. Ағзада лейкоз ауруы басталғанда, қанның құрамындағы эритроциттердің (қанның қызыл түйіршіктері) саны азайып кетеді. Соның салдарынан науқас адам боп-боз болып кетеді. Сондықтан, кейде лейкозды ақ қан ауруы деп те атайды.

Лейкозды емдеу өте қиын, аурудың диагнозы қойылғаннан кейін оны ауруханаға жатқызып, арнайы жағдайларда емдейді. Емге лейкоз клеткаларының бөлініп көбеюін тежейтін дәрілер беріледі.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Қаназдық немесе анемия сипаттамасы және оның түрлері.

Ісік қалай пайда болады және оның түрлері.

Антидене яғни антитела дегеніміз не?

Қан туралы жинақталған толық ақпаратты оқыңыз!

Пікірлер4
  1. Эльмира

    Лейкоциттер ак кан туйершіктері,миллиондаган микробтардан коргайды.

  2. Әлия

    бұл ауруға алкогольді көп тұтынатындар да жиі шалдыға ма?

  3. Mentai

    Аллаһ сақтасын! Деніміз сау болсын! Денсаулық Алланың берген ең үлкен нығметі дер едім

  4. Эльвира

    Адам басына берілмесен, нақты жазылған

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ