Сальмонеллез ауруы

Сальмонеллез — қауіпті жұқпалы ауру. Онымен адам да, жан-жануарлар да ауырады. Ауру малдың етін жегенде, сүтін ішкенде, құстың жұмыртқасын пайдаланғанда жұғуы мүмкін. Тамақ арқылы ауру қоздырғыш микробтар асқазанға, одан аш ішекке түсіп, өсіп-өне бастайды, өзінен улы заттар бөледі де, ішектің ішкі қабығын ісіндіріп зақымдайды.

Ауру қоздырғыштар және бұлардан бөлінген улы заттар лимфа және қан тамырлары арқылы организмге таралады да, кей органдарға қонып, олардын қызметін бұзады. Ауру қоздырғыш микробтардан бөлінген улы заттар қан тамырын уландырады.

Ауру қоздырғыш микроб сау баланың денесіне түскеннен кейін бірнеше сағаттан соң, кейде 2—3 күннен кейін, тіпті 5—6 күн өткен соң барып аурудың алғашқы белгілері біліне бастайды. Кейде ауру күрт басталып, баланың температурасы тез көтеріледі, түсі боп-боз болып кетеді, әлсірейді. Тамаққа тәбеті болмайды, ойынға зауқы соқпайды.

Көңіл күйі төмендейді, басы ауырып, лоқсып құсады. Іші кеуіп, өтеді. Үлкен дәреті көпіршіктеніп, түсі сұрғылттанады және өте иісті болады. Кейінірек оған жалқық пен қан араласа бастайды. Іші ауырып, етпетінен жатқысы келе береді. Жігері мен көк бауыры ісінеді. Көбінесе бұл ауру әр түрлі басталады. Ұзақ емдеуді қажет етеді. Баланы ауырған сәтте дәрігерге көрсету керек. Науқас бала жұқпалы ауруларды емдейтін ауруханада емделеді.

Сырқат баланың асқазанын тез арада жуған жақсы. Сонан соң тамақ режимін сақтап, қайнаған суды жиі беру керек. Қан тамырына сұйық дәрілер-ді (мысалы, глюкоза, гемодез, полиглюкин, рингер сұйығын, филипса № 1, тағы да басқа дәрілерді) аспа укол арқылы баланың жағдайына, жас мөлшеріне байланысты белгілі мөлшерде тамшылатып жібереді.

Витамиидер, антибиотиктер, ішектің қызметін жақсартатын тағы да басқа дәрілер беріледі. Егер науқас баланың халі нашар болса, онда балаға қан, глюкоза құяды немесе гормональды дәрілерді қолданады.

Соңғы кезде полифепен (лингин) дәрісі қолданылып жүр. Бұл дәрі негізінде ауру қоздырғыш пен одан бөлінетін улы заттарды өзіне сіңіріп, ас қорыту жолдарын тазалайды. Полийодин дәрісін беру де пайдалы.

Ауырып жазылған баланың үйдегі күтімінің жақсы, тамағының құнарлы, көңіл-күйінің көтеріңкі болуына жағдай жасау керек. Таза ауада дене шынықтыру мен гимнастика жасаумен шұғылданғаны дұрыс. Күнделікті тағамға жеміс-жидек, олардың шырындарын беріп отырған пайдалы.

Сальмонеллез созылмалы ауру болғандықтан ұзақ емдеуді қажет етеді. Оған қарсы дәрі-дәрмектерден басқа, мынадай дәрілік өсімдіктерден жасалынған дәрі де беріледі. Шашыратқы, шыршай тамыры, шайшөп, тұрып, шегіршін, томарбояу, сиякөк шөбі, кармель қынасы, қызылтаспа, көктерек бүрлері, қазтамақ, қазтабан, қазоты, жылантаран, жол желкен, жалбыз, грек жаңғағы, аюбалдырған, аққайың бүрлері.

Бұл дәрілік өсімдіктерден жасалынған тұнбаны тек дәрігердің рұқсатымен, белгілі мөлшерде, белгілі уақытқа дейін беру керек. Сырқаттың іші өткен кезде шайқурай немесе, ақбас жусанның 1 ас қасығын 1 стакан суға салып, жарты сағат бөктіреді, сонан соң сүзіп, сусын ретінде, баланың жағдайы жақсы болғанға дейін беруге болады. Сонымен қатар қарақат, бүлдірген, қара жидек, алмұрт берген дұрыс. Сұлыдан дайындалған тамақ ішкені де пайдалы.

Бұл ауруға қарсы күресті, профилактикалық шараларды мал дәрігерлері де жүргізіп отыруға тиіс. Ауру малдардың көзін жою керек. Етті 2,5—3 сағаттай жабық ыдыста қайнатқан дұрыс. Сүтті пісіріп ішу керек. Жеміс-жидекті жуып, санитариялық тазалықты сақтап, өне бойы сабынмен тазалап жуып, жеке бастың гигиенасын дұрыс ұстау қажет.

Ботулизм дегеніміз не және оның негізгі ауру қоздырғышы.

Сүзек бұл қандай ауру және ол қалай басталады.

Бүйрек және бүйрек астауының созылмалы қабынуы.

Қызылша ауруы туралы мәліметпен танысыңыз.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ