Несеп тасы

Кейде бүйрек пен қуықты тексергенде, осы мүшелерде кішкентай тастар мен құмдардың бар екені анықталады. Адамның зәрінде өте көп мөлшерде әр түрлі түздар ериді, қалыпты жағдайда олар зәр арқылы ағзадан шығарылып отырады. Адам әр түрлі аурулармен ауырғанда, ағзада зат алмасу бұзылып, соның салдарынан зәрде кейбір тұздардың мөлшері көбейеді.

Мұндай жағдайда зәр шығару жүйесінде тұздардың кристалдары түзіле бастайды. Олардың бірте-бірте көлемі ұлғайып, пішіні тасқа немесе құмға ұқсайды. Мұндай тастар зәр шығару мүшесінің ішкі шырышты қабатын тітіркендіріп, соның салдарынан, кенеттен бүйрек шаншуы басталады.

Кейде ондай тастар несеп жолында тұрып қалады да, зәр бүйректен ағып шыға алмай, адам қатты қиналады. Кейде мұндай жағдайда адамға тек операция жасап, оның өмірін сақтап қалады. Несеп тасы болмау үшін жейтін тағамдардың құрамына байланысты арнайы диета ұстаған дұрыс.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Өт тасы пайда болуының себебі мен салдары.

Бүйрек және Бүйрек үсті безі туралы ақпарат.

Жарық немесе грыжа қалай пайда болады.

Қарынның және он екі елі ішектің ойық жарасы.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер8
  1. Эльмира

    Өте керемет жазылған мақала ,жарайсыздар.

  2. Эльмира

    Менде бүйректе сол тастар пайда болды себебін білдім көп рахмет.

  3. Дильназ Мухаммедова

    Күшті жазыптыыы макаланы

  4. Дильназ Мухаммедова

    Рахмееет көп маліметке ие болдым

  5. Дильназ Мухаммедова

    Несептастың не екенін одан сайын блдім?

  6. Дильназ Мухаммедова

    Макаланы жазған адам өте білімпаз екені көрініп тұр ?

  7. Эльвира

    Несеп тасы мағынасын білмейтін едім, білдім рахмет!

  8. Алма

    Мақала түсінікті және кең ауқымды жазылған

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ