Өт тасы

Адам дұрыс тамақтанбаса, әсіресе, майлы және сүрленген тағамдарды көп жесе, семіз адамдардың ағзасында бауырдың, өт шығару жолдарының жұмысы және зат алмасу бұзылады. Бұл өттің қоюланып, оның дұрыс бөлінбеуіне себеп болады. Бұл жағдай өттен өт қышқылына кішкентай түйіршіктердің түсуін қамтамасыз етеді. Осы кішкентай түйіршіктер өт қабында мөлшері ұлғайып, өзінің белгілі бір көлемі, пішіні, түсі бар, тығыздалған тасқа айналады.

Мұндай тастар өт қабының шырышты қабатын тітіркендіріп, соның нәтижесінде қабыну дамиды. Осылайша өтке тас байлану ауруы басталады. Кейде тастар өт шығару жолдарына шығып, оның бітелуіне себеп болады. Өт қабының қабырғасының жиырылуынан өт қысымы қатты көтеріледі де, соның салдарынан адам қатты ауырсынады.

Мұны бауыр шаншуы дейді. Әр түрлі дәрілердің көмегімен бауыр шаншуын басуға болғанмен, бірақ өттегі байланған тастарды еріту мүмкін емес. Ол тастарды тек хирургиялық операция жасап, өт қабымен бірге алып тастайды. Кейде операциямен тастарды алып тастаған өт қабының іші қайтадан тасқа толып қалғанын көруге болады. Мұндай өт қабы өз жұмысын атқара алмайды. Өт қабынан алынған тасты науқас адамға сауыққаннан кейін ескерткішке береді.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Несеп тасы (мочевые камни) қалай пайда болады?

Цирроз ауруының негізгі белгілері.

Ревматизм дегеніміз қандай ауру оның негізгі белгілері қандай?

Радикулит ауруының негізгі айқын белгілері себебі мен салдары.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер4
  1. Эльмира

    Жылқыда өт болмайды .

  2. Балнур

    Осы тастардың өтте қалай пайда болатынын білмеуші едім,осы мақаланы оқып біліп алдым)
    Еңбектеріңіз жансын!Өт алып тастаған соң әрқашан тамақтануда шектеу қою керек.Яғни, майлы,қатты қуырылған,ащы,тұзды тамақтар жеуге болмайды.

  3. Gulnaz

    Осы жерде қоса кететінім сол толық қыздар тез салмақ жоғалту үшін әр түрлі диеталар ұстайды. Организмнің ұзақ уақыт бойы ашығуы және тез салмақ жоғалту кезінде майлардың жаппай ыдырауы жүреді,бұл кезде бауыр өтке түсетін холлестериннің артық көлемін өндіре бастайды. Тез салмақ жоғалту да өт қабының босатылуының бұзылысына апаруы мүмкін. Сондықтан жастар ойланайық !

  4. Эльвира

    Сонда өті алынған адам қалай жүреді, өттің қызметін енді қай мүше атқарады екен?

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ