Аурудың асқынуы және ауырсыну

Жеке аурулардың мәні мен олардың пайда болу себебі туралы осы бөлімнің басында айтып кеткенбіз. Енді аурудың дамуының негізгі төрт кезеңін айтып өтейік.

Бірінші кезеңі — жабық немесе латентті, бұл кезде аурудың ешбір белгісі білінбейді, бірақ ағзаның ауру тарататын бактериялармен кездесуі осы кезеңде өтеді.

Екінші кезеңі — алғашқы немесе продромалды, аурудың алғашқы белгісінің пайда болуынан бастап, оның дамуына дейінгі уақыт.

Үшінші кезең — аурудың барлық белгілерінің айқын көрініп, өршуі.

Төртінші кезеңі — жасаған емнің нәтижесін көру немесе аурудың аяқталуы. Бір аурудың өзі бірнеше нәтиже береді, яғни, ағза дертті жеңіп, адам аурудан сауығып кетеді немесе дерт ағзаның барлық қорғаныш мүмкіндіктерін жеңіп, адам сол аурудан қайтыс болады. Дәрігердің негізгі міндеті аурудың алдын алу, ал егер оған болмай адам ауруға шалдықса, дәрігер аурудың дамуын тежеп, одан сауығып кетудің жолын табу керек.

Асқыну

Егер адам өзінің міндетіне алған қандайда бір күрделі істі дер кезінде орындай алмаса, оның шешімін табу уақыт өткен сайын қиындай беруі мүмкін. Сол сияқты өмірдегі әр түрлі жағдайлар ғана емес, егер уақытында емдемесе ауру да асқынуы мүмкін. Мысалы, баспа немесе тұмау асқынып кетсе, өкпе қабынуына әкеледі.

Адам аурудан емделіп жүрген кезде дұрыс күтінбей, ауруды қосымша асқындырып алу өте қауіпті болады. Бұл кезде науқастың жағдайы күрт төмендеп кетуі мүмкін. Сондықтан, ауру асқынып кетпеу үшін, дәрігердің тағайындаған емін бұлжытпай орындау керек.

 

Ауырсыну

Адам ешқашан еш жерім ауырмаса екен деп ойлайды, бірақ бұл дұрыс пікір емес. Егер адам ауырсынуды мүлдем сезбесе, онда ауыр жарақат алғанда, қатты ауырғанда немесе өте ыстық шәй ішіп қойған кезде, адам өзінің қай мүшесінің ауырғанын сезбейді. Ауырсыну ағзада үлкен қызмет атқарады, себебі сол арқылы адам өзіне келе жатқан қауіпті алдын ала сезеді.

Соның нәтижесінде қолымызды ыстық заттан тартып аламыз, аңдаусызда бір жерімізді қатты соғып алсақ айқайлап жібереміз, ауырып тұрғанымызды білсек, дәрігерге қараламыз. Ауырсынуды біздің денеміздегі теріде және басқа да тіндерде орналасқан ерекше сезгіш жүйке түйіндері арқылы сеземіз.

Ауырсыну мида орналасқан арнайы жүйке орталықтарына жүйкелер арқылы жетеді. Кейбір адамдар ауырсынуды әр түрлі дәрілер ішіп басады. Бірақ, бұл адамға уақытша ғана көмектеседі. Сондықтан, бір жерің ауырса, өз білгеніңше емделмей, дәрігерге қаралған дұрыс. Аурудың себебін дәл тауып, дұрыс ем қолданса, ағзадағы мүшелердің жұмысы қалпына келіп, ауру басылады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Қарынның және он екі елі ішектің ойық жарасы.

Ревматизм дегеніміз қандай ауру оның негізгі белгілері қандай?

Нашақорлық ауруы туралы мәлімет.

Инкубациялық кезең дегеніміз не?

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ