Нашақорлық

Нашақорлық адамның жүйке жүйесіне әр түрлі есірткі заттардың әсер етуінен пайда болатын созылмалы ауру. Нашақор адамдар мұндай заттарды қабылдағанда, аз уақытқа олардың көңіл-күйі көтеріліп, ешнәрсені ойламай, бір бақытқа кенелгендей болады. Нашақорлық ертеден белгілі, бірақ қазіргі кезде ол қай елде болса да кең етек алуда. Алғашқы кезде нашақор адамдар өздерін нашақормын деп есептемейді.

Ауру белгілері білінбей басталады, ал мұндай адамдар есірткі заттарына тез бейімделеді. Олар бірте-бірте есірткі қабылдамаса, тұра алмайтындай жағдайға жетіп, олардың сана-сезімінде тек қайтсем де соны тапсам деген ой ғана болады. Адам әбден есірткі заттарына тәуелді болғанда, оны біраз уақыт қабылдамаса, науқас қатты қиналып, бүкіл денесі тырысып, буындары үзіліп кететіндей болады.

Сүйектері сырқырап ауырады. Аурудың жүрегі қысылып, ауа жетпей, қалың тер басып, жаны мұрынының ұшына келеді. Мұндай жағдайдан нашақорлар тек үйреншікті есірткінің кезекті мөлшерін қабылдағанда ғана шығады. Сондықтан олар сол есірткі затын табу үшін ешнәрседен тайынбайды. Маскүнемдер де нашақор адамдың қатарына жатады, өйткені олардың есірткі заттары — ішімдік болып саналады.

Есірткі заттарының әсерінен науқас адамның мінез-құлқында, жүйке жүйесінде және ішкі мүшелерінде өзгерістер дамиды. Нашақорлар мен маскүнемдерді мүмкін болса тезірек емдеген дұрыс. Бірақ, бұл оңай шаруа емес. Сондықтан оларды емдегеннен бұрын, ондай дерттердің алдын алған жөн. Әсіресе, бұл жастарға қатысты.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Маскүнемдік туралы не білеміз?

Темекінің адам өміріне зияндылығы туралы не білесіз?

Психикалық аурулардың дамуының негізгі себептері.

Құтыру ауруы белгілері және оның алдын алу шаралары.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ