Құтыру

Құтыру — жүйке жүйелерін қатты зақымдайтын вирустық ауру. Егер жабайы жануарлар құтырумен ауырса, олардан үй жануарларына (ит пен мысыққа) жұғады. Құтыру адамдарға осы аурумен ауырған жан- жануарлардың тісінен шырышты қабыққа немесе терінің зақымданған жеріне олардың сілекейі тигеннен жұғады.

Өйткені аурудың вирусы жануарлардың сілекейінде болады. Ауырған ит тынышсызданады, тамақ жемейді, мінез-құлығы өзгереді, үргенде даусы қарлығып шығады. Аузынан сілекейі шұбырып, басқа жануарларды тістеуге немесе қабуға ұмтылады.

Ал адамдарда бұл ауру бастың қатты ауыруымен байқалады. Науқас адам еліріп, тыныс алысы бұзылып, жұтынуы қиындайды, қол-аяғының жаны кетіп, тырысып қалады. Су көрсе қорқа бастайды, аузынан тоқтаусыз сілекей ағып, тыныс алуы тоқтап, адам өліп кетеді.

Бірақ та құтырған ит қапқан адамды сақтандырудың бірден-бір шарасы — емдік егу (вакцина) болып табылады. Ол вакцинаны 1885 жылы француз ғалымы Луи Пастер тапқан. Бірақ бұл вакцинаны құтырған ит қауып алған бойда егу керек, сондықтан ондай жағдайда дереу дәрігерге көріну қажет.Ал адамды қапқан ит бақылауға алынады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Суға кету кезінде алғаш қандай көмек көрсетілу тиіс.

Полиомиелит ауруының негізгі белгілері қандай?

Алапес бұл қандай ауру?

Сіреспе (столбняк) ауруының айқын белгілері мен сипаттамасы.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ