Суға кету

Адамның өкпесі ауамен дем алуға әбден машықтанған. Егер өкпеге ауаның орнына су кетсе, адам сол сәтте тұншығып өліп кетеді. Жыл сайын теңіздерде, өзендерде қаншама адамның суға кетіп қайтыс болатынын өздерің де білесіңдер.

Тыныс алу жолдары сумен немесе басқадай зиянды заттармен бітеліп қалып, өкпеге ауа бара алмай қалғанды суға кету деп атайды. Жақсы жүзетін жүзгіш те (егер ол үлкен толқындарға қарсы тұра алмай қалса немесе суда жүзіп жүргенде аяғының сіңірі тартылып қалса), қыста мұз ойылып кетсе, мұз үстінде кетіп бара жатқан адам да суға кетеді. Суға кеткенде, қанда оттектің болмауынан адам есінен танады да, жүректің қызметі тоқтайды.

Суға батып бара жатқан адамды мүмкіндігінше тез жағаға шығарып, қолорамалмен немесе сүлгімен тыныс алу жолдары мен ауыз қуысын судан тазарту керек. Содан кейін дереу “ауыздан ауызға” жасанды демалдырып, жүрекке массаж жасау керек.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Мидың шайқалуы кезінде көрсетілетін алғашқы көмек.

Адам не үшін талып қалады және талу кезінде көрсетілетін көмек.

Тыныс алу туралы не білесіз?

Тұншығу немесе булығудың негізгі белгілері.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ