Мидың шайқалуы

Адамның миын бастың сүйектері мен ми қабықшалары жан-жағынан қоршап жатады. Адам байқаусызда басқа бір затқа қатты соғылғанда, өте үлкен биіктіктен құлағанда немесе автокөлік апаты кезінде оның миына зақым келуі мүмкін. Ми зақымданғанда оның қызметі бұзылады.

Мидың негізгі атқаратын қызметі — адамның есінен арылмауына жол бермеу. Егер ми зақымданса, адам есінен танады. Адамның есінен тану жағдайының ұзақтығына қарап, ми зақымдануының деңгейін анықтайды. Ең жеңіл деңгейі — ми шайқалу болып саналады. Ми шайқалғанда оның тінінде ісік пайда болады. Ісік кезбе жүйкесінің ядросын қысады, соның әсерінен адам боп-боз болып кетеді, басы айналып, жүрек соғысы естілмейді, лоқсып құсады.

Көп жағдайда науқас адам не болғанын есіне түсіре алмайды. Ми шайқалудың ауыр түрінде ми қабығының қан тамыры жарылып, ми тіндерін қатты қысады. Мұндай жағдайда адам өмірін сақтап қалу үшін, жедел операция жасау — бас сүйекті ашып (трепанация), жиналып қалған қанды алып тастайды.

Егер адам соғылғанда немесе құлағанда есінен танып қалса,  алғашқы медициналық көмек көрсетілуі тиіс. Ол үшін есінен танған адам өзінің құсығына тұншығып қалмау үшін, ол адамды бүйіріне жатқызып, тезірек ауруханаға апару керек. Егер науқас адам қырылдап дем алмай қалса, оған жасанды тыныс алдыру әрекеттерін жасау қажет.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Миға қан құйылу себептері мен белгілері.

Қан кету нешеге бөлінеді және оның сипаттамасы.

Құсу кезіндегі алғашқы көмек қандай болу керек?

Соғып алу немесе бір жеріңді ұрып алсаң болатын ағзадағы процесс.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер1
  1. Әлия

    алғашқы көмек қалай көрсету керек екенін білдім. Рахмет

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ