Соғып алу

Бір нәрсеге соғылғанда немесе қатты затқа құлағанда, адам денесін ауыртып алады. Адам денесіндегі жұмсақ тіндердің зақымдануын соғып алу деп атайды. Соғып алған жерде теріасты клетчатка мен бұлшық еттерде қан тамырлар, көбінесе капиллярлар жарылады. Бұл кезде тіндерге қан құйылады.

Соғылған жер ісініп, қатты ауырады. Жалпы соғып алғанда арнайы ем жасалынбайды. Олар біраз уақыттан кейін өздері жазылып кетеді. Бірақ, кейде өте қатты соғылғанда, адам ауыр жарақат алып, соның салдарынан ішкі мүшелер зақымданып, олардың жұмысы бұзылуы мүмкін. Басты қатты соғып алғанда, ми шайқалып, адам есінен тануы; белін қатты соғып алса, бүйрекке зақым келіп, несепке қан араласуы мүмкін.

Қатты нәрсеге соғылып зақымданған кезде баланың зақымданған жері қатты ауырып, ісінеді. 2—3 күннен соң көгереді. Сондықтан баланың көп қимылдауына рұқсат етпеу қажет. Зақымданған жеріне мұздай компресс қойып, баланың басын биіктетіңкіреп жатқызған жөн.

Ал тізенің буын қапшығын қатты соғып алсаң, оған қан құйылып, тізенің буыны ауырсынып, адам аяғын қозғалта алмай қалады. Бұл кезде соғып алған жер қабынып, іріңдеп кетеді. Мұндай жағдайда зардап шеккен адамды тыныш жерге жатқызып, ауруханаға жеткізу керек.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Мидың шайқалуы кезінде көрсетілетін алғашқы көмек.

Жарақат алғанда ағзада қандай процестер жүреді.

Буынның шығуы немесе таюы

Сіңір және оның байламы туралы не білесіз?

Пікірлер2
  1. Салтанат

    балаларымызға сақ болуымыз керек олар ештеңеге қарамайды басын соғып алады миына зақым келуі мүмкін

  2. Айнур

    Сіздерге рахмет. Осындай пайдалы да керемет мақалаларыңыз көп болсын

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ