Қанталау

Теріде және клетчатка астында өте көп мөлшерде қан тамырлар мен капиллярлар (қылтамырлар) орналасады. Тінді қатты соғып алғанда немесе оны қатты қысып қалғанда капиллярлар жарылып кетеді.

Мұндай жағдайда, сол капиллярлардың ішіндегі қан ағып шығып, өзінің айналасындағы тіндерге барып сіңеді. Міне, осылайша қанталау немесе дененің бір жерінің көгеруі пайда болады.

Ол көкпеңбек, тығыз дақ болады да, қолыңмен басқанда ауырады. Бір-екі күннен кейін сол қанталаған жердегі гемоглобин әр түрлі химиялық айналу реакциясына түсіп, соның нәтижесінде біртіндеп, қайтадан қан тамырларына сіңе бастайды.

Мұндай кезде қанталаған жер өзінің түсін өзгертеді. Ол әуелі көк түстен жасылға, одан кейін сары түске айналып, ең соңында дақтың орны білінбей жоғалып кетеді.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Ойылу (пролежни) ауруының себеп салдары және оның алдын алу.

Соғып алу немесе бір жеріңді ұрып алсаң болатын ағзадағы процесс.

Сары ауру қалай пайда болады және оның белгілері қандай болады?

Қан туралы жинақталған толық ақпаратты оқыңыз!

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ