Ойылу

Өте ауыр аурудан немесе сүйегі сынғанда науқас адамдар бірнеше апта немесе тіпті айлап, қозғалмай төсек тартып, жатып қалады. Бұл кезде адамның терісінің кейбір жері оның денесінің астында қалып қояды. Міне, осындай салмақ түскен жерлерде тіндердің қан айналуы мен оның қорекпен қамтамасыз етілуі бұзылады. Соның салдарынан жұмсақ тіндерде — тері мен клетчатка асты біртіндеп өз тіршілігін жойып, ыдырай бастайды.

Осылай адам терісінде ойылу немесе дәрігерлердің тілімен айтқанда декубит пайда болады. Ұзақ уақыт дененің тек бір жеріне адамның салмағы түскеннен кейін, әуелі сол жердің терісі қызарады, одан кейін көгеріп, ол жерге ауру тудыратын бактериялар түсіп, іріңдей бастайды. Көбінесе адамның жауырын тұсы, белі немесе құйрығы ойыла бастайды. Адамның денесі ойылғанда, ол ауруын асқындырып, оның дене қызуын көтереді, соның нәтижесінде науқастың жағдайы нашарлайды.

Адам денесінің ойылуы — оның күтімінің нашар болғанын көрсетеді. Төсек тартып жатып қалған науқас адамдарда ойылуды болдырмауға болады. Ол үшін ауру адамның төсек-орнын жиі- жиі ауыстырып, салмақ тек бір жерге түспеу үшін адамды бір жағынан екінші жағына ауыстырып отыру керек. Қан айналымы дұрыс жүру үшін, салмақ түскен жерге үнемі массаж жасаған дұрыс.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Омыртқаның қисаюы қалай пайда болады.

Іштің қатуын қалай емдеуге болады?

Іш сүзегі негізгі айқын белгілері мен онымен күрес жолдары.

Ревматизм дегеніміз қандай ауру оның негізгі белгілері қандай?

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер1
  1. Эльвира

    қысқа да нұсқа жазылған мақала екен

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ