Қалтырау

Айналамыздағы ауа температурасының кенет төмендеуін теріде орналасқан аса сезімтал жүйке түйіндері тез сезеді. Мұндай жағдайда жүйке түйіндері орталық жүйке жүйесіне арнайы сигнал жібереді, ал олардан сигнал бұлшық еттерге жетеді.

Бұлшық еттердің талшықтарының тәртіпсіз жиырылуынан жылу қуаты пайда болады да, ол адам денесін жылытады. Бұлшық ет талшықтары жиырылғанда, әлсіз діріл пайда болады, соны адамның тісі тісіне тимеді деп айтады.

Бірақ ондай діріл айналадағы ауа температурасы қалыпты жағдайда болғанда да пайда болуы мүмкін. Бұл кейбір аурулардың салдарынан дене қызуы жедел көтерілген жағдайда байқалады.

Осы уақытта терідегі жылусезгіш жүйке түйіндері дене қызуының көтерілуіне тез бейімделіп алады. Бұл кезде айналадағы ауа суық болмаса да, қызып алған денеге салқын болып сезіледі.

Осының саларынан адамның денесі тоңазып, қалтырай бастайды. Отырған бөлмесі жылы болса да, адам жылы оранып, үстіне қабаттап киім киеді. Дене қызуы көтерілгенде, адам денесінен өте көп тер бөлініп, ол қызған денені мұздатады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Адамның дене температурасының қызуы неге көтеріледі?

Салқын тию ауру ма? және оның алдын алу үшін не істеу керек?

Үсік шалу кезінде адам ағзасында жүретін процесс.

Бронхит ауруының сипаттамасы.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ