Қызу

Егер адамның дене қызуы көтерілсе, онда бұл адамда бір аурудың басталғанының белгісі деп саналады. Негізінен дене қызуы — жұқпалы ауру кезінде немесе қабыну кезінде көтеріледі. Көп жағдайда дене қызуы баспа (ангина) немесе тұмаумен ауырғанда қатты көтерілетінін бәріміз білеміз.

Адамның қалыпты температурасы — 36,5°С, ал егер бұл көрсеткіш 40°С-ке жетсе, мұны қызу деп атайды. Мұндай кезде науқастың жағдайы төмендеп, әлсіздік басады, қатты терлейді, қалтырап, тамаққа тәбеті болмайды. Мұндай кезде адам неге қалтырайды? Оның себебі, адамның қоршаған ортаның температурасына сезімтал жүйке түйіндері дененің қызуына бейімделіп алады да, оларға қоршаған ортаның температурасы салқын болып сезіледі.

Қызу дене температурасын реттеп отыратын айырықша жүйке орталығының тітіркенуінен болады. Мұндай орталық аралық мида орналасады. Бактериялар бөліп шығаратын улы заттар ағзаның жылу реттейтін орталығына әсер етеді. Егер дененің температурасы 40°С-тан асса, ағзада зат алмасу процесі бұзылады.

Ағзадағы зат алмасу процесі және оны іске асыратын ферменттер дененің температурасы қалыпты жағдайда болғанда ғана дұрыс жұмыс істей алады. Дененің температурасы көтерілген кезде бостан-босқа өте көп қуат бөлінеді де, соның салдарынан адам әлсірейді. Адамның қызуы көтерілгенде, температура түсіретін дәрі-дәрмек ішіп, оны қалыпына келтіруге болады. Бірақ, ең дұрысы — адамның қызуын көтеруге себепкер болған ауруды тауып, емдеу керек.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Ағзадағы тіндер туралы не білесіз?

Қабыну дегеніміз не және оның себеп салдары мен сипаттамасы.

Салқын тию ауру ма? және оның алдын алу үшін не істеу керек?

Ағзада аурулар қалай пайда болады және онымен қалай күресу керек.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер4
  1. Акмарал

    Негізі қызу ағзадағы бөгде микроорганизмдерді өлтіру үшін көтеріледіғой,бірден антибиотиктерге жүгірмей ағзаға мүмкіндік беру керек күресуге

  2. Асель

    Меним 8айлык баламнын ищи катады болип-болип отырады.Теампературасы бар .нестесем болады. Отинем айтыныздарш

  3. Бакыт

    Егер 2 жарым жастагы сабилерде жотел ангина жок болып кур температура берсе не болады неликтен

  4. Камила

    Егер ересек адамның қызуы 42 градус және оның салдары ангинадан болса оны қалай емдеуге болады сонымен қатар ол ұзақ уақытқа созылып кетсе не істеу керек әрине жедел жәрдем де шақырдық олар аналгин демидролды тамырға егіп кетті және ол небәрі 6 сағатқа жарап қайтадан көтеріле бастады енді менің айтпағым дәрілерден басқа қандай ем шара қолдануға кеңес берер едіңіздер?

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ