Тіндер

көптеген клеткалар тіндер

Егер адам ағзасындағы мүшелерді жекелеп микроскоппен қарасақ, олардың клеткаларының және клеткааралық заттарының құрылысында айтарлықтай айырмашылықтың бар екенін көреміз. Біздің көріп тұрғанымыз, сол айырмашылықтарды көрсететін — тіндерді құрайтын негізгі “кірпіштер”. Пішіні мен құрылысы, атқаратын қызметі де бірдей ағзадағы көптеген клеткалар — тін деп аталады.

Адам ағзасындағы әрбір мүше әр түрлі тіндерден құралады. Сондықтан тіндердің бірнеше түрі ажыратылады. Эпителиальды тін тері жабындысын және ішкі мүшелердің шырышты қабығын түзейді. Осы тін арқылы ағза және оны қоршаған сыртқы ортаның арасындағы зат алмасу процесі жүреді. Дәнекер тіні ағзадағы тірек-қимыл процесін іске асырады.

Осы тіндерден адамның сүйек, сіңір байламдары және сіңір құралады. Бұлшық ет тіні бұлшық еттерден құралып, солардың жиырылу-босаңсуынан адам денесі қозғала алады. Жүйке тіні ерекше клеткалар нейрондардан құралады. Бұл тіндер негізінен жүйке сигналдарын беру және тасымалдау жұмыстарын атқарады. Біздің денемізден ағатын қан да тін, тек оны сұйық тін деп атайды.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Сіңір және оның байламы туралы не білесіз?

Адамның дене температурасының қызуы неге көтеріледі?

Дәнекер тіндері дегеніміз не?

Ұйқы безі дегеніміз не және оның қызметі.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер6
  1. Айдана

    Тіндер жайлы көп білмейді екенмін, осы мақаладан оқығаным керемет. Жарайсыздар

  2. Ақманат Мерекеевна

    Сүйек,сіңір байламдарының тіндерден құралатыны мен үшін жаңалық болды

  3. Жұлдыз

    Біздің денесінде ағатын қан да тін,тек оны сұйық тін деп айтады. Өте керемет мағлұмат алдым өзіме.Рахмет.

    1. Акмарал

      Қанда тінге жататынын алғаш білуім.Керемет

  4. Шолпан

    Тіндердің адамның клеткаларының қызметі, орасан.Зат алмасу процесінде тіндер-дәнекер ролін атқарады.

  5. Ажар

    адам ағзасындағы әрбір мүше әр түрлі тіндерден құралады

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ