Қабыну

Сыртқы ортаның ағзаға әсер етуінен пайда болатын әр түрлі қолайсыз жағдайларға, мүшелер мен тіндердің қарсы жауап ретінде көрсететін қорғаныс әрекетін — қабыну деп атайды.

Көп жағдайда қабынуды, клеткалар мен тіндерге өте қауіпті ауру тудыратын микробтар, әр түрлі химиялық заттар тудырады. Кейде қабыну ішкі мүшелерде жұқпалы аурулардың әсерінен, ағзаның өте қауіпті улы заттардың бөлінуінен туындайтын аллергиялық әрекетінен болады.

Қабынудың негізгі белгісі болып, қан тамырларының, әсіресе қылтамырлардың кеңеюінен тіндердің зақымдануы саналады. Бұл кезде қабынған тіндерде қан айналу процесі күшейеді. Мұндай әрекет қаннан зақымданған тінге лейкоциттердің, қорғаныс және қоректік заттардың, сондай-ақ оттектің неғұрлым көбірек енуі үшін қажет.

Қабыну кезінде адамның дене қызуы көтеріледі. Көп жағдайда қабыну кезінде адам қатты ауырсынады және миллиондаған ауру таратушы микробтармен күресуде көптеген тін клеткалары мен лейкоциттер өз тіршілігін жояды.

Қабыну кезінде қан тамырларының зақымдануынан қан сұйығы — плазма клеткааралық қуысқа ағып шығады және қабынған мүшелер мен тіндерде ісік пайда болады.

Қабынған мүше өзінің қызметін толықтай атқара алмайды. Қабынудан жазылып кету — оның пайда болу себебіне, жалпы ағзаның жағдайына, мүшелердің қалыптасуына байланысты болады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Ісіну дегеніміз не оның адам ағзасына себеп салдары қандай.

Ағзада аурулар қалай пайда болады және онымен қалай күресу керек.

Дене температурасы, қуат және оның өлшем бірлігі.

Аурудың қанға жұғуы немесе сепсис (заражение крови).

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ