Иммунитет

18-ші ғасырда дәрігерлер өте қауіпті жұқпалы аурудың індеті кезінде, бір рет ауырған адамның екінші рет ондай ауруды жұқтырмайтынын анықтаған. Мұндай адамдарды дәрігерлер иммунды немесе аурудан құтылған адамдар деп атады.

Сонымен иммунитет — ағзаның жұқпалы аурулар қоздырғышын қабылдамау қасиеті және ауру тудыратын бактериялардың қайталап әсер етуінен сақтап, оларға қарсы тұру қабілеті.

Қазіргі уақытта иммунитеттің мәні жақсы зерттелген. Егер адам жұқпалы аурумен ауырып, ағзаға зиянды микробтар түскенде, оларға қарсы бағытталған табиғаты және қорғаушылық қабілеттілігі өте күшті арнайы зат — антидене түзеді. Міне, осы құбылыс иммунитеттің мәні болып саналады.

Ауру тудыратын микробтар ағзаға екінші қайта енгенде, антиденелер оларға тез шабуыл жасап, оларды жан-жағынан қоршап алады. Бұдан кейін оларды лейкоциттер жойып жібереді.Иммунитеттің бұл түрін — жүре пайда болатын иммунитет деп атайды.

Ол табиғи және жасанды деп екіге бөлінеді. Табиғи жолмен түзілген иммунитет ұзақ мерзімге созылады, кейбір жағдайда өмір бойына сақталады. Ауруды болдырмау үшін алдын ала антидене енгізудің нәтижесінде түзілген иммунитетті жасанды деп атайды.

Егер де ондай иммунитет вакцина егуден кейін болса — белсенді, ал дайын иммунды қан сарысуын құйғанда пайда болса — енжар иммунитет болады. Сондай-ақ, жаңа туған сәбидің қанында жұқпалы аурулардан қорғайтын заттар іштен пайда болады, оны — туа пайда болған иммунитет деп атайды. Оны сәби анасының ағзасынан алады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Аллергия не себептен пайда болады?

Ағзадағы вирус дегеніміз не және оны алғаш кім ашты?

Инфекция дегеніміз не және оның сипаттамасы.

Қабыну дегеніміз не және оның себеп салдары мен сипаттамасы.

Пікірлер5
  1. Жасмина

    Журе пайда болатын иммунитет туралы айтып берсңіз жаксы болар еді.?

  2. Айгерим

    Мен іздеген ең пайдалы ақпарат болды, рахмет

  3. Әлия

    Белсенді иммунитет болғаны жақсы екен вакцинананың

  4. Mentai

    Енді иммунитетті көтеру жайлы жазсаңыз жақсы болар еді

  5. Аяулым

    Иммунитетті жақсарту үшін пайдалы тағамдар жеп,витаминдер ішіп, спортпен айналысу қажет.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ