Инфекция

Адам ағзасына ауру тудыратын микробтардың енуінің салдарынан түрлі жұқпалы аурулардың дамитыны ежелден белгілі. Инфекцияның жаппай таралуын — індет деп атайды. Індет кезінде жүздеген, кейде мыңдаған адам қайтыс болған.

Сондықтан, осындай індетті болдырмау үшін дәрігерлер ғасырлар бойы күресіп келеді. Бертін келе жұқпалы аурулардың қоздырғышын анықтап, оларды жою үшін арнайы вакциналарды тауып, олар адамдарға алдын-ала егілетін болды.

Соның нәтижесінде қазіргі кезде өте қауіпті жұқпалы аурулар: оба, тырысқақ және шешек індетінен бір қаланың, кейде тіпті бір елдің халқының басына төнген қауіптен құтылуға мүмкіндік туды.

Бірақ, күні бүгінге дейін медициналық көмек көрсету қызметі төмен деңгейдегі, әлі де экономикасы дамымаған елдерде, мұндай жұқпалы аурулар мыңдаған адамдардың өміріне қауіп төндіреді.

Инфекция адам ағзасына ластанған ауамен, бұзылған тамақ жеп, лас су ішсе және ауру адам мен жануарға жақындаса, сондай-ақ, жәндіктер шағып алғанда жұғады. Барлық жұқпалы аурулардың жалпы белгісі — ол адамның ауру тарататын микробтарды жұқтыруы болып саналады.

Көп жағдайда жұқпалы аурулар адамның дене қызуының көтерілуімен басталады. Бұл аурулардың бір ерекшелігі ауру жұқтырып алысымен емес, арада белгілі бір уақыт өткен соң барып белгі береді, мұны аурудың инкубациялық (жасырын) кезеңі дейді.

Жұқпалы аурумен ауырып тұрған адамдарда кейін иммунитет қалыптасады. Осы жұқпалы аурулардың қалай өтетінін және дамитынын медицинаның арнайы саласы зерттейді.

Қазірге дейін Жер бетінде алуан түрлі жұқпалы аурулар бар. Дәрігерлер осы аурулармен арнайы вакциналар егу арқылы күресіп жатса да, ауырмау үшін адам өзі де көп нәрсені істей алады. Ол үшін жеке бастың гигиенасын дұрыс сақтап, ағзаны үнемі шынықтырып, дұрыс тамақтанып жүрсе, жұқпалы аурулармен ауырмауға болады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Аурудың қанға жұғуы немесе сепсис (заражение крови).

Күйдіргі (сибирская язва) ауруының қалай анықтауға болады?

Індет дегеніміз не және оның сипаттамасы.

Қызылша ауруы туралы мәліметпен танысыңыз.

Пікірлер1
  1. Айгерим

    Осыдан қалай құтылуға болады? рахмет мақалаңызға

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ