Қанның бұзылуы

Адам ағзасының негізгі қорғаныш механизміне лейкоциттердің әрекеті мен қабынуға қарсы жауабы жатады. Олардың атқаратын негізгі қызметі — адам денесіне ауру тудыратын микроорганизмдерді жібермеу болып табылады.

Мұндай микробтар көп жағдайда баспамен (ангина) ауырғанда бадамшаларда және іріңді жара пайда болғанда теріде көп жиналады. Егер адам ұзақ уақыт ауырып әлсіресе немесе демалыссыз жұмыс жасап қажыса, ағзаның қорғаныс механизмі ауру тарататын микробтармен күресіп, оларды жою мүмкіндігінен айырылады.

Сондықтан мұндай микробтар қанға өтіп, қан арқылы олардың мүшелер мен тіндерге таралуынан, науқас адамның дене қызуы көтеріліп, жағдайы күрт төмендейді.

Соның нәтижесінде ағзада аурудың қанға жұғуы немесе сепсис басталады. Мүшелерде аурудың іріңді ошақтары пайда болып, олар сол мүшенің атқаратын қызметін бұзады. Қазіргі кезде қанға жұғуды күшті әсер ететін дәрілік препараттармен емдеп, науқас адамды сауықтырып алуға болады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Ағзада аурулар қалай пайда болады және онымен қалай күресу керек.

Жүре пайда болатын иммундық тапшылық синдромы (спид).

Безгек ауруының себеп салдары және белгісі.

Өкпенің қабынуы сипаттамасы және негізгі белгілері.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ