Қарлығу

Қарлығу — тыныс алу жүйесінің өте жиі кездесетін ауруларының бірі. Ол көмекей мен дауыс жалғамдарының қабынуынан пайда болады. Көбінесе мұндай қабынулар тамаққа салқын тигенде, жұқпалы аурулармен ауырғанда, өлең айтқанда дауыс аппаратына өте көп күш түскенде және өте көп темекі тартқанда болады.

Ауру біліне бастағанда, көмекейден дыбыстың шығуы қиындап, дыбыстың ырғағы бұзылады, дауыс төмендеп, кейде тіпті мүлдем шықпай қалады. Мұндай жағдайда адам тек сыбырлап қана сөйлейді. Қарлығу әсіресе, істейтін жұмысы көп сөйлеумен немесе өлең айтумен байланысты адамдар үшін өте қауіпті.

Мұндай мамандық иелеріне оқытушылар, дикторлар, әншілер мен актерлар жатады. Қарлығудың пайда болуын тез анықтауға болады. Ауруды болдырмау үшін салқын тигізбей, жылы киініп жүру керек, суық тағамдарды (мысалы, балмұздақ не өте суық шырындар) байқап ішкен жөн. Әрине, дауыс жалғамаларына көп зиян тигізетін — темекі тарту екенін де ұмытпау керек.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Бронхит ауруының сипаттамасы.

Баспа (ангина) ауруының сипаттамасы пайда болу себебі.

Салқын тию ауру ма? және оның алдын алу үшін не істеу керек?

Сөйлеу дегеніміз не?

   
Пікірлер1
  1. Айгерим

    Өте пайдалы ақпараттар көп екен, осы жайында толығырақ болса,,,

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ