Безгек ауруы

Безгек жер шарының тропикалық және субтропикалық аймақтарында өте жиі кездесетін ауру. Безгекпен жылына 250 миллиондай адам ауырып, оның 3 миллионға жуығы осы аурудан өледі. Еуропада безгек ауруы өте сирек кездеседі. Бірақ саяхаттап жүріп, осы ауру көп тараған елге барсаң, ауруды жұқтырып алу қауіпі өте жоғары.

Бұл ауру безгек масасы шаққаннан жұғады. Анофелес туысына жататын бұл масалар, әуелі безгекпен ауыратын адам мен жануарларды шағып, олардың қанына тойып алады. Міне, осы қанның құрамында аурудың қоздырғышы — өте кішкентай безгек плазмодийі болады.

Масаның денесіне енген плазмодий көбейіп, оның сілекей бездеріне өтеді де, маса сау адамды шаққанда, соның қанына өтеді. Адам безгекпен ауырғанда денесі құрысып, тоңады және дене қызуы қатты көтеріліп, науқас адам қалшылдап, дірілдейді. Мұндай ұстамалар безгек плазмодийінің түріне қарай күнде, күн ара, 3—4 күнде қайталана береді.

Ауру адам сандырақтап, денесі сарғаяды, терлеп, әбден қалжырап, ұйықтап тұрғаннан кейін есін жинайды. Бұл аурудан адам жазылып кетеді. Бірақ, безгекпен ауырмау үшін, оны тарататын масаларды жою керек. Ал ең қиыны сол — ондай масалар адам аяғы бармайтын батпақтарда тіршілік етеді.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Тонзиллит ауруының негізгі белгілері себебі мен салдары.

Өкпенің қабынуы сипаттамасы және негізгі белгілері.

Дизентерия ауруының сипаттамасы және себебі.

Аурудың қанға жұғуы немесе сепсис (заражение крови).

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ