Маскүнемдік

Маскүнемдік — спиртті ішімдіктерді салынып ішуден болатын өте ауыр дерт. Ішімдік (алкоголь) — бұл у, ол адам ағзасында көптеген мүшелерді, соның ішінде — орталық жүйке жүйесін зақымдайды. Маскүнемдікке салыну әуелі әуестіктен, бірте-бірте әр нәрсені сылтау етіп, әйтеуір ішуді мақсат етуден, соны үйреншікті әдетке айналдырудан туады. Осылайша ағза спиртті ішімдікке дағдыланады. Мас адам ашуланшақ, кінәмшіл, жан-жағындағы адамдарға тиіскісі келіп тұрады, тым батыл болады. Ішімдік ішпеген кезде бей-жай, көңілсіз күйде болып, сондай жағдайдан құтылу үшін тағы ішкісі

келіп тұрады. Сөйтіп, ішпесе тұралмайтын жағдайға жетеді. Маскүнем адам ақылынан айрылып, оның ойлау қабілеті төмендейді. Ұдайы ішуге салынған адам әйтеуір бір сылтау тауып, ішуге құмартып тұрады. Өзінде болмаса біреуден сұрап ішуге де арланбайды, дос-жаранды өзі сияқты адамдардан іздейді. Мұндай адамның мінез-құлқында өзгерістер пайда болады, ол дөрекі, алдамшы, отбасының, бала-шағасының жайын ойламайтын жағдайға жетеді. Егер жұмыс істеп жүрген адам болса, бірте- бірте еңбекке жарамайды. Үнемі ішімдік ішу ең бірінші бауырды зақымдайды, адам ішуін қоймаса, ол асқынып, бауырдың қауіпті ауруы — цирроз дамиды.

Өте ауыр асқынулар маскүнемдікке шалдыққан адамдардың балаларында байқалады. Мұндай адамдардың балалары әр түрлі ауыр ақаулармен туылады, олардың ой-өрісі, сана-сезімі өте төмен болады. Маскүнемдіктен емдеу өте қиын, оған бірнеше жылдар керек.

Ең негізгісі маскүнем адам осы аурудан арылуға өзі ұмытылмаса, оны емдеу шараларын ойдағыдай жүргізу мүмкін емес. Сондықтан маскүнемдікті емдегенше, одан алдын-ала сақтандырудың маңызы зор.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Цирроз ауруының негізгі белгілері.

Нашақорлық ауруы туралы мәлімет.

Бауыр жайлы толық ақпарат

Миокард инфарктісі белгілері себеп салдары.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер4
  1. Улщан

    Меніңше ең өзекті тақырып! Арақтың кесірінен қаншама отбасы ажырасу үстінде. Оның кесірінен балалардың психологиясына кері әсер етеді, Барлығы ішімдіктен аулақ болса екен.

  2. Маржан

    Қаншалықты зияны емес, ішпегеннің пайдасы туралы айтылу керек

  3. Жами

    пайдалы макалалар осы сайтта десем кателеспейм енбектериниз жемисти болсын

  4. Аяулым

    Бул такырыпка рахмет! Коп маселе осы елдин жартысын уайымдатады! Осындай дурыс макалаларыныз коп болсын! Истеринизге саттилик! Енбектериниз багалансын!

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ