Миокард инфарктісі

Дәрігерлер жүрек бұлшық етін — миокард деп атайды. Жүрек бұлшық етінің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы салдарынан онда өлі еттену (некроз) ошағының пайда болуын — инфаркт деп атайды. Инфаркт көп жағдайда қан тамырларының қабырғаларындағы, соның ішінде жүректі орап жататын вена артерияларындағы өзгерістерден пайда болады. Вена артерияларының тарамдары бірте-бірте тарылып, соның салдарынан жүректің бұлшық етіне (миокард) қан аз барады. Бұл кезде жүрек өзінің ауырғанын білдіреді, жүректің мұндай ауруын стенокардия деп атайды. Осылайша жүректің ауруы көбейіп, дәрі көмектеспейтін жағдайға жетеді.

Мұның ақыры вена артериясы тарамдарының бітелуіне әкеледі. Бұл кезде науқас адамның жүрегі қатты қысып ауырып, шыдай алмайды, оның денесін суық тер басып, боп-боз болып кетеді. Дем алуы қиындап, жүрек өзінің қызметін атқара алмай, оның жұмысының қалыпты ритмі бұзылады. Бұл миокард инфарктісінің алғашқы белгілері болып саналады. Мұндай ауыр жағдай науқас адам үшін өте қауіпті деп есептелінеді. Сондықтан инфаркт- пен ауырған адамға шұғыл дәрігерлік көмек керек, оны дереу жедел жәрдем шақырып ауруханаға жеткізу қажет. Инфаркт көп жағдайда, темекіні көп тартатын және спортпен шұғылданбайтын, үнемі стресс жағдайында жүретін адамдарда кездеседі.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Жүрек-қан тамыр аурулары

Жүрек және оның атқаратын жұмысы жайлы не білесіз?

Мидың шайқалуы кезінде көрсетілетін алғашқы көмек.

Ревматизм дегеніміз қандай ауру оның негізгі белгілері қандай?

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер1
  1. Әлия

    Миокард жүрек бұлшық етінің жыртылуы деп естіп едім.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ