Жүрек

Жүрек мүшесі

Жүрек қан айналу жүйесінің орталық мүшесі деп саналады. Бұл біздің денеміздегі ең көп жұмыс жасайтын, бұлшық етті мүше. Адамдар мен жануарлардың жүрегі өз қызметін құрсақ ішінде жатқан кезде бастайды. Жүректің қызметі тоқтаса, ағзада қан айналу да тоқтайды. Егер жүректің жұмысын дер кезінде қалпына келтірмесе, адам өліп кетуі мүмкін.

Бұлшық еттер жүректің жұмыс жасауы үшін өте көп күш жұмсайды. Мысалы, бұлшық еттердің бір жиырылғанда шығаратын күші — ересек адамды 2 миллиметр биіктікке көтеруге жетеді.

Былай қарағанда, бұл ештеме емес сияқты, бірақ есептеп көрсек, жүректің бір жылда 100 килограмм жүкті 5 километр биіктікке көтеруге кететін күш жұмсайтынын көреміз. Жүректің мөлшері үлкен емес, оның салмағы бүкіл ағза салмағының 1 пайызындай ғана болады.

Оны перделер екіге бөліп тұрады. Оң жағы — негізі (онда жүрекшелер орналасады), сол жақтағы сүйір бөлігі — ұшы (онда қарыншалар болады) деп аталады. Жүректің сыртқы қабын — үлпершек (перикард) деп атайды. Осы үлпершектің ішінде жүрек бос жатады, соның нәтижесінде ол еркін жиырылып, босаңси алады.

Жүректің жұмысы

Жүректің жұмысы негізгі екі кезеңнен тұрады. Біріншісінде — жүрек жиырылып, қан оң жақ қарыншадан өкпе артериясына, ал сол жақ жүрекшеден қолқа арқылы үлкен қан айналу шеңберіне өтіп, ағзаның барлық мүшесін қанмен қамтамасыз етеді. Екінші кезеңінде — жүрек босаңсып, оның қуысы қанға толады. Оң жақ жүрекке қан жоғарғы және төменгі вена қуысы арқылы, ал сол жақ жүрекке оттекке қаныққан қан өкпеден келеді.

Бұл екі кезең бірінен кейін бірі үнемі қайталанып тұрады. Жүректің жұмысы тыныс алу жүйесімен тығыз байланысты, себебі қанның оттекпен қанығып, бүкіл ағзаға таралуы өкпеде жүреді. Жүрек 1 минутта 5 литрдей (бір күнде 10 мың литр) қан айдайды. Жүректегі қан бір бағытта ағуы үшін қарыншалар мен жүрекшелердің арасын, сондай-ақ, оңжақ жүректегі қарынша мен өкпе артериясының арасын және сол жүректегі қолқаның арасын қақпақшалар жауып тұрады.

Бұлар жүректің жиырылу және босаңсу кезінде ағып шыққан қанды кері өткізбейді. Ағзада жүректің жұмысы тоқтамайды. Оның қалыпты жұмыс жасауына көп тамақ ішу, темекі тарту, жүйкенің тозуы, шаршау және бұлшық еттердің әлсізденуі кедергі жасайды.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Жүрек-қан тамыр аурулары

Миокард инфарктісі белгілері себеп салдары.

Артерия жайлы түсінік

Көктамыр (вена) дегеніміз не?

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер8
  1. Айгуль

    Жүрек біздің моторымыз. Жүректі үнемі тексертіп, бақылап тұру қажет. Құнды ақпараттар үшін алғыс.

  2. Әлия

    Күніне 10 000 литр қан айдау деген алапат жұмыс қой !

  3. Жанель

    Әр адам денеміздегі ең басты ағзамыз жүрек жайлы толыққанды мәлімет білу керек! Пайдалы ақпараттар көп екен.

  4. Мақпал

    Жүрекке зақым тисе Адамның тірі қалуы екі талай

  5. Зульфия

    адам ағзасындағы ең басты мүше екен

  6. Асем

    Жүрек жалғыз оған қысым түсіруге болмайды

    1. Акерке

      Жүрек жацлы жақсы айтылыпты

  7. Мергул

    Жүрек адам үшін ең маңызды дене мүшесі болып саналады ғой. Жүректі сақтау керек деп ойлаймын.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ