Жүрек-қан тамыр аурулары

Жүрек-қан тамыр аурулары туралы айтатын болсақ, онда ол аурулар жайлы бір кітап жазуға болады. Жүрек-қан тамыр ауруларын зерттеп, емдеумен медицинаның арнайы бөлімі — кардиология шұғылданады. Бұл аурудың туа пайда болған және жүре пайда болатын түрлері болады. Бірінші түрінде ауру жүректің оң және сол жақ бөліктерінің ортасындағы перденің жетілмеуінен, сондай-ақ қолқаның тарылуынан дамиды.

Жүре пайда болатын түрі жүрек қақпағының ревматизм ауруының салдарынан зақымдануынан және вена қан тамырының тарылуынан болады. Бұл біртіндеп жүрек бұлшық еттерінің инфарктісіне алып келеді. Жүректің қандай ауруы болсын, осы мүшенің қызметінің бұзылуына әсер етеді. Адам ағзасындағы тіршіліктің қайнар көзі — жүректің қалыпты жұмыс жасауы, яғни, жүрек ағзада қанды вена қан тамырынан өкпе арқылы артерияға үздіксіз тасиды.

Жүрек ауырғанда ағзада қанның ағуы төмендеп, ол мүшелер мен тіндерді оттекпен дұрыс қамтамасыз ете алмайды. Бұл кезде адамның терісі боп-боз болып, көгеріп кетеді, науқас адам әрең дем алады, оған болар-болмас қимылдаудың өзі қиынға түседі. Жүректің вена қан тамырлары ауруында жүрек тұсы қатты шаншып ауырады, мұны — стенокардия немесе жүректің демікпелі ұстама ауруы деп атайды.

Жүректің кейбір ауруларында, мысалы жүрек қақпақтарының жұмысы бұзылғанда немесе миокард инфарктісі болғанда жүрекке операция жасайды. Жүрек қан тамыр ауруларын хирургиялық операция арқылы емдеумен медицина ғылымының арнайы саласы — жүрек-қан тамыр хирургиясы шұғылданады.

Жүрек және қан тамыры ауруларына мөлшерден тыс тамақты тойып ішу, көп темекі тарту, аз қозғалу, ұзақ уақыт ой еңбегімен шұғылдану себеп болады. Егер адам жүрегін, қан тамырларын аурудан сақтағысы келсе, онда салауатты өмір сұріп, дұрыс тамақтанып, темекі шегу мен ішімдік ішуден қашық болған жөн.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Миокард инфарктісі белгілері себеп салдары.

Гипертония дегеніміз қандай ауру?

Варикоз ауруының сипаттамасы және себеп салдары.

Ісіну дегеніміз не оның адам ағзасына себеп салдары қандай.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер4
  1. Жами

    жалпы мен ушин ен коркынышты ауру тис пен осы журек бурын коп ауратын ед казир тфай тфай ондай ештене жок

  2. Зауре

    Қазіргі кезде жүрек қан тамырлары аурулары көпшілікті алаңдатып отыр

  3. Беспаева Айнаш

    Бұл ауру туралы жақсы түсінік берілген. Денсаулыққа немқұрайлы қарамауымыз керек.

  4. Алма

    Ия қазір жүрек ауруы көп кездеседі, барынша денсаулығымызды күтейік

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ