Көктамыр (вена)

Көктамыр (вена)

Қолдың сырт жағынан, шынтақтың иілген жерінен және мойынның терісі астынан жіңішке көк түсті тамырлар көрініп тұрады. Бұл — вена қан тамырлары. Вена қан тамырлары дененің барлық мүшелері мен тіндерінен қанды жүрекке апарады. Көмірқышқыл газына бай қанды венозды қан деп атаймыз.

Міне осындай қан жүрекке барп құяды. Бірақ, осы жерде ескере кететін бір ерекшелік бар. Ол өкпеде оттекке қаныққан қан жүрекке өкпе венасы арқылы апарылады. Өте жіңішке вена тамырлары біртіндеп ірілеріне қосылып, екі ірі венозды қан тамырларын құрайды.

Қан бастан және дененің жоғарғы бөлігінен жоғарғы вена қуысына, ал дененің төменгі бөлігі мен ішкі мүшелерден төменгі вена қуысына жиналады.

Мұндай веналармен келген қан жүректің оң жақ құлақшасына құйылады. Вена қан тамырлары арқылы қан баяу жүреді, онда артериямен салыстырғанда қан қысымы да төмен болады. Сондықтан вена қан тамыры жарақаттанса, қан баяу ағады да, ал артерия қан тамыры жарақаттанса, қан үлкен қысыммен атқылайды.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Варикоз ауруының сипаттамасы және себеп салдары.

Артерия жайлы түсінік

Гипертония дегеніміз қандай ауру?

Өкпе және оның артериясы туралы біз не білеміз ?

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ